Адам санын қысқарту туралы әңгіменің астарында не бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Соңғы жылдарда мемлекеттерден жоғары тұрған әлдебір алпауыт топ жер бетіне түгел әмірін жүргізу мақсатында өз жоспарларын жүзеге асырып жатқандығы, адам санын қысқарту сол жоспардың бір бөлігі екендігі жайында алыпқашты әңгімелер ғаламторды кезіп жүр. Бұл әңгіме қаншалықты шындыққа жанасады, оның астарында не бар? Мақаламызда осы мәселеге толығырақ тоқталмақпыз.

Артық адамдар

Технология қазір ғарыштық жылдамдықпен қарыштап дамып барады. Әсіресе роботтехнологиясы саласы қатты дамуда. Қазіргі күні шөп шабатын роботтардан бастап шаңсорғыштар, даяшы роботтар, жүргізуші роботтар өндіріске кеңінен ене бастады. АҚШ елінде жүк автокөліктерін арнайы роботтехникасының көмегімен жүргізуге қарсы жүк машиналарының шопырларының арасында наразылық шеруі болды. Жұмыссыз қалған олар жаппай шеруге шықты. Қытайда робот таксистер өнрідіріске енгізілуде.

Осыдан біраз жылдар бұрын әр мекемеде кассир деген маман болатын. Оның міндеті ай соңында банкке барып, қызметкерлердің жалақыларын әкеліп, арнайы жасалған тізім бойынша жалақыны қызметкерлерге таратып беру еді.  Қазір сол кассир мамандығы мүлдем жоқ, өйткені әр мекеме жалақыны қызметкердің картасына аударады. Осылайша, кассирдің қызметіне деген сұраныс жоғалып, ол мамандық  та жойылды. Сол сияқты таяу болашақта бухгалтер, полиграфия мамандары, шопырлар мен аудармашыларға деген сұраныс та жоғалмақ.

Осылайша, жасанды инттелект, яғни роботтар адамды барлық саладан ығыстырып, соның салдарынан қажетсіз артық адамдар пайда болуда. Мейрамхананың иесіне ондаған даяшы ұстап, ақша төлегенше, оның орнына жалақы сұрамайтын робот даяшыларды қызметке жегу  өте тиімді. Сөйтіп, барлық салаларда жасанды интелекттің келуімен артық адамға айналған жандар қатары уақыт өткен сайын көбейе түсуде.

Адам санын шектеу мәселесі бар ма?

Ертеректе емі жоқ ауру саналатын туберкулез, соқырішек сияқты ауруларды қазіргі медицина еш қиындықсыз емдеп жазады. Медицинаның дамуының арқасында адамдардың орташа өмір жасы ұзара түсуде. Бұның өзі жер бетіндегі адамдардың санын шектен тыс өсіріп жіберді. Бүгінгі күні жер бетінде 8 миллиардқа жуық адам бар. Ал осы қарқынмен өсетін болса, 2050 жылға қарай адамзат саны 10 миллиардық деңгейге жетеді екен.

Ерте заманда болатын өзара қырқыс соғыстарың, адамдарды жаппай қыратын оба сияқты жұқпалы аурулардың жоғалуы – осының бәрі адам санының жыл санап еселеп өсуіне жағдай туғызуда. Қазіргі күні халық саны миллиардтан асып кеткен Қытай, Үндістан сияқты елдерде адамның көптігінен түрлі қиындықтар туындауда. Ауызсудың тапшылығы, азық-түліктің жетімсіздігін былай қойғанда, тіпті кеңістік жетпейтін жағдай туындауда.  Мәселен Үндістанның ірі қалаларында құмырсқаша құжынаған адамдар күндіз-түні тоқтамай ағылады.

Осыған орай енгізілген тууды шектеу шараларының оң нәтижесі көрінбей отыр. Әсіресе, мұсылман елдері мен Африка елдерінде бала туу көрсеткіші еселеп артуда. Осының бәрі адам санын шектеу мәселесінің күн тәртібінде тұрғанын көрсетеді. Егер бұл мәселе дұрыс шешімін таппаса, онда енді 20-30 жылдан кейін ауызсу мен азық-түлік тапшылығы барша әлемде анық сезіліп, адамзаттың шектен тыс көбеюінен басқа да мәселелер туындауы әбден мүмкін.

Не істеу керек?

Адамзат саны жыл өткен сайын қарыштап өсіп барады, оған керісінше жасанды инттелекттер адамдарды өндірістің барлық саласынан ығыстырып, қажетсіз артық адамдар пайда болып, олардың қатары да жыл санап өсе түсуде. Осындай жағдайда не істеу қажет?

Міне, осы арада жұртшылық арасында жиі айтылып жүрген мемлекеттерден жоғары тұрған әлдебір алпауыт топтың адамзат санын қысқарту жөніндегі жоспары алдымыздан шығады. Барша әлемді әбігерге салған короновирус деп аталатын дерттің шығуы да сол мақсатты орындау жолындағы алғашқы қадам деседі  біреулер.

Жұқпалы дерттің шыққанына бір жарым жыл болды, әлі басылар түрі көрінбейді, қайта керісінше өңін өзгертіп, одан сайын құтырына түскен жайы бар. Егер бұл дерт осылай жалғаса берсе, ғаламторда айтылып жүрген адам санын 1 миллиардқа дейін азайту жөніндегі алпауыттардың жоспарының орындалар шағы жақындай түседі дегенге іштей илана бастайсың.

Короновирус дертінің пайда болуы туралы әлі күнге дейін нақты шешім жоқ, біреулер оны қолдан жасалған биологиялық қару десе, біреулер жарқанаттан таралған дерт дейді. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, оны ешкім дәл басып айта алмайды. Бірақ, бір белгілі жай: ұстай қатып, тістей жабысқан қатерлі дерттің жуық арада жоғала салар түрі көрінбейді және оның тигізер зардабы осымен шектелмейтін сияқты.

«Үміт соңынан өледі» деген сөз бар. Қалай болғанда да, миллиардтаған жылдар бойы жасап келе жатқан жер бетіндегі тіршілік бір сәтте жоғалып кете қоймас, жағдай түзеліп, жұқпалы дерттен құтылар күн де келетін шығар деген үмітпен өмір сүргеннен басқа амал жоқ қазір.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика