Адам бір-ақ рет өмір сүре ме?!.

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Материалистік түсінікті санасына сіңірген атеистер үшін өмір кездейсоқ пайда болған материяның жемісі және адам бір-ақ рет өмір сүреді.  Ислам, христиан және иудей діндерінің өкілдері де өлімнен кейінгі өмірге сенгендерімен, өмір адамға бір-ақ рет беріледі деп санайды. Буддизм мен индуизм дінін ұстанушылардың пайымынша, өмір мен өлім күн мен түн сияқты ұдайы айналып кезектесіп келетін құбылыс. Осылардың қайсысы дұрыс?

Атеистердің ұстанымын неге қабылдауға болмайды?

Атейстердің өмір дегеніміз осы материалистік дүниедегі тірлік қана, өлген соң адам мәңгі өшіп жоғалады деген ұстанымын қабылдау адамдарды ең алдымен, үмітсіздікке ұшыратады. Өйткені, қартаймайтын, өлмейтін пенде жоқ. Ал материалистің түсінігінше өлім деген мәңгі қаратүнек.  Осыған орай, атейстер қартайған сайын өлім қаупін ойлап, бойларын қорқыныш пен үрейге алдырады, ал жас шағында бір-ақ рет берілетін өмірде нәпсісі қалаған нәрсені жасап, дүниені жалпағынан басуға жанталасады. Оларда ар-ұят, жауапкершілік, қанағат деген болмайды. Бұндай түсінік адамдарды қатыгез аңға айналдырмақ.

Ал өмір адамға бір-ақ рет беріледі, өлгеннен кейін адам қиямет сотына тартылып, жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне сай тозаққа немесе жұмаққа барып мәңгі сонда қалады деп түсінетін дәстүрлі дін өкілдерінің ұстанымы да адамдарды жауапкершіліктен, үміттен айырып, Жаратқанның әділдігі мен қайрымдылығына, ең бастысы шексіздігіне күмән келтіруге итермелемек.

Ал енді осыған тереңірек назар аударып көрелік. Біз мына фәниде көп болса 60-70 немесе 80 жыл өмір сүрерміз. Ал осы қысқа ғұмырымызда  қателікпен немесе айналамыздағы адамдардың ықпалымен жасаған теріс әрекеттеріміз үшін ертең МӘҢГІ тозақ отына жанатын болсақ, онда Алланың қайрымдылығы, кешірімшілдігі қайда? Ал егер осы қысқа ғұмырымызда жасаған жаман әрекеттеріміз үшін кейбір молдалар айтқанындай, біраз уақыт тозақта азап шегіп, содан кейін МӘҢГІ жұмаққа енсек, онда Алланың  ӘДІЛДІГІ қайда?  Жұмаққа күнәкар да, сауапты іс жасаған тақуа да кіретін болса, онда ЖҰМАҚТЫҢ қандай қадір-қасиеті қалмақ?

Адамға өмір бір-ақ рет берілсе және Алла мына фәни дүниені бір-ақ рет жаратып, содан кейін мәңгілікке жойса – онда Алланың ШЕКСІЗДІГІ қайда? Шексіз болу үшін Жаратқан дүниені бір рет емес, шексіз мәңгі жаратуы тиіс. Шексіздіктің  өлшемі осындай.

Мұндай түсініктің адамға күмән туғызатын тағы бір жағы бар: мәселен, жас нәресте дүние есігін аша сала өмірден өтсе, оның о дүниедегі жайы қалай болмақ? Ол ештеңе жасап үлгірмеді: не күнә, не сауап. Мұндай періште сәбилер жұмаққа енеді дейді дін өкілдері. Ал дәл сол сәбимен бір күні дүние есігін ашқан, содан кейін мына жалғанда 70-80 жыл ғұмыр кешкен пенде айналадағы қоршаған ортаның ықпалымен (мәселен кеңес үкіметі тұсында адамдардың бәрі атеис болды) түрлі күнә жасап, содан мәңгі тозаққа құласа, бұл әділдік бола ма? Ау, егер ол өзінің замандасы сияқты дүние есігін аша сала бақиға аттанса, онда еш бөгеліссіз ол да МӘҢГІ ЖҰМАҚҚА енер еді ғой.  Ал керісінше, әлгі қаза тапқан сәби 80 жыл өмір сүрсе, оның жұмаққа кіруі екіталай болар еді.

Тағы бір мысал: адам туа бітті жарымес болды делік. Ондай адамның о дүниедегі ахуалы қандай болмақ? Немесе туа бітті  көр соқыр, әйтпесе бүкір болды делік. Бұндай тән алуына не себеп болды? Оның қандай жазығы бар? Осы сияқты толып жатқан күмәнді сауалдарға жауап табу мүмкін болмайды. Осының салдарынан адамдардың санасында Алланың әділдігіне, адамдарды алаламай бәріне бірдей жағдай жасайтындығына деген КҮМӘН туындайытыны анық.

Реинкарнация немесе өлген соң қайта туу

Буддизм және индуизм дінін ұстанушылар үшін өлген соң қайта туу еш күмән туғызбайтын АҚИҚАТ. Буддизмнің бір ғұламасының айтқан: өмір дегеніміз өлімге дайындалу деген сөзі осы дінді ұстанушылардың басты және негізгі ҚАҒИДАСЫ болып саналады. Буддашылар өлген адам «бардо» деп аталатын 49 күнге созылатын қабір өмірін бастан кешеді деп санайды. Буддашыларда «Тибеттің өлілер кітабы»» деген кітап бар. Онда қабір өмірінде кездесетін қиындықтар мен кедергілер туралы айтылады. Өлген адам үшін діндар монах 49 күн бойы сол кітапты оқуы керек. Кедергілерден қиналмай өтсе, марқұм өз қалауымен келесі өмірін қайда, қандай отбасында болатынын өзі шешетін болады.

Ал индуизм дінін ұстанушылар өлген адам тірі кезінде діндар брахманға тіл тигізсе немесе зина жасаса, тағы да басқа сондай ауыр күналар істесе, келесі өмірінде хайуан немесе аңның тәніне ие болады дейді. Адам жасаған күнәсі үшін хайуанға, ағаш немесе басқа өсімдікке, тіпті тасқа да айналуы мүмкін.

Рейнкарнацияның барлығының дәлелі неде?

Адам өз өмірінде үнемі рейнкарнация құбылысын бастан өткеріп жатады. Бірақ бұны мүлдем сезбейді. Мәселен, дүние есігін жаңа ашқан сәби бірнеше жылдан кейін өсіп өз аяғымен жүретін болады. Содан кейін ержетіп, жігіт немесе бойжеткенге айналады. Онан әрі отбасы құрып, бала-шағалы болмақ. Ақырсында қартайып, қайтыс болады. Ал енді кішкентай бала мен жігіттің немесе қартайған шалдың тәнінде өзгеріс бар ма? Бар. Ондай өзгеріс көзге ұрып көрініп тұрады. Бала кезінде, онан жігіт болған шағында, ақырсында қартайған кезіндегі адамның бетбейнесі, тіпті тәні үлкен өзгерістерге ұшырайды. Бұл рейнкарнация емес пе?

Бүгінгі медицина ғылымы адам тәні әрбір 7 жылда толық өзгеріске ұшырайды, оның барлық клеткалары жаңарады деп түсіндіреді. Яғни, адам әрбір 7 жылда бір рет өліп, тірілмек. Бұл рейнкарнация емес пе? Сіз баладан жігітке, одан кексе адамға, ақырсында қарияға қалай айналып жатқаныңызды сезесіз бе? Жоқ. Біржан салдың «Әудемжер» әніндегі сияқты «Кәрілік келіп қалдың қай жағымнан» деп аң-таң қалып жатамыз.

Осылардың бәріне назар аударған адам рейнкарнация дегеннің бар екендігін санасымен түйсінбек. Яғни, адам тәні уақыт өткен сайын өзгеріп, жаңғырып отырады. Бұл процесс өлгенге дейін тоқталмайды. Ал өлгеннен кейін не болмақ? Арғы жағы бізге жұмбақ болып көрінеді. Дегенмен, логикаға сүйнер  болсақ, еш тоқтауды білмейтін және үнемі өзгеріп, жаңғырып отыратын ӨМІР ЗАҢЫ өлгеннен кейін де тоқталмайды.

Өлімді ұйқымен салыстыруға болады. Сіз ұйықтағанда ештеңе сезбейсіз, содан кейін түрлі түстер көресіз. Қорқынышты немесе жағымды түстер болуы мүмкін. Содан кейін таңертең ұйқыңыздан оянасыз. Көрген түстеріңіздің көбін немесе бәрін ұмытып қаласыз. Әрі қарай тіршілік қайта жалғасады.

Сол сияқты өлген адам да ҚАБІР ӨМІРІ деп аталатын өткінші кезеңді бастан өткереді. Одан әрі осы дүниеде жасаған жақсы-жаман әрекеттерінің салдарына сай басқа тәнге ие болады. Осылайша, тіршілік жалғаса береді. Бұл – МӘҢГІЛІК өмір және бұл АЛЛАНЫҢ ШЕКСІЗ екендігінің дәлелі.

Түйін: сіз қай ұстаныммен жүресіз, оны қалау еркі өзіңізде. Атеистік түсінікті қабылдап, өзіңізді бір-ақ рет өмір сүретін, өлген соң мәңгі өшіп жоғалатын ет пен сүйектен жаратылған тәнмін дейсіз бе, әлде дәстүрлі діндердің ұстанымына сай жалғыз өмірде сауапты істер жасап мәңгі жұмаққа енуді қалайсыз ба, болмаса мәңгі ауысып отыратын мәңгілік өмірді қаблдап, алдағы өміріңіздің жақсы болуы үшін жақсы істер істеуге құлшынасыз ба – бұны әркім өз қалауымен шешуі тиіс.

Өмір, өлім жайлы ақиқатты сіз «Ақиқат» блогынан жан-жақты және толымды оқып, ақпарат ала аласыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.   

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика