Ақпарат және адам

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адам тек ет пен сүйектен құралған материалдық тән емес, оған қоса интеллектуалдық, эмоционалдық және рухани қажеттіліктерге  мұқтаж аса күрделі тіршілік иесі. Тәннің қалыпты жұмыс істеуіне азық-түлік пен cу қандай қажет болса, оның интеллектуалдық, эмоционалдық және рухани қалыпты тірлік кешуіне, дамуына сол өлшемдерге сай азық та сондай қажет болады.

Ақпарат – жан азығы

Қасиетті Құранда «Үстеріңнен жеті қабат жол жараттық» деген аят бар. Веда ілімінде адамның тәні жеті қабаттан тұратыны айтылған. Ең сыртқы көзге көрініп тұрған ет пен сүйектен тұратын тәннен бөлек, көзге көрінбейтін алты қабаттан тұратын нәзік тән де бар. Ол туралы қазіргі ғылым да жыл өткен сайын ашық айтып, жаза бастады. Яғни, бұл нақты өмір шындығына айналып отыр.

Ет пен сүйектен жаратылған тәннің тірлік етуі үшін азық-түлік пен су және ауа қажет. Онсыз тән тіршілік жасай алмайды. Сол сияқты алты қабаттан тұратын нәзік тәндерге де азық қажет. Ол азық  пайдалы ақпараттар,

адамдармен қарым-қатынас, ілім-білім, ән-музыка, кино, театр сияқты мәдени  дүниелер. Адам тәнге қажетті азықты ішіп-жеумен ғана бар өмірін өткізбейді. Адамдармен араласа жүріп, неше түрлі ақпараттар алады, оқиды, саяхатқа шығады, мамандық алып, білімін жетілдіреді, т.б. жасайды.

Солардың бәрі адамның көзге көрінбейтін ішкі нәзік қабаттарына қажетті дүниелер. Ал алты қабат деп жоғарыда айтып кеткен астральдық, ментальдық және басқа да атаулармен айтылып жүрген сол нәзік қабаттардың бәрі де сыртқы тәннің көшірмесі іспетті. Олардың тіршілігі үшін де үнемі азықтандырып отыру қажет болады. Ол азық жоғарыда айтқанымыздай түрлі ақпараттар түрінде болады. Адамның мінез-құлқының, дүниетанымы мен өмірлік ұстанымының қалыптасуына сол алатын рухани азықтарының тікелей әсері бар.

Адам мінезі алатын ақпараттың жемісі

Адамның мінезінің жақсы-жаман болмағы, алатын ақпараттарына тікелей байланысты қалыптасады. Егер адам пайдалы және жағымды жақсы ақпараттар алуға көп көңіл бөлсе, оның бойында жағымды жақсы қасиеттер орнығады. Керісінше, өсек-аяң, ұрлық-зорлық, нәпсіқұмарлық сияқты жағымсыз жаман ақпараттар алуға үйір пенденің бойында жаман қасиеттер  қалыптасады.

Менің жастық шағым кеңес заманында өтті. Ол кезде кеңестер одағы басқа капиталистік мемлекеттерден ақпараттық шымылдықпен  қоршалып, бөлек оқшау өмір сүретін. Кеңестік идеология барлық саладан, оның ішінде ақпарат құралдары мен мәдениет, өнер, кино саласынан да  нық орын алды.

Ол кезде теледидарда бірнеше каналдар ғана болды. Киноны кинотеатрға барып көретінбіз. Ал кинотеатрда қазіргідей зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, дөрекі жыныс жақындығын суреттейтін кинолар атымен болмайтын. Киноалардың бәрі адами жақсы қасиеттерді насихаттайтын байыпты картиналар еді.

Міне, сондай киноларды көріп, кітаптарды оқып өскен біздердің бойымызда адалдық, жомарттық, байыптылық, кішіпейілділік сияқты жақсы қасиеттер болды. Қазіргімен салыстырғанда ол кезде қылмыс көлемі аз еді және бүгінде жаппай белең алып кеткен жас балаларды зорлайтын педофиль, жезөкшелік, нашақорлық сияқты келеңсіздіктер болған жоқ. Ал бір жыныстылармен жақындасууға құмартатын гомосексуалдық, өз жынысын өзгертіп алатын трансгендер дегенді естіген де емеспіз.

Қазіргі қоғамның азып-тозып кетуіне адамдар тұтынатын ақпараттың тікелей әсері болып отырғаны даусыз шындық. Адам қандай ақпарат алса, мінез-құлқы мен көзқарасы соған сай қалыптасады. Күнұзақ интернеттен парнографиялық картиналарды тамашалайтын жандардың бойында азғындық нәпсіқұмарлық қасиет берік орнығады. Соңғы кезде көбейіп кеткен  келеңсіз жайлардың бәрі осының тікелей нәтижесі екені анық.

Жаныңызды қалай тазартуға болады

Қазір біз өмір сүріп отырған қоғамда ерікті-еріксіз болсын үнемі жаман лас ақпараттармен тоқайласып жатамыз. Осындай жағдайда жан дүниеңізді ластанудан қалай сақтауға болады?  Ильф пен Петровтың «Он екі орындық» кітабындағы «суға кеткендерді құтқару, суға кетушілердің өз шаруасы» деген сияқты, бүгінде жан дүниеңізді  лас ақпараттардан қорғау әрбір пенденің жеке өз шаруасына айналды.

Интернеттің қолжетімді болуы мектеп оқушысынан бастап, зейнет жасындағы қарияларға дейін ғаламтордан қалаған ақпаратын алуына мүмкіндік туғызды. Ол ақпараттардың басым көпшілігі адамды теріс жолға салатын лас ақпараттар. Бұның әсіресе, санасы әлі толып қалыптаспаған жастарға кері әсері өте көп.

Соңғы бірнеше айда елімізде біраз естір құлаққа ерсі жаман оқиғалар орын алды. Ол туралы әлеуметтік желілер жарыса жазды. Мәселен, бірінші сыныптың оқушы ер баласын 9-шы сыныптың бірнеше баласы зорлаған. 7-ші сыныптың оқушы ер баласын мұғалім зорлап тастаған. 9-шы сыныптың бірнеше ер баласы әжетханада өз сыныптасына зорлық жасаудың жасанды көрінісін көрсеткен. Оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

Өкінішке орай, осындай жайлар жыл санап көбейген үстіне көбейіп келеді. Ал  ақпарат құралдары гей, лесбиян атап кеткен еркек пен еркектің әйел мен әйелдің жақындасуына құмар пенделер көшеге шеруге шығып, заңды құқықтарымызды беріңідер деп талап қоюда. Бір сөзбен айтқанда, арсыздық жылдан жылға белең алып, барлық жастағы адамдарды қамтуда.

Арсыздықпен бірге  қылмыс, зорлық-зомбылық, өршіп барады. Өзіне қол жұмсайтындардың саны жағынан Қазақстан әлемде ең алдыңғы орындардың біріне шықты. Бұның бәрі жоғарыда айтып кеткеніміздей, лас жаман ақпаратты тұтынудың салдары екендігі күмәнсіз шындық. Осындай жағдайда әрбір адам өзін лас ақпараттардан қалай қорғай алады?

Осы арада мен өзімнің жеке тәжірибем туралы айта кеткім келеді. Қазір мен күн сайын бірер сағат кеңес заманының ескі киноларын қарайтын болдым. Неге десеңіз, сол кездегі кинолардың бәрінің нақты идеясы бар. Ол идея: адамгершілік, ар-намыс, өз міндетіне адалдық, әділдік, шыншылдық, Отанға, елге қызмет етуге деген құлшыныс, үлкенді, жалпы айналасындағы адамдарды сыйлпау, жылы қарым-қатынас жасау, мансапқа, ақшаға құнықпау, зинақорлықтан аулақ болу, отбасы адалдығын сақтау, т.б. игі қасиеттер.

Кеңес заманында түсірілген барлық киноларда жоғарыда айтылғандай жақсы идеялар анық көрініс тапқан. Ондай киноны көрсең, көңіл аспаның ашылып, жан дүниең тазарып қалады. Адамдарға деген сенім мен жанашырлық, құрмет  оянады, әділдіктің, шындықтың барлығына сене бастайсың.

Таяуда «Деревенскии детектив», «И снова Анискин», «Анискин и Фантомас» деген ауылдың учаскелік инспекторы туралы бірнеше сериядан тұратын фильмдерді көрдім. Ауылдың тамылжыған әсем табиғаты, адамдардың қарапайым тірлігі, бір-бірімен жылы қатынасы, адамдыққа, әділдікке, шыншылдыққа деген құлшыныс – осылардың бәрі жан дүниемді тазартып, рахаттана демалып қалғандай болдым.

Бұрын интернеттен шытырман оқиғалы сериалдар мен фильмдерді, фантастика, детектив жанрындағы картиналарды көретін мен сондай фильмдерді көрген соң шаршап, жүйкем жұқара түсетін. Ал кеңес заманының фильмдерін көрген соң жүйкең тынышталып, рахаттанып демалып қалғандай күйге түсесің. Өйткені, тәннің ішіндегі астральды, ментальды нәзік тәндер жағымды жақсы, таза ақпараттармен азықтанып, қуатың көбейгендей өзіңді сергек  сезініп қаласың.

Түйін: Күн сайын интернеттен ескі кеңес заманында түсірілген бір фильмді көріп отыру, оншалықты қиын және күрделі шаруа емес. Оның есесіне жүйкең тынышталып, санаң ашылып, өзіңді жақсы сезініп қаласың. Осыдан кейін ұйқың да тыныш болады. Яғни, ми тынығады. Лас ақпарат миды шаршатып, жүйкеге салмақ түсіреді. Ондай жағдайда адам өзін нашар сезініп, шаршап жүргендей күй кешеді және ұйқысы да нашар болады. Бұл пайдалы ақпаратты сіз пайдаңызға жаратасыз ба, жоқ па, ол өз еркіңіздегі шаруа.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика