61 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Біз капитализм атап кеткен нарыққа негізделген ақша  билеген бүгінгі  қоғамда адамдар бір-біріне қарама-қайшы екі тапқа жіктелген: байлар және кедейлер. Байлар азшылықты құраса, кедейлер қоғамның  көпшілік бөлігін құрайды. Адамдар неге осындай екі тапқа жіктеледі, неге біреу бай, екінші біреу кедей, бұл тағдыр маңдайға жазған өмір жолы ма, әлде адамдардың ақыл-санасына байланысты болатын өзгешелік пе? Мақаламызда осы мәселеге өзімізше талдау жасап көрмекпіз.

Екі түрлі жол

Кәмелетке толып, үлкен өмірге қадам басқан әрбір жастың алдында ерте ме, кеш пе, тағдыр мынадай екі жолдың бірін таңдау міндетін қояды: 1-ші жол – табыс – жарату – қарыз; 2-ші жол – табыс – сақтау – көбейту. 1-ші жол адамды әрдайым мұқтаждық пен кедейшілікте ұстаса, екінші жол белгілі уақыттан кейін міндетті түрде молшылыққа жеткізеді.  Енді мана жайға назар аударыңыз: адамдардың 80 пайыздан астамы кедейлік құрсауында ұстайтын 1-ші жолды таңдайды екен. Кедейлердің қоғамда көп болуы да тікелей осыған байланысты екені анық.

Неге адамдар бірінші жолды таңдайды? Оның жауабы біреу ғана: өйткені бұл жол оңай және қолжетімді. Кәмелетке толған ақыл-есі бүтін, дені сау адамдардың бәрі жұмыс істеп ақша табады. Мәселе, ол тапқан ақшаның көп-аздығында емес, бар гәп: сол ақшаны қалай пайдалануда. Тапқан ақшаны үнемді жұмсап, сақтау екінің бірінің қолынан келмейтін қиын шаруа. Ал ақша қолына түссе болды, дүкенге асығатын, қажет пе, қажет емес пе қарамай көзіне түскенді түгел сатып алатын, не болмаса қымбат дәмханалар мен мейрамханаларға барып, көңіл көтеретін, бар ақшасын сонда қалдыратын адамдар көп және бұны жасау еш ақылды, ерік-жігерді қажет етпейтін оңай шаруа.

Мен Ютубтегі каналымда өзін-өзі жетілдіруге байланысты біраз видеосабақтар түсірдім. Олардың біразы ақшаны үнемдеуге, сақтап, көбейтуге арналған видеороликтер. Сол видеоаларға қатысты біраз адамдар түрлі пікерлерін қалдырып жатады. Айына 500 мың теңгедей табыс табатын біреу «ақшаны үнемдеу қолымнан келмейді, 500 мың теңге жалақым бір айға жетпей, қарыз алып жүремін» деп жазыпты. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі осындай, яғни табыстары бір айдан екінші айға жетпей, қарыз алып, немесе кредит алып, қарызға батып жүреді. Әрине, бұндай жандардың қанша табыс тапқандарына қарамастан, ешқашанда бақуаттылыққа жете алмайтыны анық. Енді осыларды ескере отырып, кедейлік формуласын былай анықтауға болады: ТАБЫС – ЖАРАТУ – ҚАРЫЗ АЛУ.

Байлыққа жетудің кілті

Өзін өзі дамыту ғылымының білікті сарапшысы американдық Брайан Трейси бар өмірін осы тақырыпты зерттеуге арнаған екен.  Өз еңбегімен байлыққа жеткендердің өмір тәжірибелерін сараптай келе ол мынадай қортынды жасайды: байлыққа жету үшін мына қағиданы берік ұстансаңыз жеткілікті: тапқан табысыңызды үнемді жұмсап, бір бөлігін сақтауды берік әдетке айналдырыңыз және сақтаған ақшаңызды банк депозиті, құнды қағаздар және т.б. құралдар арқылы көбейтуге көңіл бөліңіз. Міне, сонда сіз белгілі уақыт өткен соң міндетті түрде байлыққа жетесіз.

Осыдан мынадай түйін жасауға болады, байлыққа жетудің формуласы мынадай: ТАБЫС – САҚТАУ – КӨБЕЙТУ. Сіз тапқан жалақыңыздың бір бөлігін үнемі қалдырып, депозитке салып, болмаса құнды қағаз сатып алып отырасыз, осылайша ақшаңыздың бір бөлігі сақталып және көбейе береді. Ұлы данышпан Альберт Эйнштейннің айтқан «күрделі процент – әлемдегі ең құдыретті күш» деген қағидасына сай, сіз сақтаған ақшаңыз күрделі процент арқылы тез арада өсіп, жылдар өте келе мол қаржыға айналады. Браиан Трейсидің пайымынша, жылына сақтаған ақшаңызды 8-10 процент көбейтіп отырсаңыз, 10-15 жылда байлыққа қол жеткізесіз. Бұл 2х2=4 деген сияқты айнымас қағида.

Жоғарыда келтірген байлыққа жетудің формуласы мүлтіксіз жұмыс істейді. Осы ақиқатты түсініп, соны іс жүзінде қолданғандар байлыққа жетіп, ал алғашқы жолды таңдап, жеңіл өмір сүргілері келгендер керісінше, өмір үнемі алға тартып отыратын қиындықтардан көз ашпай, тауқыметпен тірлік кешеді.

Мынаған ақыл-оймен барлап қараңызшы: кедейлік адам өмірін жеңілдете ме? Жоқ. Ешқашан да. Кедей адамның күн сайын алдынан шығатын проблемалары көп болады және оның бәрін шешуге пенденің мүмкіндігі жетпейді және ол проблемалардың көбі ақшаны талап етеді. Осыған орай, ақшаны жаратуды жақсы көретін ол пенде ақша табудың жалғыз жолы ретінде біреуден қарыз алуды, болмаса банк кредитіне сүйенуді ғана біледі. Осылайша ол қарыздың құрдымына құлап, ешқашан кедейлік шырмауынан шыға алмайды.

Түйін: Бұл екі жолдың қайссын таңдаған және сол жолмен жүрген болсаңыз да, ол жолды өзгерту ешқашан кеш болмайтынын есіңізде ұстаңыз. Өткен шақты өзгерту мүмкін емес, бірақ болашақта қай бағытқа бағдар ұстанасыз, ол сіздің өз еркіңіздегі шаруа. Егер кедейшілік тауқыметінен құтылғыңыз келсе, байлыққа бастар екінші жолға түсуіңізге әлі де кеш емес. Тағдырыңызды өзгерту ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА.

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика