Байлану – адамның басты жауы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қылмыскерлердің арасында мынадай түсінік бар: әрбір адамның әлсіз жағы болады, сол әлсіз жері арқылы пендені айтқанға көндіріп, өз дегеніңмен жүргізу қиын емес. Ал адамның әлсіздігі – байланған  рахат алу нысаны. Осыған орай, адамның ең басты және қатерлі жауы – байлану десек, шындықтан алыс кетпейміз.

Байлану адамға бақыт әкеле ме?

Біз бала кезімізден бастап әртүрлі сезім нысандарына байланамыз. Ол ата-анамыз, туыс-бауырларымыз, сыныптас достарымыз, болмаса балмұздақ, конфет-печенье сияқты тәттілер немесе фудбол, бокс сияқты спорт ойындары бола ма, әйтеуір соған байланып, сол сезім нысандары арқылы рахат алғымыз келеді.

Бұл сезім нысандары адамға біршама рахат береді, бірақ та сол сезім нысандарын жоғалтып аламын-ау деген қауіп арқылы пендені үнемі үрей мен қорқынышқа түсіретіні де бар. Бала өсе келе байланатын сезім нысандарының саны көбейіп, ауқымы кеңи түседі. Темекі тарту, арақ-шарап ішу, құмар ойындарын ойнау, қыз-келіншектермен жақындасу сияқты болып жалғасатын сезім нысандары жасөспірімнің санасын баурап алып, оны еркінен тыс түрлі теріс әрекеттер жасауға мәжбүрлейді.

Сезім органы ретінде ақыл адамды үнемі сезім нысанына байлап, сол арқылы мынадай рахат алуға болады дегенді санасына сіңіреді. Ол сезім нысаны сұлу қыз, ақша, қымбат автокөлік, арақ-шарап немесе есірткі болуы мүмкін. Ақыл адамды былай азғырады: «мына қызбен жақындассаң, мынанша рахатқа батасың, қарашы қандай сымбатты, сұлу, оны құшсаң сезім рахатына шексіз кенелесің» дейді. Ақыл-санасы осындай ойлармен тұмшаланған адам қайткен күнде де сезім нысанын қолға түсіруге жанталасады.

Дегенмен, шынайы өмірде жағдай басқаша болып шығады. Мәселен, ақылдың азғыруымен сезім нысанына қол жеткіздің дейік. Бірақ ол өзің күткендегіден әлдеқайда аз көлемде рахат әпереді және ол рахаттың өзі өткінші болып шығады. Зерделі адам осыдан кейін сезім нысанынан бас тартуы қажет. Дегенмен, зердесін шел басқан пенде ақылдың азғыруына еріп, одан сайын құрдымға құлдырайды.

Ақыл адамды былайша азғырады: «мына қыздан сонша рахат ала алмадың, бірақ та, күдеріңді үзбе, басқа қыз тап, одан шын мәнінде үлкен рахат табасың». Осыдан кейін ол қыз-келіншектерді жағалап, зинақорлыққа салынады. Ақырсында зинаға әбден байланып, зина жасау өмірлік қажеттілігіне айналады. Ал бұндай байлану түптің түбінде үлкен қасыретке ұрындырады.

Сезім нысанына байланудың қатері

Осыдан біраз жыл бұрын  «Көкшетаудың маньягы» атанған Боқынов деген азаматтың сотына қатыстым. Бұрын да қыз зорлап сотталған ол, түрмеден босаған соң баяғы әдетіне тағы басып, түн жамылып жалғыз келе жатқан қыз-келіншектерді қорқытып, зорлаумен айналысқан. Оның құрығына біраз қыз-келіншек түседі. Түнде жалғыз келе жатқан әйелді зорлайтын белгісіз адамның пайда болуы сол тұста көкшетаулықтарды қатты үрейлендірген еді.

Кезекті бір түнгі жорығы кезінде Боқынов полицияның қолына түсіп, іс сотқа жетті. Сот барысында оның жасаған сойқан әрекеттері түгел ашылды. Нәпсінің құлына айналған отызға жаңа шыққан жігіт әйелдерге ойына келгенді жасап, неше түрлі арсыздықтарға барған және сол арқылы рахатқа кенелмек болған.  Оның қаншалықты рахат алғанын кім білсін, сот шешімімен ол 19 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейтін болды. Міне, сезім рахатына байланудың әлгі азаматқа әкелген «рахаты» осы болды.

Мансапқа қатты байланған бір кісі ақырсында сол байлану нысанының салдарынан азап шегіп, қайтыс болды. Ол ұзақ жылдар басшылық қызметтер атқарды. Оның тағы бір әлсіздігі, арақ-шарап ішуді жақсы көретін. Біреулер соны пайдаланып, араққа тойғызып, полицияға ұстап береді. Үлкен лауазым иесінің арақ ішіп мас болып, бұзақы әрекет жасауы ізсіз кетпеді. Ол қызметінен айрылып, жәй айрылып қоймай, болашақ мансап жолына балта шабылды. Осыған шыдамаған әлгі кісі жүрегі ауырып, содан қайтыс болды.

Жалғыз ұлына қатты байланған бір кісі ұлы қайтыс болған соң өмірден түңіліп, араққа салынды. Ақырсында ол БОМЖ атанып, қаңғыбастыққа салынып кетті. Өкінішке орай, өмірде мұндай жағдайлар өте көп кездеседі. Алғашында сезім рахатын әкелетін байлану нысаны, кейін қасырет көзіне айналатын жайлары көп кездесіп жатады. Ондай жағдайда адам күрт сынып, өмірден түңіледі. Сезім нысанына шектен тыс байлану ешқашан адамға жақсылық әкелмейді. Сондықтан, кез-келген сезім нысанына қатты байланудан сақ болған жөн.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика