Бай адамның бәрі ақылды ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

19 миллиондай халқы бар Қазақстанда 153 миллионер бар екен. Онға тарта миллиардер бар. Енді өзіңіз ойлап қараңыз, миллион долларға не сатып алуға болады? Өте көп нәрсені. Бұл қырауар ақша және сонша ақшамен бір отбасын емес, ондаған, тіпті жүздеген отбасын асырауға болар еді. Дегенмен де, әлгі қырауар ақшаны жинап алған миллионер, миллиардерлер сол ақшасын тек өздері мен отбасы мүшелеріне ғана жұмсайды.

Ақша табу ақыл мен білімді қажет ете ме?

Жоғарыда айтқан еліміздегі миллионерлер мен миллиардерлердің бәрін өте ақылды және өте білімді деп айтуға бола ма? Егер қарапайым халықтан осындай сауалнама жүргізер болсаңыз, олардың басым көпшілігінің бай-бақуатты адамдарды ақылды және білімді деп санамайтынын білер едіңіз. Өйткені, өкінішке орай, біздің еліміз қазір капитализмнің алғашқы сатысында, яғни капиталдың жинақталу кезеңінде өмір сүріп жатыр. Ал алғашқы капитал көбінесе лас жолмен жиналатынын тарих тәжірибесінен жақсы білеміз. Біздің елімізде де жоғарыда аталған байлардың басым көпшілігі байлыққа ақыл және білімдерінің күшімен емес, лауазымды қызметтерін пайдаланып және тамыр-таныстықтың арқасында жеткенін жұрт жақсы біледі.

Ал енді дамыған капиталистік елдерде мол байлыққа адамдар көбіне ақылдарымен және білімдерімен жетіп жатады. Дегенмен, бұның өзін Жаратқан берген бір саладағы талант-қабілет деп айтуға болар еді. Мәселен, біреу туа бітті әнші, суретші, сазгер болуы мүмкін. Біреу ғалым болып бір салада өле өлгенше еңбек етеді және биік табыстарға жетеді. Енді біреу он саусағынан өнері тамған зергер, тағы біреу құрылысшы немесе малшы болуы мүмкін. Яғни, Алла әр пендеге белгілі бір сала бойынша жетістікке жететін қарым-қабылет береді екен.

Ақша табу да өнер. Оған да қарым-қабылет керек. Мәселен, мен бірнеше жылдан бері ресейлік Лайф из гуд деген млм компанияда жұмыс істеп келемін. Анау айтқандай биік жетістікке жеткенім жоқ. МЛМ компанияда әдетте табысқа жету үшін көп адам шақырып, өз командаңды құруың керек. Интернет арқылы адам шақырудың біраз қыр-сырын меңгергенім, сол бағытта біраз жұмыс істегеніме қарамай, онша табысқа жете алмадым. Ал анау айтқандай білімі жоқ, асып бара жатқан ақылды да емес, дегенмен адамдармен тез тіл табысып, жұғысып кететін бірқатар жандардың тез жетістікке жеткенін көрдім. Олардың бірнешеуі тіпті, долларлы миллионер болып үлгірді.

Сонымен, бұдан шығар қорытынды: ақша табуға үлкен білім мен ақылдың қажеттілігі жоқ, ол да аспазшы, зергер, суретші, әнші сияқты Алла берген қабылетпен келетін жетістік. Сондықтан, байлыққа жеткен адамның бәрін өте ақылды және білімді деу шындыққа жанаса қоймайды.

Байлық адамға ауыртпалық та әкеледі

Кедей адамда оншалықты көп проблема болмайды. Ал адам байыған сайын, мол ақша жиналған сайын проблема да көбейе түседі. Ол ақшаны сақтау және одан әрі көбейту – бұл қырауар күш-жігерді, жұмыс істеуді, жүйкеге салмақ түсіруді қажет етеді. Яғни, байлық адамға ауыртпалық әкеледі.

Мен бір аса бай кісіні жақсы білемін. Оның баспа қызметін көрсететін кәсіпорны бар. Өзі сол кәсіпорын аумағында отбасымен бірге тұрады. Сырты биік қоршаумен қоршалған, ауызда күндіз-түні күзетші тұрады. Әлгі байшыгештің немерелері көшеге шығып қыдырмайды. Олар кәсіпорыннның ішкі ауласында ойнайды. Ол ешкіммен араласпайды. Әлгі кәсіпкердің шетелдерге шығып, қыдырып, көңіл көтергенін де естімеппін. Жыл он екі ай кәсіпорнының ішінен шықпай, бар өмірін өткізіп келеді.

Соңғы жылдарда орын алған пандемия көптеген ірі және орта деңгейлі кәсіпкерлердің кәсібіне  кері әсерін тигізді. Салтанатты мейремханалар мен тойханалар қаңырап бос тұр. Ірі сауда орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді. Бұның бәрі кәсіпкерлердің қалтасына салмақ түсіріп, жүйкелерін жұқартуда.

Бай адамдар әрдайым үрей мен қорқынышта жүреді. Өйткені, оның байлығына көзін сүзетіндер көп және әрдайым болып тұратын экономикалық-қаржы дағдарыстары да жүйкесіне әсер етеді. Туған туыстары, таныстары үнемі қарыз сұрап мазасын алып жатады.

Адамға көп ақша қажет пе?

Егер сіз жан-жағыңызға ақыл көзімен байыптап қарар болсаңыз, азығын арқалап жүрген, ертеңгі күнін ойлап қор жасайтын жан-жануар мен аң-құсты көрмейсіз. Рас, құмырсқа сияқты бірлі-жарым жәндіктер қыс қамын ойлап, азық қорын дайындайды. Ал басқа аң-құстар мен жәндіктер Жаратқан берген бұйырған несібесін ғана жеп, соны қанағат тұтады.

Мен тұратын үйдің жанында аулада үнемі көгершіндерге нан қиқымын шашып беретін кемпірді білемін. Көгершін, торғайлар ол шашқан нан қиқымын жейді де жөндеріне кетеді. Нанды ұясына тасып, ертеңі үшін қор жасап жатқан еш құс жоқ. Және мынаған назар аударыңыз: ертеңі үшін қор жимайтын торғайлар мен көгершіндер гүр-гүрлеп, шырылдап уайымсыз көңілді тірлік кешеді. Олар байлыққа белшеден батқан, бір жыл емес, он, тіпті жүз жылдық өміріне жететін ақша-дәудеті бар, бірақ үнемі қабақтары қарс жабылып, уайым-қайғы тұңғиығынан шыға алмай жүретін байлардан мың есе бақытты емес пе?

Егер бай адам ақылды болса, күні ертең өлген соң адыра қалатын сонша байлықты жию үшін бар күш-жігері мен өмірін түгел сарып қылмас еді. Жәрайды, бір-екі жылға жететін дәулет-қорыңды жина, одан көптің қажеті бар ма? Бар өміріңді қайтсем ақша табамын деумен арпалысып өткізбей, айналаңдағы адамдармен жылы қатынас жасап, көңіл көтеріп, көңілің қалаған іспен айналысып, дұрыс өткізуге болады емес пе. Міне, соған ақылы жетпеген пендені ақылды деуге бола ма?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика