Аюрведа: денсаулықты жақсартудың ең тиімді тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп текке айтпаған. Денсаулықтың қадірін ауырған адам жақсы біледі. Ал денсаулық өздігінен келмейді. Оны сақтау керек. Денсаулықты қалай сақтауға болады? Салауатты өмір салтын ұстану, диета сақтау, күн режимін сақтау – бұның бәрі де жақсы. Бірақ та, шынайы денсаулықты сақтау үшін олар жеткіліксіз. Осы орайда, назарларыңызға бес мың жылдық тарихы бар индиялық Аюрведа ілімінің денсаулықты сақтауға арналған қарапайым тәсілін ұсынамыз.

Денсаулық деген не?

Қарапайым пенделердің денсаулық туралы түсінігі де қарапайым. Олар үшін денсаулық дегеніміз – бұл тәннің саулығы, яғни ауырмай-сырқамай жүрсең, онда денсаулығың жақсы деген сөз. Ежелгі денсаулық туралы ғылым – Аюрведаның денсаулық туралы түсінігі бұдан біршама өзгешелеу. Енді соған назар аударып қаралық.

Аюрведаның түсінігі бойынша денсаулық деген – бұл ең алдымен тәннің саулығы, яғни ауырмай-сырқамай жүру. Содан кейін эмоциялық-психологиялық ахуалдың дұрыстығы. Бұл – адамның көңіл күйінің жақсы болып, уайым-қайғыға бой алдырмай дұрыс қалыпта болуы. Үшінші шарт: адамдармен дұрыс қатынастың болуы, яғни ешкіммен ренжіспей, ұрыспай-керіспей әрдайым тату-тәтті, жылы қатынаста болу. Төртінші шарт: рухани даму, яғни адамның бойында имандылық қасиет орнығып, әрдайым өзінің діни міндеттерін адал орындауы.

Үйдің төрт қабырғасы болатыны сияқты, денсаулықтың аюрведа түсінігі  бойынша жоғарыда айтылғандай 4 шарты бар. Сол төртеуі түгел болғанда ғана адам денсаулығым жақсы деп айта алады. Ал 4 шарттың бірі кемшін болып жатса, онда ол адам ауру болып саналады. Аюрведа дәрігерлері адамдардың тәнін ғана емес, жанын, психологиялық ахуалын да емдейді. Өйткені, бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады, тек тәнді ғана ескеріп, эмоциялық-психологиялық, рухани қырларына назар аудармаса, онда арамшөптің басын жұлып, тамырын қалдырғанмен бірдей болады. Тамыры қалған арамшөп көп ұзамай қайта бой көтереді. Сол сияқты тек тәні ғана емделген адам көп ұзамай қайта ауырып, дерттен құтыла алмайды.

Ауру деген не?

Бүгінгі материалдық ғылымның ұғымымен алғанда, ауру – бұл тәннің  қоршаған ортаға байланысты қалыпты қызметінің бұзылуы түріндегі теріс құбылысы. Дерттің пайда болуына ғылыми түсінік бойынша, дұрыс тамақтанбау, суық тигізіп алу, жұқпалы ауруларды жұқтыру, адам ағзаларының қызметінің бұзылуына байланысты туындайтын дерттер сияқты жағдайлар әсерін тигізеді. Осыған орай, қазіргі медицинаның ауруды емдеу тәсілі – түрлі дәрі-дәрмек қолданып ауруды тежеу немесе ота жасау сияқты үстірт тәсілдер болып келеді. Ол тәсілдер ауруды уақытша тежегенімен, түбегейлі жаза алмайды. Осыған орай, қазір елімізде емхана, аурухана саны өте көп және жыл сайын жаңадан салынып, ашылуда, соған қарамастан аурулардың саны азаяр емес.

Ал аюрведа түсінігі бойынша ауру деген – бұл адамның қарым-қатынас арқылы, өзінің басқа да түрлі әрекеттерімен лас қуат, яғни энергияны тартуы. Веда түсінігі бойынша адамның өзі де энергия. Ол түрлі қуаттармен тірлік кешеді. Өзінен қандай қуат шығарса, сондай қуатты тартады. Яғни, адамда үнемі қуат алмасу процесі жүріп отырады. Ашу, ыза, сараңдық, нәпсіқұмарлық, тәкаппарлық, дөрекілік сияқты теріс эмоциялық әрекеттер жасау арқылы адам бойынан сондай теріс қуат шығарады. Ал оның орнына дәл сондай теріс қуат келіп, адамның бойына орнығады. Теріс қуаттар көбейген кезде, энергетикалық каналдар ластанып, бітеледі, сөйтіп қуат ағымы тоқталып, осыдан келіп ауру пайда болады.

Аюрведа ауруды қалай емдейді

Аурудың пайда болуы туралы түсінігі қазіргі медициналық ұғымға қарағанда басқаша болғандықтан, аюрведалық емдеу тәсілі де бүгінгі медицинадан көп өзгеше. Аюрведа түсінігінше адамның бойында 3 түрлі элемент бар, олар: капха – ауа элементі, пита – су элементі, вата – от элементі. Осы үш элементтің өзара тепе-теңдігінің бұзылуы түрлі ауру туғызады. Аюрведа дәрігері сондықтан, сол элементтердің тепе-теңдігін қалпына келтіру тәсілдерін пайдаланады.

Ол үшін өздері дайындаған түрлі тұнбалар мен шөптен жасалған дәрілерді пайдаланады, массаж жасайды. Бұл тәнді емдеудің тәсілдері. Ал тән деген сыртқы қабық іспетті болғандықтан, аурудың түпкі себебі немесе тамыры тереңде, яғни адамның эмоциялық-психологиялық жағдайына байланысты болады. Осыған орай, аюрведа дәрігері ең алдымен сол эмоциялық-психологиялық себептерді жою тәсілдеріне көңіл бөледі.

Мәселен, асқазаны ауыратын адамның дертінің түпкі себебі тәнінде ғана емес, психологиялық ахуалына байланысты болады. Онымен ашық әңгімелесу кезінде себебін түсінген дәрігер, сол себепті жою шарасын жасайды. Мәселен, әлгі адамның отбасындағы жағдай нашар болуы мүмкін. Әйелімен дұрыс тіл табыспайтындықтан, ол дайындаған тамақты да асқазаны дұрыс қабылдамайды. Күнара ұрыс-керіс жүйкесін жұқартып, тәбетін бұзады. Аурудың түпкі себебі осында. Сондықтан аюрведа дәрігері ең алдымен әйелімен татуласуды, тіл табысып дұрыс өмір сүруді ұсынады. Егер ауру осы міндетті дұрыс орындай алса, онда көп ұзамай дертінің беті қайта бастамақ.

Денсаулықты сақтаудың аюрведалық қарапайым тәсілі

Осы арада сіздің назарыңызға аюрведа түсінігіне сай қарапайым денсаулық сақтаудың тәсілін ұсынамыз. Оны пайдалану арқылы біраз аурудан аман болып, денсаулығыңызды сақтауға мүмкіндік аласыз. Бұл тәсіл тәннің саулығын сақтауға ғана емес, эмоциялық-психологиялық жағынан және рухани жағынан денсаулықты сақтауға оң әсерін тигізеді.

Ең алдымен күн режимін сақтаңыз. Оны былайша құруыңызға болады: кешкі сағат 9-10-да ұйқыға жатып, таңертең 5-6-да оянуды әдетке айналдырыңыз. Не себепті бұлай? Өйткені, аюрведа ұғымына сай, адамның жүйке жүйесі кешкі сағат 10-12 аралығында демалады. Тәуліктің басқа кезінде жүйке жүйесі үздіксіз жұмыс істейді. Сіз күндіз, болмаса басқа уақытта қанша ұйықтағаныңызбен, жүйкеңіз демалмайды, ол тек кешкі сағат 10-12 аралығында ғана демалады. Адам ағзасының ерекшелігі осындай. Ал жүйкеңіз демалмаса, көп ұзамай шаршап, қажушылық пайда болады. Оның соңында сіз сәл нәрсеге ренжіп, ашушаң бола бастайсыз. Ақырсында жүйкеңіз сыр беріп, айналаңыздағылармен сәл нәрсеге бола жанжалдасатын боласыз. Аурудың 90 пайызы жүйкеден пайда болатынын ескерсек, онда жүйкені сақтаудың маңызын түсінуге болады.

Адамның санасына әсер ететін 3 түрлі элемент бар: ауа, су және от. Бұл элементтер тәулік ішінде 4 сағаттан кезектесіп келіп отырады. Кешкі сағат 10-нан түнгі 2 аралығында от элементі үстемдік етеді. Түнгі сағат 2-6 аралығында ауа, одан кейін 6-10 аралығында су элементі келеді. Егер сіз ерте жатсаңыз от элементі асақазаныңыздағы тамақтың қорытылуына ықпалын тигізеді. Ұйықтап жатқанда да асқазаныңыз жұмыс істеп, ас қорытады. Түнгі сағат 2-ден кейін ауа элементі келеді. Ауа жеңіл болатындықтан, бұл кезде ұйқы да жеңіл болады. Адам жиі оянып кете береді. Міне, осы кезде, яғни таңғы 6-ға дейін ұйқыңыздан тұру қажет. Сонда жеңіл оянасыз, сергек боласыз. Ал 6-дан кейін су элементі келеді, су ауыр болатындықтан бұл кездегі ұйқы адамның еңсесін басып, шаршатады. Адам ұйқысынан мең-зең болып қажып тұрады.

Тамақ ішкенде де жоғарыда айтылған 3 элементтің ерекшелігін ескеру қажет. Тамақты қорытуға от элементі әсерін тигізеді. Ал күн от элементінің жұмысын жақсартады. Осыған орай, таңертең күн шыға берген кезде  дұрыс тамақтану қажет. Түсте тойып тамақ ішкен жөн. Кешкілік жеңіл-желпі салат жеп, ұйқыға жатардан кем дегенде 3 сағат бұрын тамақтанған дұрыс болады. Ет тағамдарынан бас тартып, вегетериандыққа көшкен дұрыс. Ет адамның денсаулығынан ғана теріс әсерін тигізіп қоймай, оның психикалық-эмоциялық көңіл күйіне де жаман ықпалын тигізеді. Ет жейтін адамдар әдетте агрессияшыл, яғни ашушаң болып келеді. Бұндай адамдар тез ашуланып, айналасындағылармен қарым-қатынасын нашарлатады. Ал аурудың көбі дұрыс қатынастың болмауынан шығып жатады.

Ұйқыға да аюрведа ерекше назар аударады. Аюрведа түсінігіне сай адам түнде ұйықтап, күндіз жұмыс істеуі қажет. Неге десеңіз, түнде Ай адамға өз қуатын береді. Ұйықтаған адам Айдан қуат алып, зарядталады. Ал Күн болса, керісінше адамның қуатын сорып алады. Сондықтан күндіз жұмыс істеп, қуатыңызды бересіз. Күндізгі ұйқы адамға ешқандай қуат бермейді. Сондықтан оның еш пайдасы жоқ. Ұйықтағанда басыңызды шығысқа немесе солтүстікке қаратып жатқан жөн. Сонда жақсы қуат аласыз. Ал оңтүстікке, әсіресе батысқа қарап жату залалды.

Денсаулықты сақтаудың қарапайым жаттығулары

Аюрведа ұғымынша, ауру дегеніміз лас энергиялардың жиналуынан туындайды. Ал лас энергия алдымен адамдардың айналасындағылармен қарым-қатынасынан келеді. Біреумен ұрыссып қаласыз, ренжісесіз немесе ренжітесіз. Бұның өзі лас энергия түрінде сізге қайтып келеді. Ол жинала келе түрлі дерт болып шығады. Сондықтан ауырғыңыз келмесе мына тәсілді қолданыңыз: күн сайын ұйқыға жатар алдында Жаратқанға тәубе етіп, деніңіздің скулығына, отбасыңыздың амандығына, материалдық жағдайыңызға шүкірлік қылып, іштей алғысыңызды айтуды берік әдетке айналдырыңыз.

Күндіз немесе кешкілік бір уақыт тауып, өзіңізді ренжіткен немесе өзіңіз іштей қатты ренжіп жүрген жау санайтын адамыңызға жақсылық тілеңіз. «Мен оны кешіремін, оған барлық жақсылықты тілеймін» дегенді өзіңізді мәжбүрлеп айтыңыз. Алғашында қиындау болғанымен, кейін келе үйреніп кетесіз және соған орай әлгі жау санаған адамыңызға деген ренішіңіз азайып, кейін келе мүлдем жоғалады. Жалпы, ауырғыңыз келмесе, ешқандай адамға өкпе-ренішті сақтамаңыз, оны санаңыздан шығарып тастаңыз. Сонда лас энергия кетіп, ауру болмайды.

Адамдармен қатынасыңызға қатты көңіл бөліңіз. Ешкіммен ұрыспауға, ренжіспеуге тырысыңыз. Реніш бола қалған жағдайда сол сәтінде кешірім сұрап, жуып-шаюға күш салыңыз.

Таңертең ерте 20-30 минуттай маха-мантраны қайталаудың ақыл-ойды тазартуға үлкен ықпалы болады. Маха мантра 16 сөзден тұрады: Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна, Кришна, Харе, Харе, Харе Рама, Харе Рама, Рама, Рама, Харе Харе. Даусыңызды өзіңіз анық еститіндей етіп ақырын қайталаған жөн. Маха мантра ақылыңызды тыныштандырады және көп ұзамай бойыңызда сабырлылық, байыптылық, кішіпейілдік, кешірімшілдік, қайрымдылық, жомарттық сияқты жақсы имани қасиеттердің орныға бастағанын сезінесіз. Жалпы, маха мантраның тигізетін оң ықпалы өте көп.

Осы аталған әрекеттерді жасап жүрсеңіз, денсаулығыңыз біршама жақсы болып, түрлі қатерлі дерттерден аулақ боласыз. Ең бастысы, көңіл күйіңіз жақсарып, айналадағы адамдармен қарым-қатынасыңыз дұрысталады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика