Бақытты болудың құпиясы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бақытты болғысы келмейтін адам жоқ, десе де, бақыт құсы екінің бірінің басына қонбайды. Бақытты болу кездейсоқтық па? Жоқ. Егер ақыл көзімен байыптап қарайтын болсаңыз, бақытты адамдардың сондай игілікке кезедйсоқ жетпегенін, бұл саналы және мақсатты жүргізілген жұмыстардың нәтижесі екендігін ұғынуға болады. Сонымен, бақытты болу үшін не істеу қажет?

Болашағы үшін өмір сүретіндер

Өткен ғасырда АҚШ-тың бір ғылыми-зерттеу мекемесі мектеп оқушылары арасында мынадай тәжірибе жүргізеді. Тәжірибеге тартылған оқушыларға екі түрлі шарт ұсынады: 1 – саған күн сайын 1 доллардан ақша береміз; 2 – он күн өткен соң бірден 15 доллар береміз.

Бұл тәжірибеге 100 оқушы бала тартылыпты. Балалардың 90-ы алғашқы шартты қабылдап, күн сайын 1 доллар алып отырғанды жөн көреді. Тек 10 оқушы тәжірибе уақыты біткен соң, яғни 10 күн өткеннен кейін 15 доллар алуға келіседі. Мекеме өз уәдесінде тұрып, балаларға қажетті мөлшерде ақшаларын береді.

Арада 20 жылдай уақыт өтеді. Әлгі мекеме тәжірибеге тартылған балалардың қазіргі жағдайын білмек болады. Күніне 1 доллар алуға келіскен 90 баланың бәрі дерлік ортақол жұмыс істеп, кейбіреулері жұмыссыз жүр екен. Ал он күн өткен соң бірден 15 доллар алуға келіскен 10 баланың бәрі колледж, университет бітіріп, жалақысы жоғары жұмысқа орналасқан, екеуі ірі компанияның менеджері болыпты.

Осыған қарап, тәжірибе жасаған мекеме мамандары мынадай тұжырым жасайды: бүгінгі күннің өлшемімен, яғни қазір ақшам болса болды деп санайтын балалардың тұрмыс жағдайы дұрыс болмайды, өйткені олар бүгінгі күннің өлшемімен ғана өмір сүреді, ертеңгі болашағын ойламайды. Ал он күннен кейін басқаларға бергеннен біршама артық ақша алуды ойлап, күтуге келіскен балалар ертеңгі болашақ үшін өмір сүретін азамат болып өседі, соған орай өмірде жақсы табыстарға жетеді.

Инвестиция бақуаттылыққа бастайтын жол

Қазіргі нарық жағдайында мол ақша табу, бақуатты болу – екінің бірінің арманы. Жасыратыны жоқ, бақытты көп адамдар байлық деп түсініп жатады. Оның астарында шындық жоқ емес. Өйткені, қазір ақшаға бәрін де сатып алуға болады. Бірақ та, бақуаттылыққа жету екінің бірінің маңдайына жазылмаған.

Жоғарыдағы АҚШ мекемесінің балалар арасында жасаған тәжірибесін еске түсіріп көрелік. Қазіргі күннің өлшемімен өмір сүретін, ертеңгі күнін ойламайтын балалардың болашағы қиын болды. Өйткені, олар тапқандарын бүгін жұмсап, ертеңгі күнді ойламайтын. Ал он күн өткен соң өзгелерден көбірек ақша аламыз деп, сонша уақыт күтуге келіскен балалар болса, ертеңгі болашақтары үшін еңбек ететіндер еді. Сондықтан, оларыдң өмірде жолдары болды. Бұл – кездейсоқтық емес, бұл – өмірдің заңдылығы.

Жер бетіндегі адамдардың 90 пайызы кедейшілікте өмір кешеді, өйткені олар бүгінгі күннің өлшемімен өмір сүріп, ертеңі үшін еш әрекет жасамайды. Ал қалған тұрғындардың 10 пайызы барша байлықтың 80 пайызын иеленген,оларыдң бәрі болашақ үшін өмір сүргендіктен, сондай табысқа қол жеткізген.

Табысқа жетудің кілті мынау: бүгін болатын қолайсыздықтарға қарамай, ертеңгі күніңіз үшін игі істер атқарыңыз, сонда болашақта сол игіліктермен қауышатын боласыз. Ал бүгінгі күннің өлшемімен өмір сүріп, ертеңіңіз үшін ештеңе істемейтін болсаңыз, боашақта ешқанадй игілік таппайсыз. Егер сіз ай сайын табысыңыздың кем дегенде 10 пайызын депозитке салып отыруды берік өмірлік әдетке айналдырсаңыз, бес-он жылдан соң жақсы капиталыыз болады. Осы уақыт ішінде сіз ақшаны көбейтудің де біршама тәсілдерін меңгересіз. Ал одан әрі ақшаңызды біршама көбірек өсіретін жобаларға сала отырып, 15-20 жылда сол ақшаңыздың өсімімен еркін өмір сүретін жағдайға жетесіз. Бұл – 2х2=4 деген сияқты ақиқат.

Мына жайға назар аударыңыз: егер сіз ай сайын ақшаңызды сақтап, инвестицияламайтын болсаңыз, тапқаныңызды түгел жаратып, 10, 20, тіпті 30 жылдан соң да қалтаңызда көк тиыныңыз жоқ кедей болып қаласыз. Мәселен, жалақының көп-аздығында емес, бар мәселе ай сайын ақшаңыздың бір бөлігін инвестициялауда. Бақуаттылыққа жетудің бар амалы – осы.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика