Адам қалай жаратылды?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамның жаратылуы туралы ғылыми және діни түсініктің арасында аспан мен жердей үлкен айырмашылық бар. Кеңес заманында атеистік түсінік үстем болып тұрған кезде, тіршілік кездейсоқ өздігінен пайда болып, эволюциялық даму арқылы саналы адам жаратылды деген ұғым санамызға терең сіңген еді. Дегенмен де, соңғы кезде  адамдардың арасында дінге бет бұрғандар қатары көбейіп, адам эволюциялық даму жолымен хайуандардан, оның ішінде маймылдан пайда болды деген ғылыми түсінікті теріске шығарушылар көбейді.

Адамның пайда болуы

Дәстүрлі діндердің бәрінде адамды Құдай жаратты деген ұстаным берік қалыптасқан. Бірақ та, дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарында жаратылыс, оның ішінде адамның жаратылуы туралы деректер мардымсыз аз. Мәселен, Құранда адамды Алла топырақтан жаратты деген бірнеше аяттар ғана бар. Қалай, қайтіп жаратты – ол жағы беймәлім.

 

Жаратылыс туралы толымды  ақпаратты біз веда ілімдерінен таба аламыз. Шримад Бһагаватамда жаратушы  жарымқұдай, мұсылмандар оны періште деп те атайды – Браһманың  материалдық дүниені қалай жаратқаны жайында  өз аузынан егжей-тегжей баяндалады. Браһма барша әлемді жаратушы саналғанымен, шын мәніндегі жаратушы – Ол Алла. Ал Браһма Алланың  періштесі, қазіргі тілмен айтқанда –  қызметші-шенеунігі сияқты. Енді веда іліміндегі жаратылыс түсінігіне тереңірек тоқатала кетейік.

Жаратылыстың бастауында барша әлемде ештеңе болмаған, тек шалқыған шексіз  мұхит қана бар еді. Сол мұхиттың тереңінде Жаратушы өзінің тағында ұйқыда, яғни иога нидра деп аталатын ұйқылы халде жатты. Жаратқанның кіндігінен өсіп шыққан лотос биіктей түсіп, мұхиттан асып, көкке көтерілді.  Сол лотостың ең ұшар басында гүлдестенің ортасында ең алғашқы тіршілік иесі – Браһма пайда болды.

Жаратылыс, міне сол сәттен басталады. Браһма өзінің кім екендігін, қайдан келгенін және қандай миссиясы бар екендігін білмеді. Сол сәт оның санасына Жаратқан бір ауыз сөзді салды, ол – тапа немесе Жаратқан үшін бәрін тәркі қылып, Оған ойын шоғырлау  әрекеті болатын. Браһма сол сәттен бастап медитациямен айналысып, ақыл-ойын Жаратқанға қарай шоғырлады.

Осылайша ол құдайлардың жыл санауымен мың жыл отырды. Құдайлардың жыл санауындағы бір күн жер бетіндегі мың жылға тең екендігін ескерсек, Браһманың медитациямен өте ұзақ уақыт айналысқанын ұғынуға болады. Содан кейін Браһманың әрекетіне риза болған Жаратқан оған өзінің рухани әлемдегі патшалығын көрсетіп, фәни дүниедегі жаратушылық қызметіне кірісуді тапсырады.

Жаратылыс

Фәни дүниеде тіршілікті жарату үшін қажетті құрылымдардың бәрі бұл кезде бар еді. Браһмаға қалғаны сол  құрылымдардың басын құрап, тіршілікті жарату болатын. Браһма ең алдымен қараңғылық, өзін өзі алдау, ажал алдындағы қорқыныш, жалған жеке меншіктік түсінік,  елес армандардың салдарынан болған түңілушілік, өз табиғатын ұмыту сияқты формаларды жаратты.

Бұл не үшін қажет болды? –дегенге келсек, оның бәрі қазіргі біз өмір сүріп жатқан ортадағы инфрақұрылым аталатын жүйе сияқты еді. Мәселен, тұрғынүй кешенін салу үшін ең алдымен, оған инфрақұрылым салу керек болады. Яғни, орталықтанған су жүйесі, жылу жүйесі, электр желісі, жол, канализация құбырлары сияқты нәрселер тартылуы қажет. Міне, содан кейін ғана құрылыс жұмыстарына кірісуге болады. Өйтпеген жағдайда, ертең жаңа тұрғынүй кешенінде тұрғындардың өміріне қолайсыздық әкелетін түрлі проблемалар көбейеді.

Тәңірі Браһма осылайша болашақ тіршілік иелері үшін қажетті инфрақұрылымдарды  дайындап алған соң, тіршілік иелерін жаратуға кірісті. Ол өз тәні мен ақыл-санасынан алғашқы тіршілік иелерін жаратты. Ал жаратылған тіршілік иелері  табиғи өсім жолымен бос жатқан кеңістіктегі планеталарды тіршілікпен толтыра бастады.

Шримад Бһагаватамда айтылғандай, жоқ нәрседен бар пайда болмайды. Тіршілік иелері бұрын да болған, дегенмен олар  иога нидра, яғни ұйқылы халде себеп-салдар мұхитында алтын тағында жатқан Жаратушының тәніне еніп, ұйқыда жатқан еді. Тіршілік иелері ақырзаман аталатын, Браһманың бір күні батқан кезде түгел жойылып, Жаратушының тәніне ұйқылы күйде еніп, миллиондаған жылдар сол ахуалда болады да, Браһма күні туып, тіршілік қайта жаратыла бастаған кезде қайтадан тіршіліктеріне кіріседі.

Бұл есте жоқ ескі заманнан жалғасып келеді және ол ешқашан бітпейді. Осылайша, тіршілік пайда болып, қайта жойылып отырады. Жоғарыда айтылған жайлардың бәрі ертегі емес, бұның бәрі Шримад Бһагаватамда жаратушы періште Браһманың өз аузымен айтылғандықтан, ақиқат шындық. Өйткені, жаратушы ғана қалай жаратқанын жақсы біледі. Ал қазіргі ғылыми болжамдардың бәрі ойдан шығарылған қисынсыз өтіріктен басқа түк емес.

Жаратылыс туралы блогымызда алдағы уақытта жан-жақты толымды мақалалар жарияланатын болады. Сондықтан блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика