Ақша неге құнсызданады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

сараңдықӘлем елдерін мойындатқан АҚШ доллары соңғы жүзжылдықтың көлемінде 150 есеге құнсызданыпты. 1993 жылы тәуелсіз Қазақстан өзінің тұңғыш ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізген кезде 1 теңгенің бағамы 1 АҚШ доларына тең болатын. Міне, содан бері өткен 21 жылдай уақытта теңге бағамы 185 есеге құнсызданыпты. Бұл аз ба, көп пе?!

Ақшаның құнсыздануының себебі — ашкөздік

Ақшаның құнсыздану себебін экономист ғалымдар адамның басын айналдыратын түрлі термин сөздермен тұздықтай отырып, ұза..а..қ түсіндіреді және ол түсініктен сіз бен бізге еш пайданың жоқтығы өз алдына, басыңыз айналып, ештеңе ұға да алмайсыз. Ал енді қарапайым адами тілге салып, бірер ауыз сөзбен ақшаның құнсыздануын былайша түсіндіруге болар еді: бәріне кінәлі адамдардың тойымды білмейтін ашкөздігі.

Иә, ақшаның құнсыздануы адамдардың ашкөздік деп аталатын қасиеттерінің «жемісі». Одан басқа түк те емес.
2005 жылы Көкшетаудан 8500 долларға бір бөлмелі пәтер сатып алдым. Ішнәра жөндеу жүргізіп, сантехникалық құрылғыларын ауыстырғаным болмаса ештеңе жасағаным жоқ. Қазір сол пәтердің бағасы 30 мың доллар. Жыл өткен сайын ескіріп тозып бара жатқан үйдегі пәтердің қарап тұрып үш еседен астам қымбаттауы ақылға сиымсыз нәрсе. Мұны әрине экономист ғалымдар бас ауыртар түсініксіз сөздермен өздерінше түсіндірген болады.

Нарық билеген қоғам.

Нарықтық экономика деп аталатын капиталистік қоғамда бағаны базар нарқы реттейді. Әркім өзі қалаған бағасын қоюға құқылы. Ашкөздік билеген пенделер 10 теңге тұратын заты үшін 100, тіпті 1000 теңге сұраудан ауыздары қисаймайды. Еш себепсіз бағаның уақыт өткен сайын аспандап өсуінің басты, негізгі және бірден-бір себебі де осы – ашкөздік. Осыдан үш-төрт жыл бұрын үй сатып алмақ болып, біраз пәтерлермен саудаласуыма тура келді. Қызығы сол, кейбіреулер орталықтағы жап-жақсы пәтері үшін, мәселен, 30 мың доллар сұраса, енді біреулер қала шетіндегі ескі үйдегі тар пәтерге 50, 60 мың доллар сұрайды. Есуастықтың не түрлі үлгісін көргіңіз келсе, үй саудалап байқаңыз. Ашкөздіктің көкесін бойына сіңірген пенделердің түр-түрін көресіз.

Кеңес заманында бір белгілі ақынымыз «Адамға табын, жер енді» деп асқақ жыр жазды. Адам барша әлемді, табиғатты билейтін нағыз құдай да, құдайдан былай да емес тіршілік иесі дегенге бәріміз құлай сендік. Сол адам атты екі аяқты саналы пенде қазір нарық деп аталатын монстрдың табанының астында жан даусы шығып ойбайлап жатыр. Бес-алты жылда бір қайталанып отыратын ұстамалы ауру сияқты «дағдарыс» деген кесапат адамзатты табанына салып, әбден илейді. Оған қарсы қолданар шарасы жоқ, бейшара пенделер көкала қойдай болып таяқ жегеннен басқаға қауқарсыз.
2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысында есеңгіреген біраз елдер әлі күнге содан естерін жия алмай отыр. Алпауыт АҚШ-тың өзін дағдарыс шаңырағын шайқалтып, біраз әбігерге түсірді.

Дағдарыстан құтылудың жолы қандай?

2008-2009 жылғы әлемдік дағдарыс кезінде әлемнің аузы дуалы ғалымдары жиналып, дағдарысты түбегейлі жеңуге бола ма деген мәселе төңірегінде біраз шуласқан еді. Сол тұста бүкіләлемдік ортақ валюта жасау, бағаны басқару қажеттігі айтылып қалған. Бірақ дағдарыс тегеуріні аздап әлсірей бастауы мұң екен, бәрі баяғы таз қалпына қайта түсті.
Дағдарыстан құтылудың жолы – барша әлемге ортақ валюта жасап, бағаны қолдан реттеу немесе басқару. Бұдан басқа жол жоқ. Экономист ғалымдар терминдермен тұздықтап, мыңдаған сағаттар ғылыми лекцияларын оқысын, одан еш пайда болмайды. Бұл жөнінде Қазақстанның мемлекет басшысы Н.Назарбаев та сол тұста айтқан еді. Ол бүкіләлемдік ортақ валюта құруды, оны алтын деп атауды ұсынған. Өкінішке орай «бас-басына би болған, қиқым» мемлекеттер өз валюталарынан айрылғылары келмей, бұл ұсынысқа құлақ аспады.
Нарық жағдайында дағдарыс деген ұстамалы ауру сияқты әлсін-әлі ұстап отыратын тұрақты және қашып құтылуға еш болмайтын құбылыс.

Қандай жағдайда да инвестор болсаңыз ұтылмайсыз.

Біздің еліміздегі алғашқы теңге девальвациясы 1999 жылы болған еді. Сол тұста 77-80 теңге тұратын доллар бағамы шарықтап 150-200-ге шыққан. Дүрліккен адамдар валюта ауыстыратын мекемелерде ұзын-сонар кезекте тұрды. Ұлттық банк әупіріммен доллар бағамын 130 теңгеге дейін түсірген. Содан кейін 2009 жылы араға он жыл салып тағы да девальвация орын алды. Доллар бағамы бір-ақ күнде 130-дан 150-ге секірді. Араға бес жыл салып тағы да девальвация орын алды. Сөйтіп, 155 теңгеден сатылған доллар  185-ке шарықтап шықты. Ал қазір доллар абғамы коридорын 198 теңгеге дейін кеңейтіп еді, доллар құны 187-нің үсмтіне шықты. Жыл аяғына дейін 198-ге баруы бек мүмкін.
Теңгенің құнсыздануынан қарапайым халықтың зардап шегетіні айтпаса да түсінікті. Әсіресе, доллар бағамымен кредит алған қазақтардың ұтылатыны анық. Ішкі рыногымыздағы көпшілік тұтынатын тауарлардың басым көпшілігі импорттың еншісінде болғандықтан, баға да біраз шарықтайтыны даусыз.
Өз блогымызда инвестор болу, яғни болашағыңыз үшін жұмыс жасаудың қаншалықты игілікті шаруа екендігін айтып, түсіндіруге талпынып жатырмыз. Егер сіз қарапайым депозит ашып, үш түрлі валютамен: теңге, евро және доллармен салым салған болсаңыз, дәл қазіргі күні девальвацияға дөрекі сөзбен айтқанда түкірдім деп, миығыңыздан күліп отырар едіңіз. Өйткені бұндай жағдайда сіз ештеңеден ұтылмайсыз. Құнсызданған теңгенің орнын бағасы бекіген доллар мен евро жабады.
Сондықтан, егер алдағы уақытта да әлсін-әлі қайталанып отыратын дағдарыс қыспағына түсіп, тауқымет тартпаймын десеңіз, инвестор болыңыз. Бұл сізді дағдарыс тауқыметінен құтқарудың ең сенімді жолы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика