
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен биылғы жылдың 6-10 сәуірі аралығында республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының негізгі мақсаты халықтың дінтанушылық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау, діни экстремизмнің алдын алу. Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды.
Аталмыш іс-шараға: Ақмола облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог-маманы Жақанов Сәкен, «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы Арман Нұрахметұлы, «Qamqor-Astana» ҚҚ «Оңалту және бейімдеу» бөлімінің теологы Сақан Дарханұлы, «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасының орынбасары Арулан Қуатов секілді дін мәселелері бойынша республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
(далее…)







