Алланың қуаттары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Квантты физика ғылымы пайда болғаннан кейінгі кезеңде табиғат, жанды және жансыз заттар туралы көзқарас түбегейлі өзгерді. Біз сезім мүшелері арқылы сезінетін жанды, жансыз заттардың бәрі қуат екендігін білдік. Егер миллиардтаған есе үлкейтіп көрсететін микроскоп арқылы қарайтын болсаңыз тас та, ағаш пен адам да үнемі тербелісте болатын қуат екенін көрер едіңіз. Осылайша, мына өзіміз өмір сүріп жатқан әлемде үнемі тербелісте болатын қуаттан басқа ештеңе жоқ болып шықты.

Қуат деген не?

Материалистік ғылымның мектептен бастап санамызға сіңіретін қуат туралы түсініктері ғылым дамыған сайын толымды және шынайы еместігі байқалып, ол бүгінде біршама өзгеріске ұшырады. Адамның, жан-жануарлардың қара күш түрінде көрінетін физикалық қуатынан басқа, табиғаттың қуаттары да аз емес. Мәселен, желдің, күннің, ауаның, судың қуаттары. Қазіргі күні жел, күн қуатын пайдаланып, электр энергиясын өндіріп жатқаны бәрімізге белгілі.

Қазіргі өзіміз күнделікті пайдаланатын автокөліктердің бәрі іштен жану двигателінің, яғни от пен ауаның қуатына негізделген. От пен ауаның қуатына негізделген реактивті двигательдер, магнит өрісі арқылы пайда болатын электр қуаты – бұның бәрі табиғаттың қуаттары. Осыларға қарап отырып, қуат дегеніміздің айналасына әсерін тигізетін құбылыс немесе күш екенін бағамдауға болады. Ол қуаттардың бәрі белгілі уақытта пайда болып, іске жаратылған соң түгесіледі немесе жойылады.

Егер айналамызға зер салып ақыл көзімен қарайтын болсақ, мәңгілік қуаттың жоқ екенін ақылмен сезінуге болады. Жалпы, табиғаттың өзі де мәңгілік емес, үнемі пайда болып, белгілі уақыт өмір сүрген соң ақырындап күші кеміп, ақырсында жойылады. Және бір ақиқат шындық: ол қуаттардың бәрі материалистік ғылым бұрын түсіндіріп келгеніндей өздігінен кездейсоқ жаратылмағаны, яғни оның сыртында сол қуаттардың иесі, дін тілімен айтқанда Алла тұрғаны ақылы бар әрбір пендеге түсінікті жай.

Адамға қатысты қуаттар

Адамның бойындағы оның қозғалысына, іс-әрекетіне жағдай жасайтын физикалық қуаттан басқа да көптеген қуат түрлері бар. Біз соған кеңірек тоқталатын боламыз. Ол қуаттарға көбіміз онша көңіл бөле бермейміз және оны қуат деп те санамаймыз. Ол қуаттың табиғатын білмегендіктен, бұл қуаттардың адамға, оның өміріне қалай әсер ететінін, жағымды-жағымсыз жақтарын да біле бермейміз. Осы білмеудің салдарынан көбіміз сол қуаттардың залалын тартып жататынымыз да шындық.

Мәселен, ақша, атақ-даңқ, мансап – бұның бәрі адамға қатысты қуаттар. Оларды көбіміз қуат деп санамайтындықтан және табиғатын білмейтіндіктен, ол қуаттарды дұрыс пайдаланбай, керісінше залалын тартып жатамыз.

Мәселен, ақшаны алып қарайық. Көбіміз үшін ақша деген – бұл әдемі айшықты қағаз және оған бәрін сатып алуға болады. Оның қуат екені қайдан көрінеді? Егер сіздің қалтаңызда көк тиыныңыз болмаса, сіз өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Өте нашар, тіпті әлсіз-әлжуаз жандай сезінетініңіз анық. Ақшасы жоқ адам қоғамдық көлікке мініп, баратын жеріне бара алмайды, тамақ сатып алып іше алмайды, тіпті жеке меншік үйіңіз болғанның өзінде коммуналдық қызмет, электр қуатын пайдаланғаныңыз үшін төлеуге қабылетсізсіз. Бұның бәрі сізге көп қиындықтар әкеліп, санаңызға салмақ түсіреді.

Керсініше, ақшаңыз көп болса, өзіңізді қауіпсіз және сенімді сезінесіз. Баратын жеріңізге барасыз, қалаған нәрсеңізді сатып аласыз, көңіліңіз қалаған іспен айналысып, ұнайтын жерде, ұнамды үйде тұруыңызға мүмкіндігіңіз бар. Бұлай жасауға ақша түріндегі Алланың қуаты көмегін тигізеді.

Сол сияқты, сіз қатардағы жәй жұмысшы болсаңыз, басшыңыздың айтқанын істеуге, тіпті заңсыз бұйрықтарына да мойынсұнуға мәжбүр боласыз. Ал өзіңіз үлкен басшы болсаңыз жеке кабинетіңіз, хатшы көмекшіңіз, қызмет көлігіңіз, шопырыңыз, жоғары жалақыңыз болады. Бұның бәрі сіздің санаңызға белгілі дәрежеде игі әсерін тигізеді, өзіңізді қатардағы еңбеккердей емес еркін, үстем, нық сезінуге мансап деп аталатын Алланың қуатының үлкен ықпалы болады. Атақ-даңқ та сол сияқты. Яғни, адам санасына  айтарлықтай ықпалын тигізеді.

Алланың қуаты – сынақ

Адамның бойындағы қара күш түріндегі физикалық қуаттан басқа осы аталған санамызға әсерін тигізетін қуаттардың бәрі адамның өмірін ғана емес, мінез-құлқын, дүниетанымын, көзқарасын да үлкен өзгеріске ұшыратып жатады. Ақылы бар пенде үшін мансап, атақ-даңқ, ақша түрінде берілген қуаттар өзіне де, айналасына да игілік алып келсе, керісінше, ақылсыз пенделер ондай қуатты дұрыс пайдаланбағандықтан өздеріне де, өзгелерге де үлкен зиянын тигізетінін өмірден қай-қайссымыз да көріп, естіп жүреміз.

Менің бір танысымның басшылық қызметке қолы жеткен соң, мінезі күрт өзгеріп шыға келді. Бұрын кездескен жерде елпілдеп амандасатын ақкөңіл, кішіпейіл жігіттің орнында қабағын үнемі түйіп, сұстанып жүретін, кеудесі көкке көтерілген қатал да, тәкапппар басшы пайда болды. Бұрын досжар болып жүрген адамдардың бәрінен айрылған ол туыстары мен қызмет дәрежесі қатарлас және жоғарылау қызметте істейтіндермен ғана араласатын болып алды. Қарамағындағы адамдарға күн көрсетпей, үнемі жанын жаралайтын ауыр сөздер айтатын оны бүкіл ұжым жеккөріп кетті. Міне, мансаптың әлгі азаматқа әкелген «пайдасы» осы болды.

Ал байлыққа қолы жеткен тағы бір танысым дос-жаранды былай қойып, тіпті жақын туыстарынан да безіп, жападан жалғыз қалды. Үйінің сыртын биік қоршаумен қоршап, оққағар жалдаған ол ешкіммен араласпайтын, жақын туыс-бауырларына да қарайласпайтын болды. Елімізге аты танымал бай саясаткер баласының үйлену тойына 150 миллион доллар жұмсапты деп айтып, жазды БАҚ. Ол шетелден арнайы шақырылған бір эстрада жұлдызына жалғыз ән салғаны үшін 3 миллион долларды қалтасына салып беріпті. Сонша ақшаны далаға шашқан әлгі саясаткердің қылығына зығырданы қайнап, әлеуметтік желіде оны қарғап-сілегендер көп болды.  Алланың қуатын мақтаншылық үшін ысырап қылған саясаткердің тапқан пайдасы – халықтың қарғысы ғана.

Ал «жұлдыз» ауруымен ауырған әншілердің ар ұялар теріс әрекеттері жайында ақпарат құралдарында айтылып, жазылып жатады. Тіпті, компазитор Қалдыбек Құрманәлиев жұлдызбыз деп жүрген қыз-келіншектердің бәрінің атақ, ақша үшін кімнің төсегіне болсын жата беретін әдепсіздіктері туралы ашық айтқанын да естідік.

Алланың берген қуатын қара басының қамы үшін емес, жұрттың игілігіне жұмсап, сауапты істер жасауға бейім жүретін жақсы адамдар да кездеседі. Көп балалы отбасына үй сатып алып бергендер, қатты науқастардың емі үшін қомақты ақшалай көмек көрсеткендер сирек болса да кездесіп жатады. Бұл адамдарды Алланың қуатын өзіне де, өзгелерге де игілік әкелетін сауапты істерге жұмсап жүргендіктен, Жаратқанның сынақ үшін берген қуатының игілігін көргендер деп атауға болады.

Қазақта «алмақтың да салмағы болады» деген сөз бар. Алла ақша, мансап, атақ түрінде қуат берді екен, оның жауапкершілігі, ертең сұрауы да болады. Қасиетті Құранда Алла берген байлықты қара басы үшін пайдаланғандар қияметте аузы-мұрнына ерітілген күміс құйылып, бұл сенің байлықты қара басың үшін пайдаланғаныңның жазасы делінеді деген мазмұндағы аят бар. Ерітілген қайнап тұрған ыстық күмісті аузы-мұрныңызға құйғанда қандай азап шегетініңізді ақылыңыз болса көз алдыңызға елестетіп байқап көріңіз. Сіздің бес күндей болмай өте шығатын мына фәни жалғанда байлығыңызды немесе мансабыңыз бен атағыңызды қара басыңыз үшін пайдаланып көрген рахатыңыз ертең қияметте мәңгі отқа өртеніп, жан төзгісіз азаптан ойбайлап жататын тауқыметіңізге татый ма? Жоқ. Есі дұрыс адам ондайға ешқашан бармайды.

Мынаны есіңізде мықтап ұстаңыз: БАЙЛЫҚ, МАНСАП, АТАҚ – бәрі Алланың уақытша берген сынақтары. Оны өзіңізге де, өзгелерге де игілік әкелетін сауапты істерге жұмсаңыз. Сонда ғана сынақтан сүрінбей өтіп, екі дүниенің игілігін табасыз. Әйтпесе, ертең бармағыңызды қаршылдатып шайнап, тозақтың отында мәңгі өртенетін боласыз. Бұл еш дау туғызбас шындық және АҚИҚАТ.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика