Адамның өлімнен кейінгі ахуалы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақта «өзекті жанға бір өлім» деген нақыл бар. Өкініштісі сол, бұл нақылды талай естісек те, көбіміз оның терең мәніне мүлдем назар аудармаймыз. Жасыратыны жоқ, адамдардың 99 пайызы өздерін ешқашан өлмейтіндей, ажал деген ешқашан келмейтіндей көреді. Шындығында, әрбір тірі жан ажалдың дәмін міндетті түрде татады, өлімнен ешкім, ешқашан қашып құтылған емес және құтыла да алмайды. Осы ақиқатты түйсінер болсақ, онда сол «өлімнен кейін не болады?» –деген мәселеге өмірімізде тым болмаса бір рет ойша назар аударып көргеніміздің артықшылығы болмас. Сонымен…

Ақыл-ой өле ме?

Өлім деген мәңгілік ұйқы, өлген соң санамыз мәңгі қаратүнекке сіңіп,  жоғаламыз дейтін атеистер мына мәселеге назар аударса, өлім дегеннің жоқ екендігін түйсіне алар еді. Тән дегеніміз – ет пен сүйектен, қан мен шырыш-сілекейден, нәжістен, зәрден құралған, яғни көзбен көруге, қолмен ұстауға, иісін сезуге болатын материадан тұратын зат қой. Ал ақыл-ой деген – бұл көзге көрінбейтін, ұстауға келмейтін, иісі, дәмі жоқ, яғни материадан тыс нәрсе.

Енді мынаған назар аударыңыз: ет пен сүйектен тұратын тән қартаяды, яғни ескіреді, ауырады және өліп, жоғалады. Көзге көрінбейтін, ұстауға келмейтін материалық емес ақыл-ой сонда тәнмен бірге жоғала ма? Өзіңіз ойлап көріңіз. Ұйқы деген буддашылардың түсінігі бойынша ақыл-ойдың бір ахуалы. Ұйықтап жатқан адамның тәні өліп, жоқ болып кетпейді. Ол төсегінде жатыр. Ал санасы басқа ахуалға түсті. Тәні болғанымен, адам ештеңе сезебйді, естімейді, көрмейді. Ұйықтап жатқанда жанында біреуді зорлап, не өлтіріп кетсе, ол ештеңе сезбеген қалпы қалады.

Осыған қарап мынадай түйін жасауға болады: тән мен ақыл-ой бір-біріне қатыссыз, тән ұйқыда жатқанда ақыл-ой, сезім жоғалып кетті, бірақ оянған соң қайта қалпына келді. Ұйқыда жатқан тән өліп қалған жоқ қой, ол демалады, ас қорыту процесі жүріп жатыр, қан айналады, жүрек соғады, яғни, тән толыққанды жұмыс істеуде. Бірақ ақыл-ой, сезім жоқ. Оны әлдебір күш бұғаттап тастаған сияқты. Осыған қарап: тән мен ақыл-ойдың бірінсіз бірі өмір сүре алмайтындай байланысты еместігін бағамдау қиын емес.

Сонымен бірге, түрлі жағдайларда тәнінен шығып кетіп, өз тәнін көрген адамдар қатары аз емес. Бұны бүгінгі ғылым да теріске шығармайды. Тәннің ішінде нәзік – астральды тән болатынын қазіргі ғылым растап отыр. Адамның ұйықтап жатып түс көруі – сол нәзік астральды тән арқылы жүзеге асады екен. Яғни, ет пен сүйектен жаратылған дөрекі материалдық тәннің ішінде нәзік астральды тән де болады. Ведалық түсінік бойынша, реинкарнация, яғни өлген соң қайта тауылуға түрткі болатын ең басты және жалғыз дәнекер – сол астральды тән екен.

Ажалдан кейінгі қорқыныш

Адам деген ет пен сүйектен жаратылған материалдық тән ғана емес, сонымен бірге ақыл-ойы, сезімі бар күрделі тіршілік иесі. Тән өлген соң оның ішіндегі нәзік астральдық тән оның ақыл-ойы мен сезімдерін бойына сіңіре отырып, тәнді тастап шығады. Міне, ажалдан кейінгі адамның ең үлкен қорқынышы дәл осы тұста басталмақ.

Өмір бойы өзін тәнмін деп санап келген атеис жаны кеудесінен шыққан сәтте ақыл-ойының жоғалмағанын көріп, естен танғандай күйге түседі. Мен пәленшемін, жасым мынаншада, ұлтым мынадай, дінім мынау, бала-шағам, үй-жайым, атақ-мансабым бар деп іштей соған кәміл сеніп келген адам тәнін тастап шыққан сәтте, өмір бойы жиған-тергенінен бір-ақ сәтте жұрдай болып айрылғанын түйсінбек.

Сіздің бала-шағаңыз, туыс-бауырларыңыз, қызмет-атағыңыз бен дәулетіңіз – бәрі тәнге байланған. Ал тәніңізді тастап шыққан сәтте өмір бойы тәнмін деп келген пенде өзінің кім екендігін ұғынбай таң-тамаша күйге түседі. Менмін деп жүрген тәні анау құп-қу болып, қаны қашып өліп жатыр. Қозғалмайды, ештеңе сезбейді. Ал өзі болса одан бөлініп шығып, ақыл-ой, санасын жоғалтпаған қалпы қарап тұр.

Қызығы сол, нәзік тәнге көшкен адамның дауысын ешкім естімейді, өзін ешкім көрмейді. Ол айқайлайды, жақын таныстарын барып жұлмалайды, бірақ ешкім селт етпейді. Зәресі кеткен пенде өзінің тәнін жұлқылап, оятпақ болады, бірақ өліп қалған жансыз тән сұп-суық күйде жатыр. Осы сәт адамның санасын тіліп түсер ең қорқынышты ой келеді.

Ол «мен кіммін?» –деген сұрақ. Бұрын бәрі анық сияқты болатын. Менің есімім мынадай, жасым мынаншада, ер жыныстымын, мынау менің әйелім, мынау балаларым, ұлтым мынадай, дінім мынадай. Бәрі айқын, бәрі түсінікті. Бірақ оның бәрі өліп қалған тәніне байланысты екен. Ол игіліктердің бәрі тәнмен бірге көрге көміледі. Соның бәрінен бір-ақ сәтте айрылған пенде өзінің кім екенін түйсінбей үрейлі, қорқынышты күйге түседі.

Мұхаммед пайғамбардың бір өлген мұсылманның қабірінің басында айтыпты деген мынадай сөзі бар: «ей мұсылмандар, ажалдан қорқыңдар, қабірдегі ең бірінші түн ең ауыр түн болады, ол түнді аман-есен өткізсеңдер, қалғаны жеңілдейді» деген екен. Енді ведалық түсінік бойынша өлген адамның алғашқы түні қалай өтеді, соған назар аударайық.

Өзін тәнмін деп келген пенде өліп қалған тәнін көріп, ақыл-естен айрылғандай үрейлі күйге түскенімен, бұнымен  бәрі бітпейді. Дәстүрлі діндерде өлген адамды жерлеудің арнайы діни рәсімдері болады. Оның мақсаты: өлген адамның рухы әруаққа (призрак) айналып, қаңғып кетпес үшін, тәніне, немесе өлгеннен кейінгі үйі саналатын қабіріне байлап қою. Ислам дінінде жаназасын шығарған соң, мүрдені қабірге жерлеп, көмеді.

Өліп қалған, иістене бастаған тән қабірге қойылған кезде оқылған намаздың күшімен тәннен бөлінген астральды тән де көрге бірге түседі. Астральды тәнде ақыл-ой, сезім – бәрі бар және ол тіпті, бұрынғыға қарағанда өткірлене түседі. Енді мынаны көз алдыңызға елестетіп көріңіз: өлген, иістеніп, бұзыла бастаған тәнді қараңғы қуысқа жатқызып, үстін топырақпен бастырып көміп тастады. Ал сені сол өліктің жанына жатқызып, қоса көмді. Қорқынышты ма? Иә, өте қорқынышты.

Сойқан, сұмдық мұнымен бітпейді. Бұрын мен деп санап, үлде мен бүлдеге орап киіндіріп, тамақтандырып, бар игілікті аузына тосып келген тән иістеніп, бұзыла бастайды. Оның мұрын жарған сасық иісін иіскеп, тар қуыста тұншығып жатуға мәжбүрсің. Ол аздай сәлден кейін иіске жиналған көр астындағы құрт-құмырсқалар тәнді жеп, мүжи бастайды. Қызығы сол, қараңғы көрде де астральды тән жарықтағыдай бәрін анық көріп, сезіп жатады. Бірақ қозғала алмайды, ештеңе істей алмайды. Ол құрт-құмырсқа мүжіген сасық тәннің жаман иісін иіскеп, қараңғы көрде айлар, жылдар бойы жатады. Бұл – өлгеннен кейінгі адамның бастан кешер алғашқы ахуалы. Одан кейінгі ахуалы қандай болмақ? Ол туралы сайтымызда алдағы уақытта жан-жақты жазатын боламыз. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика