Адамдар неге өлімнен қорқады?
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Өлмейтін адам жоқ, дүниеге келген әрбір адам уақыты келгенде міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Бұл 2х2=4 деген сияқты ақиқат. Бірақ та, соған қарамастан, адамдардың көбі қатер төнгенде бастарын құмға тығып жасырынбақ болған түйеқұс сияқты ажал туралы мүлдем ойламай, ол өзіне ешқашан келместей көріп жүреді де, ажалы жеткен сәтте өмірден айрылып қаламын-ау деген қорқыныштан үрейге бой алдырады.
Адамдардың қазіргі салт-дәстүрлері де өлімді соншалықты құбыжық және қорқынышты етіп көсретуге бағытталған. Мысалы, шығыс елдерінде, оның ішінде қазақтарда өлген адамды жақындарының жоқтап жылайтын дәстүрі бар. Әйелдер өлген адамның жақсы қасиеттерін айтып, одан айрылып қалдық-ау деп зарлап, дауыстары қарлыққанша жоқтау айтады. Өлген адамды жерлеу кезінде жақындарының жылап-сықтап, қайғыларын сыртқа шығаруы барлық халықтарда бар. Бұның өзі өлімді адамға қайғы-қасырет әкелетін жаман құбылыс ретінде танытып, оған деген жеккөрініш пен қатыгез ажал алдындағы қорқынышқа итермелейді.
Осылайша, адамдардың өлімнен қорқуының ең басты және негізгі себебі: оның нендей құбылыс екендігін білмеуден, түсінбеуден, яғни надандықтан туғандығын бағамдау қиын емес. Бһагавад Гита кітабында Тәңірі Кришнаның айтқан мына сөздеріне назар аударып көрелік: «Тәнге еніп, дүниеге келген жан сәби тәнін бозбала тәніне, бозбала тәнін қария тәніне ауыстырады, ал дүние салғаннан кейін қайтадан басқа тәнге көшеді. Шынайы «мен»-ін танитын салауатты жан ондай өзгерістерге бола еш абыржымайды».
Осыдан байқап отырғандай, өлім деген – бұл ескі киімді шешіп тастап, жаңа киім киген сияқты құбылыс екен. Сонда ескі көйлекті жаңасына ауыстыру соншалықты қорқынышты немесе қасырет әкелетін жаман құбылыс па? Жоқ, керісінше ескіріп, тозған, яғни әбден қартайып, бойындағы күш-қуатынан айрылған, түрлі дерттер меңдеген тәнін тастап, жаңа жас тәнге ауыстыру – бұл тіршілік иесіне қуаныш әкелетін жағымды құбылыс емес пе?!
Білім – бұл жарық нұр сияқты, ал білімсіздік – қараңғы түнек іспетті. Қараңғыда қалған адамның әлденеге сүрініп жығылып қаламын ба, болмаса бірдеңеге басымды соғып аламын ба деп қорқатыны табиғи құбылыс. Сол сияқты өлім туралы білімі жоқ надан адамның ажалдан қорқатыны да түсінікті жай.
Осы арада мына нәрсеге назар аудара кеткен артық болмас: егер сіз жоғарыда айтқанымыздай, өлімге қатысты нақты көзқарасыңыз бен ұстанымыңызды айқындап, сол ұстанымыңызға сай жүрегіңізде сенім орнықтыратын болсаңыз, ажал оншалықты қорқынышты көрінбейтіні даусыз. Бірақ та, тағы да назар аударатын жай: егер сіз өлімге қатысты дұрыс жолды таңдасаңыз және сол дұрыс шынайы ілімді жүрегіңізге сіңірсеңіз ғана ажалдан қорқуды жеңе аласыз. Сондықтан, ерте ме, кеш пе түбі бір келетін және ешбір пенде қашып құтыла алмайтын, сондай-ақ, адамның өмір бойы жиған-тергенін, бар игілігін бір-ақ сәтте жоқ ететін ең қатерлі дұшпан – өлім алдындағы қорқынышты жеңу үшін де ең алдымен білім қажет екенін есіңізде мықтап ұстағаныңыз жөн.
Бһагавад Гита кітабында Тәңірі Кришна Өзіне құлшылық ететін адал қызметшілеріне ажал алдында көңілдеріне үміт пен қуаныш салып, Құтқарушы түрінде келсе, құдайсыз, дінсіз күнакар пендеге қорқынышты ажал періштесі кейпінде келетінін айтады. Ғылымда интуиция деп аталатын ғылыми негізде толық анықтала қоймаған құбылыс бар. Интуиция адамда ғана емес, барша тіршілік иелерінде бар. Жан-жануарлардың ақылға сыйымсыз түрлі әрекеттер жасауы – сол интуицияның көмегімен жүзеге асады. Мәселен, үй жануарлары мен жабайы аңдар табиғат апатын алдын ала сезіп, қорғану тәсілін жасайды.
Осыдан біраз жылдар бұрын Индонезияда алып толқын жағалауды шайып кетіп, мыңдаған адам мерт болды. Қызығы сол, бұл табиғат апатынан бір де бір үй жануары, не жабайы аң зардап шекпепті. Апат болар қарсаңда барлық иттер мен мысықтар, жабайы аңдар түгел теңіз жағасындағы тауға шығып кетеді. Тек адамдар ғана еш қаперсіз теңіз суына шомылып жатқанда күтпеген жерден келген алып толқын жағлаудағы адамдарды да, үйлерді де түгел шайып кеткен.
Міне, сол интуиция деп аталатын құбылыстың астарында Жаратқанның толық таралымы болып саналатын әрбір тіршілік иесінің жүрегінде болатын Параматма жатқаны қасиетті кітаптарда айтылады. Интуиция жануарларда жақсы жетілген, адамдарда да бар, бірақ табиғаттан алшақтап кеткен пенделер Жаратқанның толық таралымы – Параматмамен байланысты үзіп алған. Десе де, ол байланыс мүлдем жоғалып кетпейді. Уақыты келгенде Жаратқан көкейге салу түрінде пендесіне хабар береді.
Құдайсыз, дінсіз адамдардың, сондай-ақ тірлігін босқа өткізіп, көп күнәлі істер жасаған пенделердің өлер сәтте ажалдан қатты қорқып, өмірге ұстай қатып айрылғысы келмеулерінің астарында Параматма түріндегі Жаратқанның ажал болып адамның үрейін ұшыра келетіні жатқаны анық. Ішкі түйсікпен пенде өзін өлімнен кейін аса қорқынышты жаман нәрселердің күтіп тұрғанын анық сезінеді. Сол қорқыныш оны қайтсе де өлімге бой алдырмай, тым болмаса бірер минут болса да өмірін ұзартуға жанталастырады. Бірақ, ажал жеткенде оны кешіктіре алмайтыны, өлімнен қашып құтылудың мүмкін еместігін мойнына ажал құрығы түскен сәтте пенде мойындамса да, бәрібір мойынсұнуына тура келмек.
Өмірлерін күнәлі істермен босқа өткізген адамдардың ажалы өте ауыр болатыны оны көріп, куәсі болған жандардың әңгімелерінен, ақпарат құралдарынан біршама белгілі. Бір танысым құдаймен, дінмен ісі болмай өмірін босқа өткізген егде адамның ажалды сәті туралы мынадай әңгіме айтты. Төсек тартып ұзақ уақыт жатқан әлгі кісі өле алмай қатты қиналады. Кейін қайтыс болған соң мүрдесін шығарған кезде еденде матраста жатқан оның саусақтарының паркет еденді тырнап, із қалдырғанын көреді. Лакталған паркет әдетте өте қатты болады, оған саусақ тырнақтарымен із қалдыру мүмкін де емес. Бұндай ізді қатты қиналған жанның жандәрмен жасаған қимылы ғана қалдыруы мүмкін. Яғни, бұдан әлгі кісінің жантәсілім етерде аса қатты қиналып, қол саусақтарының паркет еденді тесіп жібергенін түйсінуге болады.
Лев Толстойдың «Үш қаза» әңгімесінің кейіпкері – өмірін шалқып өткізген байдың еркетотай әйелінің ажал сәтіндегі жан қиналысы мен бар өмірі ат айдаумен жалшылықта өткен кедейдің ың-шыңсыз трактирдің бір бұрышында сөнген шырақтай еш пендеге залалын тигізбей тыныш жатып өлуінің арасында үлкен айырма бар. Бұдан түйер ой: иманды адамның ажалы да жеңіл болады, ал имансыз, күнәкәр пенде өле алмай қиналып, қатты азап тартады.