Ажалдың астарындағы ақиқаттар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адам үшін шешімі жоқ мәңгі жұмбақ құбылыстардың бірі – өлім. Өлімнен кейін адамды не күтіп тұр? Бұл сауалға нақты жауап беретін жан жоқ. Рас, ислам, христиан, буддизм сияқты дәстүрлі діндердің өлімнен кейінгі адамның ахуалы жайындағы өз түсінік-ұстанымдары бар, дегенмен, ол жұрттың бәрі жүз пайыз шындық деп қабылдайтындай ақиқат деуге болмайды. Өйткені, басқаны былай қойғанда, сол дәстүрлі діндерді ұстанатын адамдардың өз арасында оған күмән келтіретіндер аз емес. Осы орайда, өлімнен кейінгі адамның ахуалын түсіндіретін сенімді негіз ретінде соңғы жылдары көбейіп кеткен өліп тірілген адамдардың бастан кешкен жайларын қарастыруға болады. Бүгін біз сондай оқиғалардың біріне назар аудармақпыз.

Айтып келмейтін ажал

Бұл оқиға 1990-шы жылдардың ортасында Ресейде орын алған. Бұрын Қырғызстанда тұрған екі баласы бар отбасы атажұрты Ресейге қоныс аударып көшіп келеді. 90-шы жылдар бұрынғы КСРО елдері үшін аса ауыр қиын кезең болғаны мәлім. Қоныс аударған отбасы жатақханадан бір бөлме алып, сонда тұрады. Отағасы ағаш кесетін кәсіпорында жұмыс істесе, әйелі уақытша жұмыссыз үйде отырады. Ұлы мен қыздары мектепте оқиды.

Бұл қыстың қытымыр суық аязды күндерінің бірі еді. Жұмыстан келген отағасы еденде жатып, теледидар көреді. Әйелі кешкі тамақ қамымен жүреді. Еденде жатқан отағасы бір кезде «табаным суынып кетті» дейді. Әйел оған құлақ аспайды. Сәлден соң «суық тіземе жетті, бұл не болды екен» дейді отағасы тағы да. «Аяғың тоңса, одеял жамылып жат» дейді әйелі. Бір кезде отағасы орнынан тұрып, дәлізге шығады. Жатақхананың әжетханасы ортақ және дәліздің шетінде екен.

Әйел күйеуінің тәлтіректей басып бара жатқанына қарап, ішіп алды ма екен деп ойлайды. Оның жұмыстан ішіп келетін кездері болатын. Дегенмен, сол күні ол арақты ауызға алмай сау келген. Кенет тарс еткен дауысты естіп, әйел бөлмеден шыққанында, әжетхана есігінің алдында құлап жатқан күйеуін көреді. Ол жанұшырып жүгіріп келгенінде, шалқасынан құлаған күйеуінің денесі дірілдеп, сосын тоқтай қалады.

Әйел күйеуін қанша жұлмаласа да, қозғалмайды. Оның жанұшырған айқайына басқа көршілер жиналып қалады. Олардың арасында медбике болып жұмыс істейтін жас келіншек құлап жатқан еркектің қолының тамырын ұстап көріп, «өліп қалыпты» дейді күбірлеп.

Мынаны естігенде одан сайын есі шыққан әйел «жоқ, ол өлген жоқ, жедел жәрдем шақырыңдар» дейді жанұшырып, өзі күйеуінің аузына аузын тақап, жасанды демалдырғысы келеді. Бір әйел сол арада дереу киініп алып іргедегі дүкенге барып телефон соғып, жедел жәрдем шақырады.

Өліп тірілген адам

Кейін бастан кешкен осы оқиға жайында журналистке сұхбат берген ерлі-зайыптылардың сөзіне назар аударып көрелік. Әйелдің айтуынша, қимылсыз қалған күйеуін қанша жұлқыласа да, аузын аузына тақап жасанды дем салып, көкірегіне массаж жасап көрсе де, ол қозғалмайды. Медбике келіншек «өліп қалыпты, енді еш қайран жоқ» дейді үзілді-кесілді. Сол сәт қатты күйзеліске түскен әйел «енді не істеймін» деген ауыр ойға кетеді. Жаңа көшіп келіп, қоныстанған олардың тұрмыс жағдайлары өте ауыр еді. Жалғыз асыраушысы саналатын отағасы өлсе, күніміз не болады деген ауыр ой оны есеңгіретіп тастайды.

-«Қалай жерлеймін?» деген сауал санамды тілгіледі. Сол сәт қайдан келгенін білмеймін «көршілер көмектеседі» деген дайын жауап алдым. «Ал балаларды қалай асыраймын?» деген сауалға «туыстар жәрдем береді» деген жауап естілді. Мына жатақхана бөлмесін отағасы жұмыс істейтін ағаш кесетін кәсіпорын берген, ол өлген соң бөлмені алып қояды ғой. Сонда не істемекпін, деген сауал санамды тіліп өтті. Неге екені белгісіз бұл сауалға жауап болмады.

Қатты қиналған әйел тағдырына налып сол арада тұңғыш рет тізерлеп отыра қалып, «Ей, Исус Христос, егер тірі болсаң, маған, жәрдем ет, асыраушы жалғыз отағасымды қайтар» деп жалбарынады. Жан дауысы шығып, шын ниетімен жалбарынған әйел кенет күйеуінің денесінің дір-дір еткенін көреді. Сол-ақ екен ол есі шығып «тірі, тіріліп келеді» дейді дауыстап. Дегенмен, денесі бірнеше рет дір-дір еткен соң қозғалыс қайта басылады. Медбике келіншек «бұл жантәсілім етер алдынағы дене дірілі» дейді.

Бірақ та, әйел оған сенбей күйеуінің кеудесіне басын қойып, жүрек соғысын тыңдайды. Жүрек тым-тырыс, еш дыбыс жоқ. Десе де, бір кезде алыстан тырыс еткен дыбыс шығады. Содан соң қайта тына қалады. Осылайша анда-санда тырс еткен дыбыс шығарған жүрек дыбысын естіген әйел жиналған көршілеріне «ол тірі, үйге көтеріп кіргізуге жәрдемдесіңдер» дейді. Сол арада екі еркек оны көтеріп, бөлмесіне кіргізіп, төсекке жатқызады.

Жүрегі анда-санда бір соққан отағасы осылай төсегінде түні бойы жатады. Ертеңіне түске жақын көзін ашқан отағасы өзіне не болғанын сұрайды. Өліп тірілген адамның жады жоғалып кетеді дегенді естіген әйел оны шошытпайын деп «ештеңе болған жоқ, жәй сәл есіңнен танып қалдың» деп жауап береді. Сол кезде отағасы «неге алдайсың, мен бәрін де білемін» дейді.

Өлімнен кейінгі ахуал

Журналистке берген сұхбатында отағасы басынан кешкен жайды былай деп есіне алады. «Жұмыстан келген соң жатып теледидар көрдім. Кенет табанымнан басталған суық ақырын жылжып тіземе жетті. Одан әрі көтерілді. Содан орнымнан тұрып әжетханаға бармақ болдым. Арақ ішпегенмін, соған қарамастан мас адамша тәлтіректей басып, әжетхана есігіне жете бергенімде шатқаяқтап құладым.

Мен төбеде қалқып тұр екенмін. Денем жерде жатыр. Жанұшырып жүгіріп келген әйелім денемді жұлқылайды. Аузыма аузын тақап жасанды дем салғысы келеді. Неге екені белгісіз мен сол сәтте өзімді өте жеңіл жайлы сезіндім. Бейне үстімнен ауыр киімді сыпырып шешіп тастаған сияқтымын. Денемді жұлмалап жатқан әйелім мен көршілеріме «оған тиіспеңдер, жайына қалдырыңдар» деймін. Бірақ олар сөзіме құлақ асар емес.

Өзімнің өліп қалғанымды сол сәт мүлдем сезген жоқпын, бірақ тәніме қатысты бірдеңе болғанын түсіндім. Қызығы сол. әйелімнің «оны қалай жерлеймін» деген ойын сөйлеп тұрандай анық ұқтым және «көршілер көмектеседі» деп ойша жауап бердім. Ал жатақхана жайында айтқанында, бұл шынында да қиын мәселе болды ғой деп ойладым. Сол-ақ екен ағаш кесетін кәсіпорын басшысының үйінен бір-ақ шықтым. Ол стол басында әйелі екеуі қымбат бағалы шетелдік шарапты ішіп отыр екен. Столда тақта шокалад тұр.

Мен бастығыма «ертең олай-бұлай болып кетсем, бала-шағамды жатақханадан шығарма» дедім. Бірақ ол мені естімеді. Содан оның назарын аудару үшін иығынан жұлқып қалғанымда, қолым денесінен зу етіп көктей өтті. Сол кезде ғана мен өзімнің өлгенімді шын ұғына бастадым.

Әйелімнің құдайға құлшықыл етіп жалбарынғанын естіген жоқпын, десе де соның әсері болар, тәніме қайта қосылдым. Тәнім сұп-суық және қараңғы көр сияқты сезілді. Ақырындап жүрек соғысы қалпына келіп, денем жылына бастады.

Түйін

Күйеуінің өліп қалғаннан кейінгі жағдайлары туралы айтқанын тексеру мақсатында әйелі ертеңіне оның бастығының үйіне барады. Бастығының әйелімен сөйлесіп, өткен күнде олардың шетелдік шарап ішкенін анықтайды, әйел тіпті, бөтелкені көрсетеді. Шынында да бұл қайран қаларлық жай еді. Тәні дәліздің еденінде өліп жатқан адам қаланың екінші шетіндегі батығының үйінде не болғанын қалай көріп, біледі?

Өліп-тірілген отағасы осы оқиғадан мынадай бірнеше тұжырым жасағанын айтады: 1-ші: ажал күтпеген жерден кездейсоқ келеді, сондықтан әр пенде ажалға әрдайым дайын болуы керек; 2-ші: өлген соң сана жоалып кетпейді, яғни өлімнен кейінгі өмір бар; 3-ші: өлгеннен кейінгі адамның жақсы, не жаман жағдайға ұшырауы тірлігінде жасаған әрекеттеріне тікелей байланысты болады, өлген соң ахуалыңды еш өзгерте алмайсың; 4-ші: өлген адам нәзік тәнге көшеді және ол қалаған жеріне әп-сәтте жете алады, сондай-ақ, адамдардың ойын оқып біліп, оған ойша жауап та бере алады.

Өздерін мәңгі өлместей көріп, өлім туралы мүлдем ойламай қаперсіз жүретін пенделер ажал әкелген осы ақиқаттарды әрдайым есте сақтағандары жөн. Өйткені,  ажал күтпеген жерден және жедел келеді, өлімнен кейін сана жоғалмайды, яғни өмір одан әрі жалғасады, өлімнен кейінгі біздің ахуалымыз тірлігімізде жасаған әректтерімізге тіклей байланысты болмақ, сондықтан өмірде жақсы, сауапты істер істеуге жете көңіл бөлуіміз қажет.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика