Бақыт құсының баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзіндік даму1Бақыт құсы басыңа қонса жолың ашылып, ойыңа алған бар арман-мақсатың орындалады деген түсінік ертегінің кейіпкерлеріне тән ұғым болса керек. Қазіргі заманда «бақыт құсы» бағдарламасы жұмыс істемейді. Ойыңа алған мақсатыңа жету үшін міндетті түрде тер төгіп, еңбектенуің, оған жеткізетін амал-тәсілдер мен білім-біліктілікті меңгеруің қажет.
Бірақ та, ғылым мен техника шарықтап дамыған қазіргі заманда да «бақыт құсы» туралы әфсәнаға сенетіндер бар. Осыған орай, адамның «жолын ашып, басына бақыт құсын қондыратын» өнерді үйретеміз дейтін «ұстаздар» да жер-жерден көптеп шығып жатыр.

Бақыт деген жан қинамай мақсатқа жету ме?

Өзін-өзі жетілдіру курстарының көптеген авторлары интернет арқылы өздерінің электронды кітаптарын, бейне-дыбыс курстарын тықпалап, осыны сатып алсаңыз ойыңызға алған мақсатыңызға жетудің кілтін қолыңызға ұстайсыз деп азғырады.
Ал базарда отырып бал ашатын көріпкелдер «жолыңызды ашамын, бойыңызға жабысқан қырсықтан арылтамын» деп үйіп-төгіп уәде беріп, ақша төлеуді сұрап жағадан алады. Ондайлардың азғыруына түсіп, ақшасы беріп «жолы ашылмағанына» ренжіп жүргендер аз емес.
Шындығында мұның бәрі надандықтан туған адасушылық десек, шындықтан алыс кетпеспіз. Өйткені, білім – жарық нұр, надандық – қараңғы түн. Жарықта жан-жағың көзге анық көрініп тұрады, сіз қайда бағыт ұстануды жақсы білесіз. Ал қараңғыда оңтүстік қайда, солтүстік қайда екенін ажырата алмай, адасасыз.

Осыны пайдаланатын пысықайлар қолыңызға бақытқа бастар «сыйқырлы таяқшаны» ұстатамын деп жалған уәдемен алдап, ақшаңызды бір сыпырады, одан қалды алтын уақытыңызды сарып қылып, өнбейтін іспен әуреге түсіп және адасасыз.

Бақытқа бастар жол – адал еңбек пен білім.

Неге біреу ілім-білімді тез меңгереді, енді біреулер түк ұқпайтын тайыз ойлы, неге біреу талантты, енді басқаларда қабілет-қарым дегеннің ізі де жоқ. Адамдардың арасындағы осындай әртүрліліктің себебі неде?

Көп адамдар оның бәрін тағдыр деген жалғыз ұғымға артып, өздерін барлық жауапкершіліктен босатып алып жатады. Шындығында Жаратқан адамдарға тағдыр жолын таңдау еркін берген. Мұның өзін белгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жақсы болсам өзімнен, жаман боласм өзімнен» деген өлеңімен түсіндіруге болады.

Егер сіз тағдыр жолыңызды өзгертіп, жаныңыз қалған іспен айналысқыңыз, биік мақсаттарға жеткіңіз келсе, онда «бақыт құсы» туралы түсінікті санаңыздан мүлдем шығарып тастаңыз. Бақыт құсы деген жәй ертегі, бақытқа сіз адал еңбекпен, терең біліммен ғана жете аласыз. Бұл – ақиқат.

Саяжай иелері туралы әңгіме.

Көрші тұратын екі кісінің қала сыртында саяжайлары болды. Екеуі бір мезгілде алса да, саяжайдың бірі жыл сайын иесіне мол өнім беріп, жайқалған бау-бақшаға айналса, екіншісі арамшөп басып текке жатты. Алғашқы саяжай иесі екі қабатты әдемі үй тұрғызып алса, екіншісі ағаштан қалқайтып күрке орната салды.

Бірінші саяжайдың иесі көктем шыға саяжайға барып, бақшаны баптап-күтуге кіріседі. Ала жаздай ол саяжайдан шықпайды. Сенбі-жексенбі күндері сонда түнеп, күнұзақ жұмыс істейді. Екінші саяжайдың иесі көктемде жұрттан қалмайын деп барып картобын отырғызады да, содан кейін жұмысты сылтауратып саяжайға ат ізін салмайды.

Күзде алғашқы саяжайдың иесі жылдағыдай тағы да мол өнім жинады. Оның картоптары өте ірі болды. Екінші саяжай иесі бір қапқа толмайтын картоп қазып алды және картобы ұсақ екен. Осыған ренжіген ол көрішісіне: «сенің қандай құпияң бар, жыл сайын көп өнім аласың және картобың да ірі» деп сұрады.

Мұның сыры мынада, -деді көршісі, — адал еңбек пен білім. –Мен картопты қалай баптап, өсіруді білемін және сол білімді тәжірибеге қолданып, еңбек етемін.
Бірақ өзінің жолының болмаушылығын қыр соңынан қалмаған қырсықтан көретін көршісі табысқа жетудің кілтін дұрыс түсінбеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика