Адамдар неге ақылсызданып барады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

011993 жылы он бес жасында қайтыс болған Вячеслав Крещенников деген бозбаланың анасы бүгінде ұлының болашақ жайлы айтқан көріпкелдік болжамдары жайында әлемге жар салып айтып жүр. Көріпкел баланың сөзіне сенсек, ақырзаманның алғашқы негізгі белгісі – адамдардың ақылсыздануы немесе жалпақ тілмен айтқанда топастана бастауы болмақ. Шындығында солай ма?..

Ақылынан айрылған шерменделер

Биылғы жылдың басында орын алған естір құлаққа ерсі бірнеше оқиға жұртшылық арасында үлкен паікір туғызды. Жасы жиырмадан асқан қазақ қызы әлдекімнен бойына біткен (некесіз байланыстан) баласын әжетханада туып, дүние есігін жаңа ашқан сәбиін әжетхана тесігінен нәжіске тастап тайып тұрған. Абырой болғанда, сәби тірі қалды және осындай сұмдықты жасаған қыз көп ұзамай құқық қорғаушылардың құрығына түсті.

Екінші оқиға алғашқысынан да сұмдық. 15 жасынан жыныс жақындығына түскен мектептің оныншы сыныбында оқитын қыз таксидің ішінде келе жатып босанады. Оның қасында болған өгей шешесі дүниеге жаңа келген сәбиді машина терезесінен сыртқа лақтырып кетеді. Бұл жолы сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.

Өкінішке орай, бүгінде төбе шашыңды тік тұрғызатын небір сұмдық жайларды ести-ести құлағымыздың еті өліп кеткен сыңайлы. Адамдар қатыгезденіп қана емес, топастанып бара жатқан сияқты. Мәселен, баласын әжетханаға тастап кеткен қызды алайықшы. Енді ол осы әрекеті үшін сотталмақ. Егер басында жалпақ тілмен айтқанда шайнам миы болса, дүниеге келген сәбиін аман-сау балалар үйіне апарып тапсырар еді ғой.

Оны асырау қиын болса, осылай жасау ең оңтайлы жол емес пе. Сонда құда да тыныш, құдағыи да тоқ дегендей еш мәселе туындамас еді. Енді ол осы ақылсыз әрекетінің салдарынан барша әлемге масқара болды және сотталып, пәлен жылын түрмеде өткізбек.

Ал екінші оқиғаның салдары онан да ауыр болды. Нәпсісіне ие болмай он бесінде еркекпен қыдырған қыздың кесірінен 13 адам зардап шекті. Сол қыздың сынып жетекшісі мен мектеп директорынан бастап, сәбиді машинадан лақтырған өгей анасы, машина рудінде отырған таксист – бәрі жұмысынан қуылады немесе сотталады. Жә, он бес жастағы қыздың әрекетін ақыл тоқтатпаған, жастық дейік, ал қырықтың қырқасына шыққан әйелдің жаңа туған сәбиді терезеден лақтыруын қандай ақылға сиғызуға болады?

Ақыл-естен айрылудың себебі неде?

Тағы да жоғарыда аталған көріпкел бала Вячеслав Крещенниковтың айтқанына назар аударып көрелік. Ақырзаман қарсаңында Ібілістің бүлдіргі әрекеттері барынша күшей түспек. Түрлі химияландарылған тағамдар көбейіп, соны тұтынған адамдар ақыл-естен айрылып, топастана бастамақ.

Таяуда бір таныс жігіт адамдардың ақыл-естен айрылып, есуас әрекеттер жасауына химяландырған тағамдар әсер етеді дегенді айтып қалды. Бұл сөз алдында ғана ютубтан көрген көріпкел баланың анасы айтқан жайды еріксіз есіме салғандай болды. Иә, бүгінде бәріміздің ішіп-жеп жатқан тағамдарымыз түгел химяландырылған табиғи емес тағамдар.

Ондай тамақтың адам ағзасына қаншалықты әсері болып жатқаны бізге беймәлім. Дегенмен, жыл санап түрлі аурулар қатарының көбейіп, адамдардың әлжуазданып, оны айтасыз топстанып бара жатуы жеп жатқан жасанды тағамдардың залалы ма деген күмәнді ойға итермелейді.

Белең алып бара жатқан ақылсыздық

Көріпкел баланың айтқан ақырзаман жақындаған сайын адамдар ақылынан айрылады немесе топастанады деген сөзінің растығын бүгін қай-қайсымыз да көріп, куәсі болып жүрміз. Оған көз жеткізу үшін мысал деген жыртылып айрылады.

Бүгінде екінің бірі интернетті пайдаланады. Ал енді әлеуметтік желілерге кіріп, адамдардың жазып жатқан пікірлерін оқып көріңізші, топастанудың қаншалықты деңгейге жеткенін бір қарғанда-ақ аңғарасыз. Сондай пікірлердің арасында не жоқ дейсіз. Екі ауыз сөздің басын құрап, жүйелі ой айта алмайтын шерменделер әлдене деп ойларына келгенін айтып шатпақтайды. Олардың контент деп аталатын жазбаларында әріп қателерін былай қойғанда жүйелі ой да жоқ. Жынды адамның шатпақтары сияқты. Ал, анайы сөз айтып, боқтық араластыра сөйлетіндердің қатары да көбейіп кеткендей.

Біздің бала кезімізде, 1960-70 жылдарда алпыстан асқан ауыл адамдарының көбі сақал қойып, әп-сәтте қарияға айналып шыға келетін. Атейстік түсінік белең алған кеңес заманының өзінде сол ақсақалдар намаз оқып, ораза ұстады. Сөйлегенде сақалдарын тарақтап қойып, өте дәмді, мәнді әңгімелер айтатын.

Ал қазіргі сақал-мұртын жылмитып алып тастаған, шіләпі киген «шалдар» екі сөзді құрап айта алмайды. Орысша-қазақша боқтық сөздермен бірдеңелерді былдырықтайды. Сөзі сондай болған соң істері де оңып тұрған жоқ. 70-80-ге келген қариялар зейнетақыларын беріп, жезөкше қыздарға барады. Ютубте бір жезөкше келіншектің сұхбатын көрдім. Әлгі қазақ келіншегі 15 жастан 80-ге дейінгі жастағы адамдарға қызмет көрсетінін айтты. Сөйтіп, бізде қазір жастарға сөзімен, ісімен өнеге көрсетер, ақыл айтар данагөй қариялар азайып барады.

Адамзаттың ақылсыздануының айқын белгісі – осы болар.
Өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізетін есуас әрекеттер жасайтын пенделердің қатары көбейіп кетті. Осыдан бірер ай бұрын 15 жастағы бозбала көрші үйге ұрлыққа түсіп, оны көріп қалған бес жастағы баланы он бір жерден пышақтап өлтірген. Осы оқиғадан кейін әлгі түрік отбасын ауылдың қазақтары жиналып, қуып шықты. Мұның ақыры, тіпті ұлтаралық үлкен жанжалға айнала жаздады. Он бестегі есуас баланың ЕСУАС әрекетінің салдары осындай болды.
Өкінішке орай осындай ЕСУАС әрекет жасайтын ЕСУАСТАР қатары жыл санап көбейіп барады.

Топастанудың салдары неге ұшыратпақ?

Көріпкел бала – Вячеслав Крещенниковтың айтуынша, күндердің күнінде жасанды химялық тағамдар жеп, ақыл-естен айрылған, топастанған және нәпсінің құлақ кесті құлына айналып, арсыздықтар жасауды әдетке айналдырған пенделер бір күні айнадан маңдайларында көк түсті таңбаның бадырайып шығып тұрғанын көреді дейді. Ол сайтанның таңбасы: 666 деген цифр. Бұл туралы Інжілде ашық жазылған.

Алғашында мұны көріп шошынған пенде далаға шықпай бірнеше күн бойы үйінде жасырынады. Содан кейін маңдайын жауып алып, көшеге шығады. Бірақ көшеде өзі сияқты маңдайларын жасырған, кейбіреулері ашып тастаған адамдарды көргенде көңілдері орындарына түсіп, жасырынуды қоймақ. Енді ондайлар көшеде маңдайларына басылған Ібілістің таңбасын мақтанышпен көрсетіп, еркін жүретін болады.

Онан әрі әлгіндей сайтан таңбалаған шерменделер маңдайларында таңбасы жоқ тақуа адамдарды алғашында қырғиқабақтанып қараса, кейін келе ашық жау көре бастамақ. Оның ақыры сайтан таңбалағандардың иманды жандарды ашықтан-ашық қуғын-сүргінге ұшыратып, өз жақтарына тартуға күш салуына ұшыратпақ. Міне, бұл иманды адамдар үшін аса ауыр кезең болады дейді.

Ресейлік көріпкел баланың айтқандары қаншалықты шындық екені белгісіз, дегенмен, ол айтқандай адамдар арасындағы ақылсыздану, жалпақ тілмен айтқанда топастану процесі қазір жедел қарқынмен жүріп жатыр. Сенбесеңіз, интернетке байыппен қарап көріңіз. Не айтып, не қойғанын басқа түгілі өзі де білмейтін Сайлаубек дегеннің сандырақтарын миллиондар көріп, ауыздарының суы құрып тамашалайды.

Адамдар ақылмен қабылдайтын театр, операға емес, түрлі шоуларға, қан қыздыратын желікпе әндер айтатын концерттерге қырылып барады. Әлемді жаулап алмақ болған Гитлер «адамдарды мәңгүрттендіріп, құлдыққа салу үшін күндіз-түні желікпе әндерді тыңдатып қой» дегенді өткен ғасырда айтқан екен. Қазір желөкпе әндер тыңдап, ойсыз тірлік кешетін, мұрнының астынан әріні көрмейтін, жүйелі ой ойлай алмайтын ақылсыздар қатары көбейген үстіне көбейіп барады. Ендігі қалғаны, олардың маңдайларында 666 деген сайтанның таңбасының пайда болуы ғана сияқты.

Тест: сіз қай топтасыз? Анықтағыңыз келсе мына сауалдарға шынайы шыншылдықпен жауап беріп көріңіз. 1) Қандай музыканы сүйесіз (лириакалық әдемі әуендер ме, қан қыздырар рок, т.б желікпе әндерді ме), 2) кітап оқығанды ұнатасыз ба, осы өміріңізде қанша кітап оқыдыңыз? 3) Құдайға сеенсіз бе, діни шарттарды орындайсыз ба? 4) Некеден тыс байланысқа қалай қарайсыз, ол табиғи құбылыс па, жоқ күнә саналатын арсыздық па? Интернеттен қандай ақпараттар аласыз – пайдалы, интелектуалдық жағынан дамытатын ақпараттар ма, әлде түрлі ойындар, кинофильмдер мен парносайттарды қарайсыз ба?

Егер сіз лирикалық әдемі әуезді әндерді тыңдап, кітап оқығанды ұнататын болсаңыз, шариғат жолымен жүріп, зинақорлықтан аулақ болсаңыз және интернеттен тек пайдалы ақпараттар алсаңыз – онда ақылсыздықтан аулақ болып, Ібілістің таңбалаған пенделерінің тобына қосылмайсыз. Ал керісінше болса, онда райыңыздан қайтуға әлі де кеш емес. Ойланып, ақылға салып көріңіз. Бұл мақалада айтылған жйлардың бәрін ойдан шығарылған ертегі деп назар аудармасаңыз да немесе болашағыңызды ойлап, бағдарыңызды айқындап алуға талпынсаңыз да – өз қалауыңыздағы шаруа.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика