Адам әлемнің қожайыны ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

арақАдам деп аталатын екі аяқты тіршілік иелері бүгінде Жер планетасының барлық байлығы мен игілігін пайдаланып, Алла жаратқан ет пен сүйектен жаратылған жан-жануарларды қырып-жойып, өсімдіктерді өртеп, кесіп, ауа мен суды ластап, қоршаған ортаны қоқысқа толтырып ойларына келгенді жасап жатыр. Бұның астарында «біз әлемнің қожайынымыз, сондықтан оның бар игілігін пайдаланып, нәпсіміз қалаған шаруаны жасауға құқылымыз» деген астам ниет жатқаны анық.

Адамның хайуаннан айырмасы қандай?

Егер зер салып қарасаңыз, адамның хайуаннан еш айырмасы жоқтығын бағамдауға болады. Мысалы, адам ішіп-жейді, хайуан да ішіп-жейді. Адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам шағылысып, өмірге ұрпақ әкеледі, хайуан да солай жасай алады, адам баласын сүйеді, хайуан да төлін жақсы көреді, адамның қаны қызыл, хайуандыкі де сондай. Ал, енді осыдан қандай айырма көріп тұрсыз?

Көп адамдардың бұған айтар жалғыз уәжі бар – «адам саналы, түрлі заттарды өз қолымен жасай алады». Жә, солай-ақ болсын, бірақ аң-құстар да түрлі күрделі заттарды жасай алады. Мысалы, ара алты бұрышты бал сақтайтын және жұмыртқа салатын химиялық күрделі заттан ұя жасайды. Ал, қарлығаштың үй қабырғасына жапсырып балшықтан жасайтын ұясы да күрделі. Сарышұнақтардың азық сақтайтын қоймасы, демалатын, тамақ ішетін, ұйықтайтын орындары бар күрделі жер асты індері – бұлардың бәрі ақыл-ойды, сананы қажет ететін нәрсе екендігі даусыз.

Жан-жануарлардың адамдардан тағы бір артықшылығы — олар Алланың бергенін қанағат етіп, Жаратқанның заңына бағынып өмір сүреді. Хайуандар қажетінен артық азық жинамайды, жылдың белгілі бір шақтарында ғана шағылысып, ұрпақ өрбітеді, адам сияқты жасанды түсік жасап, мүшеқап сияқты ұрпақ әкелуге кедергі келтіретін нәрсені пайдаланбайды, бір жыныстыларымен шағылыспайды, бірін-бірі алдамайды.

Адамзат топастанып барады

Өткен ғасырларда өмір кешкен көріпкелдердің көбі ақырзаманның бір белгісі ретінде – адамдардың топастануын айтады. Қазір бұл құбылысты қай-қайсымыз да айналамыздан көріп, күн сайын куәсі болып жүрміз. Иә, адамдар ақырындап топастанып барады. Олардың тарапынан ақылға симайтын есуас әрекеттерді жасау жайлары уақыт өткен сайын көбеюде.

Биыл жазда көшедегі көзіне көрінгенді атып, он адамды өлтірген Күлекбаев дегенді сот өлім жазасына кесті. Өзін ислам дінінің қорғаны ретінде көрсеткісі келгенмен, бұл азаматтың әрекеттерінен ЕСУАСТЫҚТЫ анық көруге болады. Ақыл-есі дұрыс адам мұндай әрекетті жасамайтыны анық.

Ал, алты жастағы қызды зорлап, далаға тастап кеткен қырықтың қырқасындағы отбасылы адамның әрекетін қалай бағалауға болады? Ақымақтық дейміз бе, есуастық, топастық дейміз бе – қалай айтсақ та қисынға қонады.

Менің фейсбук желісінде екі тобым бар. Солардың жұмысын жүргізіп отырамын. Адамдар сол топтарға мақалаларын салып, пікір қалдырып жатады. Сонда байқағаным, адамдар, әсіресе жастар екі сөздің басын құрап, өз ойларын жүйелеп бере алмайды. Бірдеңе айтсаң, оған қатысы жоқ басқа жай туралы былдырықтап, аузына түскенді айтып жатады. Осыған қарап, адамдардың ақылсызданып бара жатқанын анық аңғарасың.

Адамдар неге топастанады?

Бұған жауап ретінде бүгінде әбден ластанып кеткен экологиялық жағдайдан бастап, химяландырылған ішіп-жейтін тамақтарымызды, уланған ауа мен суымызды, одан қалды адамдардың кітап, газет оқымайтындықтарын, білім беру жүйесінің осалдығын, т.т. көптеп тізіп келтіруге болады.

Десе де, ең басты себептерінің бірі ретінде, бұған адамдардың Алла белгілеп берген табиғи дамуға қайшы әрекеттер жасауында деп жауап берген жөн сияқты. Ластанған ортада бізбен қатар өмір кешіп жатқан жан-жануарлар мың жыл бұрын қалай болса, қазір де сол қалпында тірлік кешуде. Ал, адамдар неге азып-тозып, ақылсызданып барады?

Яғни, мұның астарында адамдардың жан-жануарлар сияқты Алла белгілеген табиғи заңдылықтарға қайшы әрекеттер жасап, табиғи бейнесін жоғалтуы жатқаны анық. Енді осы жайға аздап тоқталайық.

Адамның ішіп-жеген тамағы жеті түрлі сатыдан өтіп, шахуатқа, яғни ер адамдардың ұрығына айналады екен. Ол ұрық онан әрі өзгерістерге түсіп бүгінгі ғылым дәлелдегендей иммундық қуатқа немесе индустар айтатын «өмір қуатына» айналады. Бұл қуат адамды ауру-сырқаудан сақтап, өмір жасын ұзартады.

Дегенмен, тамағымыздың өзгерісі мұнымен шектелмейді. Әлгі имундық немесе өмір қуаты мидың нәзік клеткаларын қоректендіріп, жұмысын жақсартады. Бұл оның ең соңғы қызметі екен. Ал, адамдардың басым көпшілігінде ішіп-жеген тамақ арқылы алынған қуат соңғы межеге, яғни мидың нәзік клеткаларын қоректендіру сатысына жетпейді.

Бұған ер адамдардың жасына қарамай шектен тыс нәпсіге берілулері кері әсерін тигізеді екен. 70-80, тіпті онан да көп жасқа келген қариялар немерелерімен жасты қыздармен жыныс жақындығына түсіп, соны өздерінше мақтаныш санап жатады. Мұндай қариялардың қуаты иммундық қуатқа айнылып, миын қректендірудің орнына қыз-келіншектердің жатырына құылып жатады. Оның салдары: мидың нәзік клеткаларының өліп, адамның топастаунына ұшыратады.

Мына нәрсе анық: адам неғұрлым көп жыныс жақындығын жасаса, соғұрлым топастана түседі. Осыған орай, веда өркениетін ұстаған индустар ертеде балаларын брахмачари деп аталатын әйелдерге жақындамайтын білім алу сатысынан өткізген. Дін жолын шындап ұстанғысы келетіндер бірден санняси, яғни дүниені тәркі етушілік сатысына өтіп, өмір бойы отбасы құрмай, бар қуатын дін ілімін игеруге бағыштайтын болған.

Ал, әйелдердің жайы қалай болады?  Веда өркениеті ілімдерінде әйелдің ең басты дхармасы, яғни парызы – күйеуіне қызмет ету деп санайды. Әйелдер Аллаға емес, құдай қосқан жарына қызмет етіп, бар өмірін соған бағыштауы тиіс. Сонда ол өз парызын орындаған болып табылады және екі дүниенің де игілігіне кенеледі. Әйел тәнінің физиологиялық ерекшелігі сондай, олардың ішіп-жеген тағамы сегізінші саты – өмір қуатына айналады да, онан әрі миды қоректендіріп, адамның бойындағы даналық қасиетін дамытуға дейінгі сатыға жетпейді. Бұндай қасиет тек ер адамдарда ғана болады.

Бұл өте күрделі және ауқымды тақырып болғандықтан, блогымызда алдағы уақытта жан-жақты және толымды түрде баяндайтын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика