0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынтығуы ерте заманнан келе жатқан құбылыс.  Рас, ертеде бұндай ауытқушылықтар сирек кездесетін, ал соңғы кезде, әсіресе Батыс елдерінде ол қатты белең алып кетті. Батыс елдерінде, тіпті екі еркектің шіркеуге барып некесін қиғызу оқиғалары көбейген. Азшылықтың құқын қамтамасыз ету деген желеумен бұл елдерде гей аталатын еркектердің, лесбиан аталатын әйелдердің бір-бірімен жақындығын насихаттау, заң шеңберінде құқықтар беру кең таралған. Соның нәтижесінде жыл өткен сайын бір жыныс өкілдерінің арасындағы некеге тұру оқиғалары көбейіп барады.

Егер осы мәселенің астарына тереңірек үңіліп, ақыл таразысына салып қарасаңыз, мына жайды бағамдауға болады: бір жыныс өкілдері арасындағы жақындықты дәстүрлі діндердің бәрі айыптайды, оған қоса, жалпы қоғам бұны арсыздық деп танып, оған жол бермеу қажет деп санайды. Осындай көзқараспен бір мезлгілде оған қарама-қайшы екінші түрлі көзқарас өмір сүріп жатыр, ол — бір жыныс өкілдерінің жақындығын қалыпты жағдай деп санап, ондай адамдардың құқығын қорғау, оларға өз қалауларынша өмір сүруге заң шеңберінде барлық жағдайларды жасау керек деп түсінетін адамдар да бар. Өкініштісі, бұндай жандардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келеді, ал Батыс елдерінде ЛГБТ аталатын бір жыныс өкілдерінің құқын қорғауға арналған заңдар толыққанды жұмыс жасауда.

Құранда Құдай бір түнде апат жіберіп, жер бетінен жойып жіберген Лұт пайғамбардың нәсілі атанған бұндай арсыздыққа қатысты әлемде өмір сүріп отырған аталмыш екі түрлі көзқарастың екеуі де оның табиғатын ашып, қалыптасқан түйткілді мәселені шеше алмайды. Бірінші ұстанымдағылар бір жыныс өкілдерінің арасындағы жақындықты арсыздық деп санап, оларды қуғынға ұшыратса, екінші топтағылар керісінше ондайларды қолдап, арсыздықтарын ашық жүргізуге қолайлы заңдық негіздер жасауда. Егер байыптап қарасаңыз, бұл екі ұстанымның екеуінің де қате және залалды екендігін ұғынуға болады. Неге? Енді осы жайына кеңірек тоқталайық.

Ең алдымен, мына жайды айқындап алған жөн: бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынтықтығы ауру ма, әлде табиғаттың заңдарына сай қалыптасқан құбылыс па? Бұл жайды анықтау үшін аталмыш құбылыстың табиғатына назар аударуымыз қажет болады. Біріншіден, гомосексаул аталатын ер адамдардың бір-біріне ынтықтығы туа біткен табиғи құбылыс ретінде кездеседі. Ондай жандар табиғи қалыпты адамдардың ортасында жүрсе де, өздерін басқаша сезінеді, яғни еркек тәніндегі адам өзін әйел ретінде сезініп, әйелге тән әрекеттер жасауға бейім тұрады. Бұл — туабіткен табиғи құбылыс.

Ертеде мұсылман елдерінде бай-бақуатты адамдар үнемі қастарында ертіп жүретін көмекші түріндегі бәтша бала дегендерді ұстаған. Құл базардан сатып алған түрі келбетті жас бала бақуатты еркектің аяқ-қолын уқалап, басқа да қызметтер, оның ішінде жыныстық қызметтер  көрсеткен. Алғашында табиғи қалыпты жағдайда болған әлгіндей балалар өсе келе өздерін әйел сияқты сезініп, гейге айналады және сақал-мұрт шықпай, нәзік әйел сияқты болып қалады.

Бір жыныс өкілдерінің арасындағы байланысты зерттеумен айналысатын бір психолог ғалымның мынадай жазбасын оқыдым. Екі ер адам үйленіп, бірге тұрып жатады. Олар өте тату тұрады және өздерін бақытты отбасымыз деп санайды. Арада бір жыл өткенде олардың жайын білу үшін келген әлгі ғалым мынадай қолайсыз жағдайдың куәсі болады. Бұрын бірін-бірі көрмесе тұра алмастай болып жүрген әлгі екеуінің арасына қара мысық жүгіріп, енді бір-бірімен араласуды қойыпты. Оның себебі мынада екен: алғашында екі еркектің бірі өзін әйел сияқты сезінсе, енді біраз уақыт әйел сияқты болып жүріп, содан кенет өзін еркекше ұстай бастайтын болған. Бұндай ауытқушылық екеуінде де бар екен. Біреуі өзін еркек сияқты сезініп, екіншісіне көңілін білдіргісі келсе, ол да кенет өзін еркекше ұстап, жақындыққа қарсы болады. Бір күн әйелге, бір күн еркекке айналатын олардың арасындағы осындай сәйкессіздік бұрыңғы тату-тәтті отбасылық өмірінің тас-талқанын шығарған.

Енді осы жайларды ақыл таразысына салып, ой түйіндеп көрейік. Бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынтықтығы түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады екен. Біреулер туабітті сондай дертке ұшыраса, екіншілері бәтша балалар сияқты қоршаған ортаның ықпалымен кейін келе сондай психикалық ауруға айналады. Ал үшінші оқиғадағы сияқты бір күн өзін еркек, екінші күні әйел сияқты сезінетіндер де бар. Осы жайларға қарап, мынаны түйсінуге болады: бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынтықтығы жазылмайтын және туабіткен психикалық дерт емес. Егер адамдар қалыпты жағдайда жүріп, қоршаған ортаның ықпалымен сондай ауытқушылыққа ұшырап жатса, онда психикалық әсер ету арқылы ондай ауытқушылықтан арылтуға да болады. Бұның өзі бір жыныс өкілдерінің жақындығын бүгінде кейбіреулер айтып жүргендей қалыпты табиғи құбылыс емес, ауытқушылықтан туған өзгеріс екенін және оны  психикалық жолмен емдеуге болатынын айғақтайды.

Ең алдымен, мына жайға назар аударып, соны нақты факт деп анықтап алуымыз шарт: бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынгтықтығы — бұл табиғи ауытқушылықтан туған психикалық ауру және оны емдеуге болады. Өкініштісі сол, қазір гей және лесбиан аталатын еркектер мен әйелдер арасында  жиі кездесетін бұл құбылысты ешкім психикалық дерт деп санамайды. Соған орай, әлемнің бір де бір елінде ондайларды емдейтін емхана, не аурухана жоқ. Тіпті, оларды ешкім емдемейді және емдеу қажет деп санамайды.

Жоғарыда айтқанымыздай, бір елдерде ондайларды арсыздық деп айыптап, қуғынға ұшыратса, екінші елдерде керісінше заң арқылы құқықтарын қорғап, психикалық дертке ұшыраған олардың сол ауру күйінде қоғамда еркін өмір сүруіне жағдай жасап қойған. Бұл екі ұстанымның екеуі де бүгінде белең алып, қатары қалыңдап бара жатқан бір жыныс өкілдерінің арасындағы жақындықты тоқтата да, оны жоя да алмайды. Соның салдарынан әсіресе, Батыс елдерінде бұл дерт қатты белең алып кеткен.

ЛГБТ аталатын қозғалыс қазір әлемнің барлық елдерін қамтып, демократия желеуімен дамыған елдер дамушы елдерді сондайлардың құқын қорғайтын заңдар қабылдауға мәжбүрлеуде. Батыс елдерінен қаржыланатын сондай ұйымдар ештеңеден тайсалмастан, өз жұмыстарын ашық жүргізуде. Қазақстанда да сондай арсыздықты насихаттайтын белсенділер жетерлік және олар өз жұмыстарын еркін жүргізуде.

Бұл құбылыстың қауіптілігі неде? Ең алдымен, Жаратқан санаға сіңірген  еркек пен әйел түріндегі жаратылыс заңына қайшы бұндай құбылыс адамдарды аздырады. Бір жыныс өкілдерінің байланысы нәтижесінде адамзат көбеюден алыстайды, нәпсінің құлына айналып, арсыздық белең алады. Жыныс жақындығы арқылы туатын түрлі дерттер гейлер мен лесбиан аталатын бір жыныстылардың арасында көп кездесетіні қазір баршаға белгілі жай.

Бір жыныстылардың байланысын заңмен қорғайтын Батыс елдерінде соңғы кезде демографиялық жағдай күрт нашарлап, бала туу көрсеткіші өте төмендеп кеткен. Адам күші жетпегендіктен, ол елдер шеттен жұмыс қолдарын көптеп тартуда. Париж, Лондон сияқты еуропалық үлкен қалаларда қазір жергілікті ақ нәсілді адамдар өте сирек кездеседі, бұл елдер уақыт өткен сайын басқа ұлттар мен нәсілдерге толып, жергілікті халықтың үлесі азайып барады. Қазір мына жай анық болып отыр: осылай жалғаса берсе, енді 40-50 жылда еуропалық ақ нәсіл өкілдері жер бетінен толықтай жоғалмақ.

Бір жыныс өкілдерінің бір-біріне ынтықтығы дертінің астарында жоғарыда айтып кеткен толымды жанның бөлшектері болып табылатын әйел және еркек бастауы жатқандығы даусыз шындық. Бұндай дерт тек тәнге қатысты ғана туындайды, ал жан деңгейіне көтерілген тіршілік иесі еркек және әйел түріндегі жыныстық ерекшеліктер ұғымынан толықтай арылып, толымды жан түсінігін санасына сіңіреді.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика