АБЫЛАЙ ХАН – ӨМІРБАЯНЫ.

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

  Қазіргі  таңда  Әбілмансұр-Абылай   өмірбаяны  әртүрлі  нұсқамен  айтылып  баяндалады.  Баяндаушылар  өз  болжамымен  құрастырғандықтан,  өмірбаян да  әрқилы.  Осы  келеңдікті  жою  мақсатында  Әбілмансұр  өмірбаянын  сол  өмірбаянды  жоспарлаған, іске  асырған  қазақтың   екі  марқасқасы   Төле  мен  Қазыбек  билердің  өз  аузынан  естігеніміз  келешекке  өмірбаянның  бір  арнаға  түскен  нұсқасы  болмақ:  -« Қарабай  үйіндегі  келін  босанып  ұл  туды. Бұл- қоян  жылы.  (1711ж)  Бала  екі  жасқа  келіп  дәретінен  ажыраған  кезде,  Төкең  Қарабай  мен  келінді  шақырып  алып  оңаша  Ешкіөлместің  бауырына  қондырды.  Сөйтіп,  баланы  алып,  оны  сол  жылы  Сусамырды  жайлаған  Абылай  ханның  ұлы  Уәлиге  табыс  етті.Өзім-ақ асырасам ба екен деген ойдан да ағаң арыла алмай жүрген кезі болды. Өйтсе, оны хан жасауы қиындайды. Бірақ Уәлидің бедеу қатындары баланы жақсы бақпайды. Сөйтіп жүргенде, бала бестен алтыға шығарында, Уәли де, оның төрт қатыны да әлдеқандай

бір кеселден қырылып қалды. Сол жылдары Әулиеата төңірегін мекен еткен Уәлидің үйінен баланы Төле өзі қайтып алады.  Уәлидің өлгенін естіп, баланы алуға келген Қарабайға Төкең баланы бермей қойды. Қарабай да, оның әкесі Сеңкібай да Төкеңде жүрсе, бала қор болмас деді де қойды. Арада Төкең тағы  да  Жетісуғакөшіп,  одан  Әбілмансұр  он  жасқа  келген кезде Асыны қыстап, одан Шымбас жайлап, бес жыл тағы да осы маңда болды. Мұны мен сол жылдары Бұқарға айтып, екеуміз Төкеңмен уәде бойынша соны  (Әбілмансұрды)  алып кетуге барғанбыз. Мына Төкең көзі отыр, — деді Қазыбек аға, — сол кезде-ақ сұрап барғанымызда: «Әлі  бұғанасы  қатқан  жоқ.  Уәли  үйінде  бала  көңілі  пәс  болып, қатыгездікті көп көріп, мінезі шадырлау болыпты. Әлі бір төрт-бес жыл менің қолымда жүре берсін»,-деген.  Міне,  жаңа  саған  айтқан  бұл  сырды  білетін  алтыадамның бірі – Бұқар ағаң. Адас, біздің істегеніміз – қылмыс, биыл Төкең екеуміз отырып, жай-жаспарды әбден Әбілмансұрға түсіндірдік. Ол екі күн ешкіммен сөйлеспей жатып алды. Қарабайға баруына біз тыйым салдық. Іншалла, құдай нәсіп   етсе,  енді сұлтанымызды алдық, біз де уәдеміздің үдесінен шықсақ деп жүрміз. Ал саған айтып отырғанымыз екі ұлдың да әке-шешелерінің жазығы жоқ қой, күнәкар – Төкең екеуміз. Балалардың балалығын болғызбай, туған әке-шешенің бауырын иіскетпей өсірген бәріне біз кінәліміз. Бірақ о дүниеде құдай бізді кешірсін, біз мұны еліміздің келешегі үшін істедік, біле тұрып істедік, әдейі істедік. Бізді бұған құдай өзі итермеледі. Ал, Адас, саған айтатынымыз ерте ме, кеш пе жұрт, Үш жүз шындықты білуі  керек.  Соны  кейінгі  үрім  бұтаққа  жеткізсін деп әдейі айтып отырмыз. Міне, қазір  Жолбарыстың  және  Әбілмансұрдың өткені мен болашағы осындай, Адас. Әкесі Қарабайды осы Шымбасқа Қарамұртқа қойдық. Абылайды оған шақырмадық. Ол осының бәрін туған шешесін естіріткенде, анық білді. Саған айтып отырғанымыз: Әбілмансұр сияқты үміт күтетін бала Қайыпты өлтірген қанішер Абылайдың тұқымы емес екенін елге жеткіздіру еді. Оны біз істедік, білем, ендігі қәрекет сенде» — деп бітірген еді сонда сөзін Қазыбек аға. -Төле аға көп сөз айтпады:  -« Оны өзің көрген Далатау соғысында көзге түскен соң ғана Бөгембай қолына қостық. Ендігі Әбілмансұрдың болашағы Қазыбек ағаңа, оның оны салмақтап, бедел туғызуына байланысты. Алла жазса, ол да еліміздің басын қосуға аянбай кірісер деп ойлаймын. Кім біледі, бір күні бір ұрыста қалмақтың шанышқан бір инесінен жазым болып жүрмесе. Құдай лайым тілегімізге жеткізгей! Егер ол жуық арада хан тағына отырардай болса, онда Ұлы жүз бен Кіші жүздің басынқосып, бір жағадан бас, бір жеңненқол шығарармыз депотырмыз Қазыбек ағаң екеуміз».                                 —  Бүгінгі  таңда  әрқилы  нұсқалармен  баяндалатын  Әбілмансұрдың  дүниеге  келу  шежіресін,  басқадан  емес  сол  шежірені  жасаған  қос  арысымыз  Қазыбек  би  мен  Төле  бидің  өз  аузынан  естіп  отырмыз.Айта  кету  керек  бұл  жерде  қос  арысымыз  Қазыбек  би  мен Төле  бидің  жоспары  бойынша,  Әбілмансұрды  Орта  жүз  биі   Қазыбек,  Орта  жүз  ханы  етіп  сайлауы  керек  болатынды.  Жоғарғы  әрекеттің  барлығы  Әбілмансұрды   хан  тағына сайлауға  құқығы  жоғары,Ұлы  төре  әулетініңтұқымы  етіп  көрсету  еді.  Осы  әрекеттердің  нәтижесі    Әбілмансұрдың — Сұлтан  деген  санаттағы  атаққа  ие  болуы.  Бұл  атақ  хан  сайлауында,  сайлануға  құқық  беретін  бірінші  көрсеткіш  болып  саналатын.  Болашақ  ханның  таңдауының  Әбілмансұрға  түсуі  шешесі  Аршын-сөйлесе  сөзі  бар,айтса пікірі бар-Жиренше  шешеннің  шөбелегі  болатын.      

Қ.Тауасарұлының әңгімесі желісімен айтылған Әбілмансұржайлы  деректерді тыңдайық: «Бойы  биік,  қабағы  қатқыл,  екі  ұрты  суалыңқы,  сақал  мұрты   сирек,  қоңырақай  жүзді,  атжақтылау,  ұзын  бойлы,  жасы  жиырмаға  жақындаған  жігіт»    

« Қайта  Қашқан  қалмақ  қолына  Сеңкібай  сарбаздары  ат  қойғанда,  ең  алдында: «Абылай!  Абылай!»-  деген  айқай  шықты.  Жұрттың  құлағы  үйренген  «Бақтиярдан»  бөлек  шыққан  дауысқа  бәрі  қарады.  Кәдімгі  Сабалақ. Міне,  Әбілмансұрдың  ілік  көзге  түскені  де  осы  Далатаудағы  соғыс  болатын.  Осыдан  кейін  жігіттер  Әбілмансұрды  бірі  қалжың,  бірі  шын  Абылай  атап  жүрді  де,  оның  ерлігі  жиілеген  сайын,  бұл  ат  оған  лайық  болды».

-«Төле  би  де,  Қазыбек  би  де,  Әбілмансұр  да  хат  білетін.  Бірақ  бәрінінің  бір  кемшілігі  жазуға  келгенде  көсіліп  кете  алмайтын.Екі биден гөрі Абылай бұл жағына тәуірлеу болатын. Бірақ кібіртіктеп жазатын. Бірақ, шынын айту керек, екі ағасының алдына көстеңдеп шыға бермегенімен, ғақыл-парасаты, көрегенділігі, жұртпен қарым-қатынасы ешбір елшіге айырбастамастай  болатын. Ол үлкен ғақыл иесі еді. Қолымда күшім бар деп, бұрынғы хан тұқымдарындай ісі дұрыс болмаса да, « айттым  бітті,  кестім  үзілді»  деп  отырмайтын.  Өзінің  кем-кетік жіберген ісін тез жөндеуге бейім тұратын».

   « «Әблмәмбет  қаршыдан  шыға  алмай  қалды.  Ол  ұлы  хан  болдым  деп,  тіпті  ел  ісіне  араласуды  қойды.  Осы  бір  шақта  ел  басқару  ісі  ҮШ  адамның—Үйсін  Төле  бидің,  қаз  дауысты  Қазыбек  бидің,  Әбілмансұрдың  қолында  болды».

-«Сонымен  1752  жылы  зауза  айында  Қайынсауда  Абылай  жиын  шақырды.  Біз  барғанда  жеткен  әңгімелерге  қарағанда,  Әбілмансұр: «Бұл  жиыннан  бір  қазақ  іренжіп  аттанбауы  керек,  маған  керегі – қазақтың  ауызбіршілігі»- деген.  Өз  басым  және  Жетісудан  келген  біз  бұл  тоқтамды  қазақ  халқы   ел  болғалы  отырған  өте  маңызды  да,  қорытты  да  қоғам  деп  ұқтық.  Осы  тұрғыдан  алты-жеті  күнге  созылған  жиынды  Қазақ  шаңырағының  қайта  көтерілуі  деп  аңладық.  Жиын  соңында,  енді  қазақ  елінің  билеушісі  АБЫЛАЙ  болсын  деген  сөз  болды.  Ол  сөз  жүзінде  бұрынғыша  қалғанымен,  енді  екі  кемеңгердің  сілтеуімен  ел  Абылай  аузына  қарайтын  болды».                 Осылайша   Осылайша  1752 жылы   Орта  жүз  ханы  Әбілмәмбеттің  тірі  кезінде- ақ  жиын  шешімімен Хан  қызметін  атқаруды Хан  сайланбаған  Абылай  Сұлтанға  жүктеді.  Менің  пайымдауымша  бұл  қызметті  Абылай  1735  жылдан  бастап  атқара  бастағаны  байқалады.

   -«1757- сиыр  жылы  тамызда  Айдынсу  бойынан  қытайлар  шабуыл  жасады.  Бір  қызығы:  Қытай  ғаскерлерінің  көбісі  жаяу.  Шамасы  олар  атты  көп  қаламаса  керек.  Осы  Талқы  маңындағы  соғыста  Бөгембай  қолы  ерекше  көзге  түсті.  Бергі  жағынан  Қабанбай  мен  Наурызбай  қолы  жеткен  соң,  олар  қытай  ғаскерін  Үрімжіге  дейін  түре  қуды.  Екі  айға  созылған  соғыста  қытайлар  көп  адамынан  айырылды.  Бір  жаман  жері:  олар  өлген  адамын  жинап  көмбейді  екен.  Өлгендері  итке-құсқа  жем  болып  қалады  екен. Жеңіліп  бара  жатқан  қытайлар: «Біз  сендерді  қалмақ  екен  деп  қалдық»- дегенді  айтып  шегіне  берді  де,  оның  ұстіне  қытаймен  соғысу  оңайға  түспейтінін  білген  Абылай  қытай  шаһары  Бежінмен  келіссөз  жүргізіп,  күзге  қарай  қытайлар  жоқ  болды.Келесі  1758  жылы  Абылай  Қытаймен  келіссөз  жүргізіп,  өзара  ұрыспау  жөнінде  нараду  тауып,  баласы  Әбілсұлтанды  оларға  кепілдікке  тапсырды.  Қытайларға  алым-рабат  төленген  жоқ.  Абылай  елді  өзінше  басқарды.  Ол  Ересейге  де,  Қытайға  да  бағынбады.  Сөйтіп,  Қазақ  елінің  дербестігі  сақталды.Әбілмансұр  Үш  жүздің  басы  қосылып  хан  сайланбағындықтан,  онымен  бақталас та,  тайталас  та  жүрген  қазақ  рубасылары,  төрелер  көп  болды.  Бірақ  расын  айтар  болсақ,  ол  кезде  Төле  мен   Қазыбек  билерді  айтпасақ,  Абылайға  тең  келер  қазақ  даласынан  адам  табу  қиын  еді.  Ол  Қазақ  жерін  барлық  басқыншылардан  тазартты:  Алтай,  Тарбағатай  маңындағы  Қалмақтар  басып  алған  жерлерді  қайтарып  алды.  Ол  өте  тапқыр  саясат  жүргізді  деуге  болады.  Соның  арқасында  Қазақ  аузын  айдаһардай  ашқан  батыстағы  да,  шығыстағы  да  жауларымызға  бағынбай  келді».

Міне  әртүрлі  нұсқамен  баяндалатын  «Төле  бидің  түйесін  баққанӘбілмансұрдың жалсыз  өмірбаяны  осындай.  Оның  болашағын  Төле  би  өмірге  келмей  ақ  болжап-жоспарлап  қойған. Екі  марқасқа  бидің  өтінішімен  бұл  оқиғаны  баяндап  берген – бабамыз  Қазыбек  Тауасарұлы. Бабамыздың  Қазақ  еліне  берген  батасы:

«Қазақ  елінің  енді  алдағы  ғұмыры  қалай  кешілер  екен,  қалай  шешілер  екен  дегенде,  ұйқым  шайдай  ашылады.«Үмітсіз  сайтан»  болса,  мен  сол  үмітіммен,  Қазақтың  болашағына  сеніп  о дүниеге  аттанғым  келеді.  Алла  тағала Арыстың  ұрпағына  пейіл-  пікіріне  лайық  ғұмыр  бере  көр;  салуалы  Ордасы,  салауатты адамы  болса  екен,  ел  қамын  жейтін  ерлері  болса  екен;  елім  деп  еңрегенде  етегі  жасқа  толатын,  қазағым  дегенде,  қабырғасы  сөгілетін  ұрпағымды  көбейте  көр!  Қазақ тым  сенгіш,  тым  аңқылдақ,  ақкөкірек,  осысынан  көп  қорлық  көрмегей!»  Әмин!    

    Қазыбек  Тауасарұлы.

Дайындаған:  Тастанбек  Жетбисов.  Байланыс  құрылғымның  реттік  саны 8 700 262 89 12.

Мекен  жайым:Шымкент  қ.  Қ.  Аманжолов  к.  124  үй.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика