Ақырзаман туралы Ыбырайымдық діндердің түсінігі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақырзаман жайындағы ислам, христиан және иудей діндерінің ұғым-түсінігі бір-біріне ұқсас. Бұл діндердің Қасиетті кітаптары – Тәурат, Інжіл және Құранда ақырзаман жайында егжей-тегжейлі толымды ақпараттар жоқ, бірақ та, осы діндерді ұстанатын теолог әулиелердің еңбектерінде Ақырзаман жайында біршама ақпараттар айтылады. Бұл діндерді ұстанатын қарапайым халықтың ұғымы да сол ғұлама әулиелердің айтқандарына орай қалыптасқан.

Адам ата мен Хауа ана аталатын ер мен әйелден таралған адамзат баласының тарихы ислам теологтарының пайымынша 7-8 мың жылдан бастау алады. Тіпті, Адам атадан бері ұрпақты тарататын ислам шежіресі де бар. Ғылыми түсініктерге біршама қайшылау келетін осы түсінікке орай, адамзат баласы өздерінің тіршілікте жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін сұралатын, жәй сұралып қоймай жақсы-жаман әрекеттерінің толық бодауын алатын, мерзімін Жаратқан құпиялаған Ақырзаман міндетті түрде болады. Бұл туралы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда нақты ашық аяттар бар.

«Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әлбетте болады (Мүрсәләт сүресі, 7 аят). «Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді (Ғафыр сүресі, 59 аят). Қасиетті Құранның осы аяттарынан көріп тұрғанымыздай, адамдар Ақырзаман атаған Қиямет қайым міндетті түрде болатын құбылыс екен. Өкінішке орай, адамдардың көбі бұған сенбейді. Тіпті, пенделердің көпшілігі күнде көріп, куәсі болып жүретін ажалдың өзіне келетініне де сене қоймайды. Күн сайын бір танысы, туысы, болмаса ауылдасы өліп жатқанын көре жүре, ол адамдар ажал өздеріне ешқашан келместей көреді.

Ислам дініндегі Қиямет қайым, яғни Ақырзаман қалай жүзеге асады? Құранда ол жайында біраз ашық аяттар бар. Соған назар аударып қарайық: «Ал енді қатты дауыс келген сәтте. Сол күні кісі туысынан қашады. Шешесінен, әкесінен. Әйелінен және балаларынан. Ол күні әркімнің ісі ауыр (Ғабәсә сүресі, 33, 34, 35, 36, 37 аяттар).

Құранның осы аяттарынан байқалғандай, қиямет күні ащы дауыс шығады. Бұл күні өлілер тіріледі, барша адамдар бір жерге жиналады. Осы күні туыс-бауырлардың арасы ашылады. Бұрын бір-біріне көмектесіп, тіпті өзін құрбандыққа шалардай болып жүретін туыс-бауырлар, ата-анасы мен балалары қиямет күні қара бастарының қамын жеп, туыстарынан безеді.

Христиандардың қасиетті кітабы Інжілде «тасты шашатын кез, тасты жинайтын кез» туралы айтылған аят бар. Бұның мағынасы: адамдарға Жаратқан тарапынан қасиетті кітап беріліп, пайғамбар жіберіліп, әулие, тақуалар арқылы дін шарттары түсіндіріліп, насиахатталуын тастың шашылуы десе, Қиямет қайым күні адамзаттың жиналып, тірлігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін марапаты мен жазасын алуын тасты жинайтын шақ деп атаған. Бұны студенттердің оқу процесі мен сол оқығандарын таразыға салатын емтихан тапсыру сәтімен салыстыруға болады. Яғни, Ақырзаман деген адамдардың ұзақ жылғы өмірлерінде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне байланысты жауапкершілікті мойындарына алатын, сауабы мен күнәсі таразыланатын шағы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика