78 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жақсы болсам – өзімнен, жаман болсам – өзімнен» деген өлең жолдары карманың  адам тағдырына тікелей әсерін тигізетінін жан-жақты ашып көрсетеді. Егер біз карма заңын жан-жақты талдап, зерделейтін болсақ, мына ақиқатқа көзімізді жеткізер едік. Адамның туған кезден өлгенге дейінгі аралықтағы барлық өмір жолы – түгел кармалық әрекеттерінің нәтижесі.

Бұны түсіну үшін тауға шығатын альпинистің әрекетімен салыстырсақ, көзімізді жеткізуімізге болады. Мәселен, тауға шығатын альпинист сырт қарағанда кедір-бұдыры жоқ тік шаншылған биік жартасқа шығу үшін берік арқан, балға және кескіш сияқты құралдардың көмегіне сүйенеді. Ол аяғын тастың бұдырлы жерлеріне тіреп тұрып, жоғарыдан қолы жететін жерден кескішпен ойық жасайды. Сөйтіп ол әлгі өзі жасаған ойықтарға қолымен, аяғымен бекініп, ақырындап жоғары өрлейді. Осындай  тәсілмен альпинист биік шыңдарға шығады. Яғни, ол тік жартастарға өзі салған жолмен көтеріледі.

Сол сияқты, әрбір адам өзінің жасаған түрлі әрекеттері арқылы кармалық нәтижелер туғызады, ал ол болашақ өмір жолын айқындайды. Жоғарыда мысал ретінде келтірген қасиетті Құранның аятын еске түсіріп көрелік: «Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе, ол жамандықты істегендерге істегендерінің ғана сазайы беріледі» (Қасас сүресі, 84 аят). Жаратқан адамзатқа белгілеп берген заң, яғни карма заңы бойынша әрбір пенде өзі жасаған жақсы әрекеттеріне сай игілікке кенелсе, жаман әрекеттеріне байланысты жазаға тартылады.

Карма – бұл адам өмірінің туған кезінен бастап өлгенге дейінгі аралықтағы барша әрекеттерінің нәтижесінде пайда болған тағдыр жолы. Жұртшылық арасында мынадай түсінік бар: сәтсіздік аумағы немесе қара жолақ, яғни қазақы тілмен айтқанда «қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады». Кейде адам өмірінде сәтсіздіктерден көз ашқызбайтын жағдайлар болады. Бір бақытсыздықтан соң екіншісі келіп, пендені қатты есеңгіретіп кетеді. Бұның бәрі – карма заңы бойынша іске асатын жайлар.

Соңғы кездерде ел арасында көбейіп кеткен көріпкел, экстрасенс, емші дегендер «жолыңды ашамын, байлыққа кенелдіремін» деген сияқты уәделерді үйіп-төгіп, адамдардан ақша алып жатады. Ондайлардың сөзіне көп адамдар иланып, сұраған ақшаларын береді. Өйткені, сәтсіздік аумағына тап болып, қиындықтан шаршаған пенделер емші, көріпекелдер арқылы жолын ашып, кармалық әрекеттерінің ауыр салдарынан құтылғылары келеді. Шындығында, кармалық әрекеттің салдарынан құтылу еш мүмкін емес. Карма заңы біздің депутаттар ойлап шығарған шалажансар өлі заңдардай емес, тірі заң және 100 пайыз дәлдікпен жұмыс істейді.

Осыған орай, егер бақытты болып, фәни жалғанның игіліктерін татамын дейтін болсаңыз, онда карма заңын өз мақсатыңызға пайдалануыңызға болады. Қалай дейсіз ғой? Ол былайша жүзеге асады.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, карма заңы дегеніміз «не ексең, соның орасың» деген қағидатпен жұмыс істейтін заң. Осыны негізге алып, ақылы бар зерделі адам болашақта бақытты, тыныш және жайлы өмір сүргісі келсе, онда айналасындағы адамдармен жылы қарым-қатынас жасап, қолынан келгенінше сөзбен де, іспен де адамдарға жақсылық жасауға барынша тырысып жүреді. Ол жасаған жақсылықтары ертеңгі күні міндетті түрде алдынан денсаулық, байлық, сәттілік, өмірдің басқа да игіліктері болып келетінін ол жақсы біледі. Осылайша, зерделі жан өзінің болашақ бақытын өз қолымен бүгіннен бастап қалыптастырады.

Ал керсісінше, зердесіз пенде айналасындағы жұртпен ұрыс-керістен көз ашпай, ұрлық істеп, зина жасап, басқаларға залалын тигізеді де, соның салдарынан карма азңына сай қиындық пен тауқыметке ұшырайды.

Бұдан не түйіндеуге болады? «Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам, өзімнен» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, әр адам өз болашағын, өз тағдырын өзі жасайды екен. Мына фәниде КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ деген атымен жоқ. Ол материалист ғалымдар мен дінсіз атеис пенделердің ойдан шығарған ертегілері. Құранда айтылғандай «Күн мен түннің, қыс пен жаздың кезектесіп алмасып отыруында түсінген адамға үлкен сыр бар». Барша әлем, барша табиғат табиғаттың ҚАТАҢ ЗАҢДАРЫНА бағынып, тірлік етуде. Адам да сол табиғаттың ажырамас бөлшегі ретінде, табиғат заңдарына, соның ішінде адам өміріне тікелей әсерін тигізетін КАРМА ЗАҢЫНА бағынышта өмір сүреді.

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика