27 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Нарық билеген қазіргі заманда жоқшылық тауқыметінен құтылып, бақуатты болсам деп армандамайтын адам жоқ. Бірақ та, қазіргі кезде байлыққа жетудің жалғыз тәсілі болып отырған бизнеспен айналысу екінің бірінің қолынан келмейді. Сонда не істеу қажет?  Азын-аулақ жалақымен жан баққан қарапайым адамдар үшін бақуаттылыққа жетудің ең сенімді және қолжетімді тәсілі – инвестиция.

Инвестор болып, ақшадан ақша жасау өнерін меңгеремін десеңіз, ең алдымен, тәуекелді таразылап, неғұрлым тәуекел деңгейін азайту ғылымын меңгеруіңіз қажет. Байлығы жөнінен әлемдегі ең алдыңғы үштікке ілінген инвестор Уоррен Баффеттен журналист: «сіздің өз ақшаңызды жыл сайын 20 пайыз өсіру құпияңыз неде?» деп сұрағанда ол: «мен ақша салатын обьектіні алдын ала оқып, зерттеп, тексеріп аламын және сенімді екендігіне көзім жеткенде ғана ақша саламын» деп жауап береді.

Инвестицияда жетістікке жетудің ең қарапайым және ең сенімді тәсілі – осы. Яғни, ақша салатын обьектіні алдын ала зерттеп, сенімділігіне барынша көз жеткізіп алып барып, ақшаңызды салуыңыз қажет. Бірақ бұл тәуекелсіз инвестиция деген сөз емес. Сіз қанша зерттеп, зерделегеніңізбен, онда тәуекел деңгейі бәрібір сақталып қалады.

Ақылды, білікті инвестордың білімсіз, наданнан айырмасы мынада: ол инвестициялық тәуекел деңгейін барынша азайтуға күш салады. Ол үшін ақшасын неғұрлым тәуекелі аз, табыс түсіру мүмкіндігі жоғары нысандарға салады және қажетті сақтық шараларын барынша алдын ала қарастырып қояды.

Ол тәсіл бәлкім ақшаңызды аз-аздап салып, өсім дегейін көбейтіп, содан кейін салған ақшаңызды шығарып алып, тек өсімі арқылы өсім алып отыру бола ма, немесе қаржыңызды бір «себетте» емес, әртүрлі қаржы көздеріне салу арқылы тәуекелді азайтуға негізделе ме, оны әр инвестор өзі қарастырады.

Тәуекелді азайтудың тәсілі

Инвестицияда бас айналдырарлық биік нәтижеге жеткен миллиардер Уоррен Баффеттің тәжірибесіне назар аударып көрелік. Ол ақша салатын әрбір обьекті туралы барынша алдын ала мол мәлімет алуға тырысады екен. Әлгі компания туралы қажетті барлық деректерді қарастырып, соларды ақыл таразысына сала отырып, сенімділігіне көзі жеткен кезде ғана ақша салады.

Тәуекелді азайтудың осы тәсіліне жете назар аударып көрелік. Ең алдымен, назар аударатын жай: сіз ақша салғалы отырған компания қанша уақыттан бері жұмыс істеп келеді, осы мәселеге назар аудару қажет. Әлбетте жұртшылықты алдап, алтыннан тау тұрғызамыз деп жалған уәдеге тойдыратын алаяқ компаниялар нарықта көп жұмыс істей алмайды. «Өтіріктің  құйрығы бір-ақ тұтам» демей ме. Әу баста адамдарды алдап, алаяқтықпен ақша табуға негізделген компаниялардың ғұмыры ұзақ болмайды. Ал керісінше, байыпты инвестициялық компаниялар нарық талабына төтеп беріп, ұзақ жылдар ырғақты жұмыс жасайды.

Екінші назар аударатын жай: компанияның табыс көлемі және қаржы жағдайы. Қаржы айналымы көлемі жоғары және инвесторларға жоғары деңгейде өсім беретін компания – бұл өз жұмысын дұрыс жолға қойған байыпты компания. Ондайларға сенуге болады.

Үшінші назар аударатын нәрсе: компанияның орналасқан орны, жұмыс істеп жатқан ортасы, қандай заңмен, қалай жұмыс жасайтындығы.

Төртінші көңіл бөлетін жай: компанияның ұсынған шарты, онда белгілі бір кепілдіктер қарастырылған ба және инвестормен мөр басылған шынайы шарт жасала ма, оыған назар аударған жөн.

Бесінші ден қоятын жай: компанияны басқарып, жұмысын жүргізіп отырған мамандары, ұстанған жұмыс тәсілдері туралы деректердің болуы, яғни кері байланыс қаншалықты жолға қойылған, егер сіз түсінбестік жайларыңыз туралы сұрай қалсаңыз, қанша уақытта, қалай жауап аласыз, осы жайға да жете назар аударған дұрыс болады.

Алтыншы назар аударатын жай: компания ұсынған шарттары қаншалықты қолжетімді, мәселен салатын инвестиция деңгейі, алатын өсім пайыздарының мөлшері, ақшаны шығарып алу тәсілдері, т.б.

Жетінші көңіл бөлетін мәселе: адамдардың сол компания немесе жоба туралы пікірлері қандай? Ол туралы интернеттен ақпараттарды көптеп  таба аласыз.  Міне, негізгі деген осы жайларды толық анықтап алсаңыз, онда ақшаңызды әлгі компанияға сеніп салуға бола ма, жоқ па деген сауалдың жауабын табатын боласыз. Бұл арада тағы да мына жайды естен шығаруға болмайды: ешқандай да компания ешбір адамға 100 пайыздық кепілдік бере алмайды және кез-келген инвестиция – бұл белгілі бір деңгейде тәуекелдің ісі. Инвестиция арқылы табыс табуға ниеттендіңіз екен, онда осы АҚИҚАТТЫ ешқашан есіңізден шығармауыңыз шарт.  

Инвестиция салу қажет пе?

Ақшаңыздан айрылып қалу қаупі барын біле тұра инвестиция салу қаншалықты қажетті іс? Бұндай тәуекелге барғанша жалақымен жан бағып, ел қатарлы тіршілік еткен дұрыс емес пе? Халық арасында шешуі қиын күрделі мәселелерге орай айтылатын «былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі» деген сөз бар. Бұндай жағдай өкінішке орай, өмірде әредік кездесіп тұрады және оны міндетті түрде шешу қажет болады. Сондайда, арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей, яғни шиеленіскен мәселені  амалын тауып оңтайлы шешу – бұл инвестор боламын деген әрбір адамның бойында болуы тиіс басты қасиет саналады. Егер мұндай қасиет бойыңызда болмаса, онда инвестициямен айналысу, сіз үшін ақшаңыздан айрылудың ең төте жолы болып қалары даусыз.

Рас, инвестиция салмай-ақ, жалақымен жан бағып жүре беруге болады. Дегенмен, қазіргі деңгейдегі жалақымен сіз аштан өлмесеңіз де, еңсеңізді тік ұстап, адам сияқты өмір сүре алмайтыныңыз анық. Қазіргі жалақымен өмір сүремін дейтін адамдардың тірлігін шығыс елдерінде ең ақылсыз, топас жануар саналатын есекті алдау үшін қолданылатын амалмен салыстыруға болар еді.

Есек үстіне жүк артып, алыс сапарға шыққанда жалқаулыққа салынып, аяғын әзер ілбіп басады. Оны үнемі таяқпен ұрып отыру қажет болады. Оның өзінде таяқ жанына батқанда сәл-пәл аяғын жылдам басқанымен, сәлден соң қайта бұрынғы тасбақа аяңына түседі. Осылайша, барар жеріне барғанша адам есектен бетер шаршап, азапқа түспек. Осыдан құтылып, есекті жылдам жүруге мәжбүрлейтін амал бар, ол үшін қожайын есектің басына салынған ноқтаға сым байлап, оған бір уыс шөпті қыстырып қояды. Есек әлгі шөпті жегісі келіп алға ұмтылады, бірақ, ноқтаға қыстырылған шөп есек алға жылжығанда ол да алға жылжиды. Осылайша, ақымақ есек шөпке жетемін деп барар жеріне дейін желіп отырады. Барған соң қожайын әлгі бір уыс шөпті есекке береді, ол ауыз толтырып асауға да жарамайтын бір уыс шөпті қылғытып алады. Осыдан кейін қайтар жолда қожайын тағы да есектің ноқтасына бір уыс шөп қыстырады. Осылайша, ауыз толтырып асауға жарамайтын бір уыс шөпке жетемін деген есек байғұс ақ тер, көк тер болып шапқылайды да жүреді. Жалақымен күн кешетін адам да сол сияқты ауыз жарығысыз жалақы үшін ақ тер, көк тер болып зейнеткерлікке шыққанша аласұрып жұмыс істейді. Содан кейін қартайып, жұмысқа жарамсыз болып қалған қарияға азын-аулақ зейнетақы беріп, алдап-сулап шығарып салады. Сөйтіп, ол адам өле-өлгенше тойып тамақ ішпей, жарқырап киіне алмай кедейшілікпен күн кешеді.

Бұндай жоқшылықтан құтылып, қаржылық бостандыққа қол жеткізгіңіз келсе, онда ақшадан ақша жасау өнерін, яғни инвестицияны үйреніп, меңгеруіңіз қажет болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика