Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Материалист ғалымдардың пікірінше адам кезедйсоқтықтан пайда болған тіршіліктің эволюциялық дамуының жемісі. Энгельстің «Адамның пайда болуындағы еңбектің рөлі» деген кітабында маймылдардың еңбек, оның ішінде саналы еңбек ету арқылы ақырындап адамға айналғандығы айтылады. Осылайша, материалистердің ұғымынша адам деген ет пен сүйектен жаратылған түрлі химиялық элементтердің қосылысы ғана. Шынында да солай ма?
Алманияда өмір сүрген бір кісі автокөлік апатынан қайтыс болып, оны медициналық сараптама барысында тексерген кезде дәрігерлер өмірі көрмеген таңғажайып жайға тап болады. Елуді еңсерген әлгі кісінің миы жоқ болып шықты. Кәдімгі түрлі иірімдер мен сайлардан, қатпарлардан тұратын мидың орнында қоймалжың сұйық қана бар екен. Миы жоқ адамның қалай өмір сүргендігі, айналасындағы адамдармен араласып, қалай жұмыс істегендігі белгісіз. Кейін анықталғандай ол ақыл-есі түзу және қарапайым басқа да пенделер сияқты отбасы құрып, кәдімгідей тірлік кешкен. Одан ақыл-ойының ауытқушылығы сияқты келеңсіз құбылысты айналасындағылар ешқашан байқамаған.
Матриалист ғалымдардың пікірінше миы жоқ адамның адамша іс-әрекеттер жасамақ түгілі, өмір сүруінің өзі мүмкін емес. Бар ақыл-ой, сана деген сол мида орналасқан және мидың дамуының жемісі. Ал сонда әлгі миы жоқ адам қалай өмір сүрген?
Енді бір кісінің бір жақ басынан кірген арматура екінші жағынан шығады. Дәрігерлер оны суырып алса әлгі кісінің қансырап өлетіндігін біліп, арматураны сол күйінде қалдырған. Тек екі жағын кесіп, жүріп-тұруына кедергі келместей етеді. Миын тесіп өткеніне қарамастан басына арматура кірген адам содан кейін де көптеген жылдар өмір сүрген.
Міне өмірде кездесіп жататын осындай жайлар материалист ғалымдар айтқандай ақыл-ойдың мидың жемісі екендігін теріске шығарады. Керісінше, ми дегеніміз ақыл-ойдың тұрағы сияқты болса керек. Егер ақыл-ойды бағдарламаға теңесек, миды компьютердің процессорымен салыстыруға болатындай. Егер процессорды лақтырып тастап, жаңасын алсаңыз, алдын ала дискіге жазылып алынған бағдарламаны жаңа компьютерге жазып,одан әрі жұмыс істей беруге болады. Бұл арада ең бастысы компьютердің процессоры емес, бағдарлама.
Адамның ақыл-ойы да сол компьютердің бағдарламасы сияқты тәнін тастап шыққан соң да ол сақталып қала бермек. Ал ми деген ақыл-ойдың тұрағы іспетті. Адамның ақыл-санасы миға тәуелді емес. Бүгінгі ғылым ақырындап осы ақиқатты анықтауға таяп келе жатқандай. Мұның айғағы ретінде адам психикасына қатысты әртүрлі бағыттағы зерттеулердің жүргізіліп жатқандығын атап өтуге болады. Ондай зерттеулердің қатарында гипноз, медитация сияқты бұрын материалистік ғылым мүлде назар аудармаған салалар бар.
Бір теолог ғалым адам ақыл-ойының құдыреттілігіне қатысты мынадай мысал келтіреді. Бірде ауылымызға гипноздау арқылы түрлі ғажайыптар көрсететін артист келді дейді ол. Ол кезде мектепте оқыған әлгі кісімен бірге дос балалар да барады. Олардың бір жолдасы гипнозға тез берілгіш болып шығыпты. Содан оны әртіс сахнаға шығарып, неше түрлі ғажайыптар жасатқан. Оның қолына аршылған пияз беріп «мынау алма, кәне, же» дейді әртіс. Таңғаларлығы сол әлгі бала аршылған пиязды зор тәбетпен қаршылдата шайнап жеп қояды. Бұған отырған жұртшылық ішек-сілелері қатып күлкіге қарық болады. Теолог ғалымды таң қалдырғаны досының алма деп пиязды жегені емес, орнына қайтып келіп отырған кезде оның аузынан пияздың емес, алманың иісінің аңқып тұрғаны болыпты. Адам ақылының құдыреттілігі сонша, жеген пиязды алмаға айналдырып жіберген.
Ақыл-ойдың құдыреті жайлы мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бұдан адам ақылының мидың жемісі емес, барша табиғатқа, айнала қоршаған ортаға, адам ағзасына да үлкен әсер ете алатын қуат екендігін бағамдауға болатындай.
Адамның ішінде астральдық, яғни нәзік тән болатындығы жөнінде көп айтылып, жазылып жатады. Тәнінен шығып кеткен адамдардың осы жайында айтқан әңгімелері ойдан шығарылған жай ма, жоқ әлде бүгінгі ғылымға беймәлім адам тәнінің ішінде нәзік материядан тұратын қабаттың болатындығы шындық па?
Бұған жауапты тағы да Бһагавад Гита кітабынан таба аламыз. Онда адамның тәні ғана емес, барша әлем сегіз түрлі материалдық элементтен тұратындығы айтылған. Мұсылмандардың қасиетті сегіз бұрыш белгісі де осыған орай шыққан болуы мүмкін. Өйткені буддашыларда да мандала деп аталатын сегізбұрышты қасиетті белгі бар. Мұны олар әлемнің рәміздік белгісі деп түсіндіреді. Бес құрлықтың бірлігін білдіретін бес жұлдыз сияқты сегізбұрыш та барша әлемнің рәміздік белгісі саналады екен. Ал енді осы сегізбұрыштың мәнін Бһагавад Гитада барша әлемді құрайтын сегіз түрлі элементпен байланыстырады. Атап айтқанда бес түрлі дөрекі элемент: жер, су, от, ауа және аспан (эфир). Оған қоса үш нәзік элемент: ақыл, зерде (разум) және жалған эго бар. Барша әлем, ондағы тіршілік түгел осы сегіз түрлі элементтен құралады екен.
Адамның көзге көрініп тұрған тәні бес түрлі дөрекі элементтен құралған. Ал оның ішінде көзге көрінбейтін нәзік элементтерден, яғни ақыл, зерде және жалған эгодан тұратын астралдық тәні тағы бар. Адам ұйықтап жатқанда түрлі түстер көретіні сол астральдық тәні арқылы кеңістікке шығып кетуінен деп түсіндіреді үнділік теологтар.
Ертеректе Харингтон деген америкалық ғалымның бірі кітабы қолыма түсіп, оқғаным бар. Өз өмірінде тәнінен екі жүз реттен астам рет шығуды бастан кешірген Харрингтон астральдық дене туралы көптеген жайларды ортаға салады. Ол алғаш рет тәнінен 8-9 жастағы бала күнінде шығыпты. Өзінен бірер жас үлкен ағасымен, анасымен бірге басқа қалада тұратын әжесінің үйіне қонаққа барған ол түн ортасында ұйқысынан оянғанда үйдің төбесіне тақалып қалқып тұрғанын көріпті. Содан ол ақырында төмендеп жерге аяғы тигенде салмағынан қос тізесі бүгіліп кетеді. Үйдің іші құлаққа ұрған танадай тып-итыныш екен деп есіне алады ол. Электр жарығының өшіріліп тұрғанына қарамастан бөлме ұйыған сүттей әппақ нұрға бөленіп тұрыпты. Таңғаларлығы сол бала Харрингтон екі төсекте қатар ұйықтап жатқан өзі мен ағасын көреді. Соны көргенде зәресі ұшқан бала басқа бөлмеде демалып жатқан анасына қарай жүгіреді. Ол есікті ашпақ болғанда қолы көктей өтіп, арғы жағына өте шығады. Меңіреу тыныштық пен сүттей ұйыған әппақ жарық үрейін ұшырған бала анасын келіп жұлқылап оятпақ болады. Бірақ қолы анасына денесіне тигенде еш кедергісіз арғы жағына өте шығады. Бойын қорқыныш билеген баланың айғайын ешкім де естімейді. Ақыл-есінен айрылған бала қалай төсегіне келіп, тәніне қосылып кеткенін сезбей қалған.
Міне, осы оқиғадан кейін біраз уақыт өткенде мұндай құбылыс тағы да қайталанады. Кейінірек баланың оған еті өліп үйреніп алғаны сонша келе-келе астральдық тәнді зерттеп, түрлі тәжірибелер жасай бастайды. Харрингтонның айтуынша астральдық дене адам тәнінен бес-алты метр қашықтыққа дейін кіндік тұсынан жуандығы саусақтай әппақ күміс жіппен байланысып тұрады екен. Ал одан сәл алыстасаң-ақ күміс жіптің жуандығы кәдімгі киім тігетін машинкаларыдң жібінің жуандығынадй болып, тәннен қанша қашықтасаңа да сол қалпында сақталады және ол қанадй кедергілерден өтсең де үзілместен, тәнмен байланысты сақтап тұрады.
Астральдық тәні арқылы тамыр-таныстарының үйлеріне барып, олардың не істеп жатқандығын бақылайтын Харрингтон ертеңіне әлгі көрген-білгендерін таныстарына айна қатесіз айтып шыққанда бұны қайдан білетіндігін түсінбеген таныстары таң-тамаша қалып жүреді.
Ресейдің белгілі теолог ғалымы Александр Хакимов та жас кезінде астральдық тәнге ауысқаныдғы жайлы айтады. Менің қолыма ертеректе шыққан ежелгі орыс әліпбиімен жазылған бір кітап түсті деп есіне алады ол. Әлгі кітапта қалай астральдық тәнге ауысуға болатындығы жайлы егжей-тегжейлі жазылыпты. Сол тәсілді басшылыққа алған Александр Хакимов бірақ еш нәтижеге жете алмайды. Сәтсіздігіне қатты күйінген ол сол арада Құдайға құлшылық етіп, астральдық тәнге ауысуға көмектесуді сұрап дұға етеді. Бір кезде ол қалай екендігі белгісіз тәнін тастап, астральдық тәнге ауысып кеткенін сезбей де қалыпты. Бұл тәсілді біраз меңгеріп алған ол түрлі тәжірибелер жасап та көреді. Көкке де ұшады, жер бетін аралайды. «Бұл оқиға менің адам эволюциялық даму арқылы пайда болған химиялық элементтердің қоспасы деген бұрынғы түсінігімді күрт өгертті деп есіне алады ол. Міне, осы оқиғадан бастап Александр Хакимов діни пәлсапамен айналаса бастаған.
Тәнін тастап, оның ішіндегі нәзік дене арқылы денесінен бөлініп шыққан бірнеше адаммен сөйлесіп, олардың бастан кешкен жайларын тыңдаудың сәті түскен еді. Олардың бәрі бос мақтаныш үшін өтірік айтпайтын байсалды адамдар болатын. Соған орай, әлгі кісілердің астральдық тәнге ауысу оқиғаларын шындық деп қабылдауға әбден болатындай.
Осы жайлардың бәрінен түйіндеріміз, адам Дарвин айтқандай эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған химиялық элементтерден тұратын тіршілік иесі емес. Адам тәні бірнеше қабаттардан тұрады және ол тән өлгеннен кейін де өмірін онан әрі жалғастыра береді. Түрлі материалдық кедергілерден көктей өтетін астральдық тәннің мүмкіндігі адамның көзге көрініп тұрған бес табиғи элементтен тұратын дөрекі тәнімен салыстырғанда шексіз сияқты. Мәселен ол ұша алады және телепортация, яғни кеңістікте ақыл-ой күшімен ауысатын қасиеті де бар.
Адам өлгеннен кейін жан (рух) күйінде онан әрі өмір сүретіндігі туралы түсінік барлық діндерде бар. Тіпті, ертеректе тас ғасырында өмір кешкен жартылай жабайы адамдарда да өлімнен кейінгі өмір жайлы ұғымдардың болғандығын олардың өлгендерді жерлеу рәсімдері анық көрсетеді. Сонда жан дегеніміз тәннен бөлініп кететін астральдық дене ме, әлде одан басқа ма?
Мына материалдық әлемнің сегіз түрлі табиғи элементтен тұратындығы Бһагавад Гитада суреттелгендігі жайлы айтып кеттік. Бес дөрекі табиғи элемент сыртқы тәнді, ал үш нәзік элемент астральдық денені құрайды. Астральдық денені құрайтын элементтердің қатарында ақыл, зерде және жалған эго немесе «мен» бар. Яғни, бұл әлі жан емес. Жан материалдық элементтерден бөлек, біздің материалдық сезімдеріміз арқылы көріп, түйсіне алмайтындай трансцендентті, яғни бақи болып саналады.
Бһагавад Гитада сезімнің өлі тәннен, ақылдың сезімнен, зерденің ақылдан, ал жанның зердеден де жоғары екендігі айтылады. Егер байыптап ой жүгіртіп қарасақ, адам әрдайым сезім рахатына батуды ойлайды. Өмірдің ең басты қозғаушы күші де сол сезім рахаты екендігі даусыз шындық. Ал ақыл деген сезім рахатын қай жерден қалай іздеу қажеттігін, оған қайтіп қол жеткізуге болатындығын, оның бізге қаншалықты рахат сыйлайтындығын жан-жақты қарастырып отыратын бағдарлама іспетті. Ақыл кез-келген жерден сезім рахатының нысанын іздейді. Оның басты міндеті де осы. Ал одан жоғарырақ тұрған зерденің (разум) қасиеті іс-әрекетті таразылап, оған баға беру. Зерде бар жерде жады (есте сақтау) және ерік-жігер күші де болады. Ақыл жақсы мен жаманды талғамай әйтеуір сезім рахатын беретін нысандарды іздеп, соған қол жеткізу тәсілдерін қарастырса, зерде ол нысандардың пайдалы-залады жақтарын таразылап, оны анықтау үшін өткен кездегі жайларды есіне алып жатады.
Мәселен, арақ ішуді алып қарайық. Ақыл адамға «арақ ішсең көңілің серпіледі, қуанышты күге бөленесің, батылдығың артып өзіңді сергек, еркін сезінесің, нағыз рахат деген осы» деп ішімдік ішуге азғырады. Ал зерде болса «өткенде арақ ішкеніңде айықтырғышқа түсіп, қанша ақшаңды жоғалттың, ал содан кейнгі ішкеніңде бейтаныс бірелуермен шатысып қалып, көзіңді көгертіп қанша уақыт тауқымет тарттың, ендеше арақтың пайдасынан залалы көп, сондықтан оны ішуді қою керек» деп, өткенді талдау арқылы ақиқатты анықтайды және ерік-жігерді іске қосып арақтан мүлдем бас тартады.
Өкінішке орай ақылдың жетегімен жүріп-тұратын адамдардың зерделерін шел басып, ол енді жақсы мен жаманды айыратын халден қалады. Мұндай адамдар әдетте бір жасаған қателігін қайта-қайта жасап, нәпсінің құлақ кесті құлына айналады. Ондайлар өздерін жан емес, тәнбіз деп санап қате түсінікке, яғни жалған эгоның ықпалына түседі. Жалған эго немесе жалған «мен» адамның сезім мен ақылдың еркіне бағынып, зердесін шел басуынан туындайтын өмір жайлы қате түсінігі. Материалистік тсүініктің негізі де осы жалан эгодан бастау алады.
