Адамзаттың ең үлкен қателігі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақта «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген нақыл сөз бар. Оның мәні – мына фәниде жаңылыспайтын, қателеспейтін еш пенде болмайды дегенге саяды. Қателік жасау, жаңсақтыққа жол беру – әрбір саналы адамның бойындағы табиғи қасиеті. Десек те, қателіктің де үлкен-кішісі, залалдысы мен залалы аздауы болады. Осы орайда, барша адам үшін өздеріне де, өзгелерге де айтып жеткізгісіз орасан зор залалын тигізетін ЕҢ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК  туралы әңгіме етпекпіз.

Адам рахаттанушы емес

Көпке созбай дәл осы арада адамзаттың ЕҢ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІГІ туралы бірден айтып кетейік. Ол – адамдардың өздерін мына өмірдің рахаттанушысы сияқты сезінулері. Иә, адамдардың бәрі өздерін осы өмірге рахат көріп, бақытты тірлік кешу үшін келдік деп түсініп, тірлік кешеді. Шындығында – адам баласы рахаттанушы емес, керісінше рахаттандырушы.

Барша әлемде екі түрлі тіршілік иесі бар. Біріншісі – барша дүниені ЖАРАТУШЫ және барша дүниенің ӘМІРШІСІ – Алла да, екіншісі – Ол жаратқан сансыз көп және сан алуан тіршілік иелері. Осы арада мына аса маңызды мәселеге назар аударып, соның мәнін ұғынып алуымыз қажет болады. Ол – Алла әлемді не үшін немесе кім үшін жаратты деген мәселе. Бұның жауабын Қасиетті Құранның мына бір аятынан анық білуге болады: «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым». Бұл – Жаратушы Алланың сөзі.

Ал енді Алла адамдарды Өзіне құлшылық етулері үшін жаратса, яғни Өзі үшін, Өзінің қызық көріп, рахат алуы үшін жаратса, онда пенделердің мына фәниге рахаттану үшін келдім дегендері Жаратқанның осы мақсатына қайшы келіп тұрған жоқ па. Егер Құранда Жаратқан «Мен жын мен адамзатты отбасы құрып, бала-шағалы болып, мына фәнидің қызығын көрулері үшін жараттым» десе, онда әңгіме басқа. Бірақ «Мен жын мен адамзатты Өзіме қызмет етулері үшін жараттым» деп аққа қара жаққандай анық айтып тұрған жоқ па.

Жылтыр сөзбен әрленген жасанды ұраншылдық

«Сасат – жексұрын адамның паналайтын ең соңғы мекені» деген бір ғұламаның сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайларды қай-қайссымыз да өмірден ұдайы көріп жүреміз. Депутат болып сайланғанша үйіп-төгіп уәде беретіндер сайланып алғасын уәдесін де, өзін сайлаған халықты да мүлдем ұмытып, қарақан бастарын күйттеп жатады. Ал биік мінберлерден «елім, халқым» деп екпінінен жел ескендей жылтыр сөзді суша сапыратындар былай шыға бере айтқандарына қарама-қайшы нәрселер жасап жататынын көзімізбен де көріп, БАҚ арқылы оқып, естіп те жүрміз.

Жылтыр сөзбен әрленген жасанды осындай ұрандар тек саясаткерлердің ғана емес, барша адамзаттың әдетіне айналғаны да дау туғызбас шындық. Мысалы, отбасы құрып, бала тәрбиелеп отырғандардың бәрі дерлік бұл істі ұлттың, елдің болашағы үшін, ұрпақ өрбіту, адамзат нәсілін сақтап, көбейту үшін жасап жатырмыз дегенді саналарына сіңіріп алған. Ал жаңа үйленген қыз бен жігіт «ұрпақ жалғастырамыз, ұлттың болашағына қызмет ететін ұрпақ өсіріп, тәрбиелейміз» дегенді ойларына алар ма екен? Олардың саналарында ең алдымен НӘПСІЛЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ мақсаты тұратыны еш дау туғызбайтын АҚИҚАТ. Бұл әрбір үйленген адамдардың арман-мақсаты.

Ал енді Құранның жоғарыда айтылған аятын негізге ала отырып, бұл істің мәніне назар аударсақ, ол былай болып шығуы тиіс: үйленген жас қыз бен жігіт нәпсілерін қанағаттандыруды емес, ең алдымен жүректеріне имандылық ұялаған жас ұрпақты дүниеге әкеліп, оларды имандылық жолына түсіріп, имани тәрбие беруді ең басты және бірден бір мақсаты етіп алулары тиіс.

Бұл қағидатты барлық іске қарата айтуға болады. Мысалы, мансапқа қолы жетіп, ел басқарған адамның ең басты мақсаты – Алланың разылығы үшін халыққа қызмет ету. Алланы қалай разы етуге болады? Ең алдымен, барша халық діни шариғат жолымен жүріп, Құдайға құлшылық етуді ең басты және жалғыз мақсаттары етіп алулары тиіс. Яғни, қазіргідей дін мен мемлекет бөлек деген мүлдем теріс және жаңсақ ұғым. Дін, яғни Құдайға қызмет ету мемлекеттен де, оның идеологиясы мен сасатынан да әрдайым және үнемі ЖОҒАРЫ ТҰРУЫ ТИІС.

Міне, осындай қоғамда барша адам өздерінің табиғи әрекетін, яғни Құдайға мәңгі қызмет ету әрекетін әрдайым орындайтын болады. Және бұндай қоғамда әділетсіздік, теңсіздік, ұрлық, тонау, кісі ақысын жеу, зорлау сияқты келеңсіздіктер мүлдем болмайды. Өйткені, барша адамзат рахаттану үшін емес, Жаратқанды рахаттандыру, Оның разылығын алу үшін еңбек етіп, өмір сүреді. Толымды қоғам дегеніміз де дәл осы. Ал қазіргідей адамзат өздерін рахаттанушы сезінген қоғамда әділдік те, бейбітшілік те, бақыт пен сыйластық та ЕШҚАШАН БОЛМАҚ ЕМЕС.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика