Басшы барлық жерге керек

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінгі күнгі жаңа типті басшыға деген қажеттілік туындап отырған және олардың алдынан қызмет баспалдағымен өрлеуге кең жол ашуға мүмкіндік беретін бірнеше қызмет салаларына назарыңызды аударғым келеді.

1 Жаңа типті басшылыққа саясат саласындағы қызметте қатты сұраныс болып отырғаны байқалуда. Бұған осы саладағы жекелеген дағдарыстар анық айғақ болады.

2 Қазіргі күні банк жүйесінде де кең қайта құру қажеттілігі байқалып отыр.

3 Жаңа көшбасшыларды өнеркәсіп саласы да күтуде. Жұмыс орнын сақтау үшін басшы өзін адамдардың сенімін ақтайтын және олар тап болған қиындықтарды жұмсартып, жеңілдететін қоғам қайраткері сияқты ұстауы қажет.

4 Болашақ дін қызметшісі ғибадатханаға келушілердің материалдық және басқа да мұқтаждықтарын, жеке басына қатысты мәселелерді шешуге қабілетті, өткенді ғана айтып қоймай, болашаққа ой жүгірте алатын сұңғыла жан болуы тиіс.

5 Жаңа типті басшылар сондай-ақ, құқық, медицина және білім саласында да қажет болып отырғандығы анық сезілуде. Әсіресе, бұл білім саласында қатты байқалуда. Бұл саладағы басшылар адамдардың мектепте алған білімдерін пайдалануына мүмкіндік ашуы қажет. Теория неғұрлым аз болса, соғұрлым дұрыс болмақ. Бұл арада ең бастысы – практика болуы тиіс.

6 Жаңа типті басшылар журнаистика саласына да келуі керек.

Жоғарыда аталған салалардағы жаңа типті басшыларға деген мұқтаждық олардың алдынан болашақ даму биіктеріне кең мүмкіндік ашатыны анық емес пе?

Қазір әлем жедел өзгеру кезеңіне аяқ басты. Бұның өзі адамдардың мінез-құлқы мен әрекет ету бағытына енетін өзгерістерден, ең алдымен тез өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделе білуінен көрініс береді. Менің кітабымда сөз болып отырған амал-тәсілдер басқаларға қарағанда әлдеқайда үлкен көлемде өркениетіміздің даму бағдарын айқындауға мүмкіндік жасайды.

Жұмыс табудың сенімді бес тәсілі

Бұл кітаптан алатын ақпараттарыңыздың бәрі – мыңдаған адамдар өз өмір тәжірибесінде қолданған амал-тәсілдерге сараптама болып табылады. Жеке қызметін ұсынушылар мен сатып алушыларды табыстыратын бес негізгі тәсіл бар екен. Енді соларға тоқталып өтейік.

1 Жалдау бюросы. Сіз өзіңіз сенетін жалдау бюросын ғана таңдауыңыз қажет. Ал ондайлар оншалықты көп емес.

2 Жарнамалар мен хабарландырулар. Газеттерді, апталықтар мен журналдарды қарап, үнемі назарыңызда ұстаңыз. Хабарландыруларға тек соны пайдаланып, жұмысқа орналасқан біреулер болған жағдайда ғана сенуге болады. Жұмыс берушіге де жұмыс іздеушіге де газеттің жарнама бөліміне өз хабарландыруын орналастырудың еш қиындығы жоқ. Жарнаманы қалай сауатты беріп, өзгелерді қызықтыратын сөздермен әрлеуге осы саланың сарапшы мамандары көмектеседі.

3 Өтініштер мен сұрау салулар. Оны сіздің қызметіңізді пайдалануға мұқтаж бизнесмендер мен кәсіпкерлерге жіберу қажет. Хат сауатты жазылып, ұқыпты түрде қатталып, қол қойылып жіберілуі қажет. Хатпен бірге өзіңіздің мамандығыңызға қатысты біліктілігіңіз бен шеберлігіңіз жайында толықтыруды қоса жолдауға болады. Хат пен толықтыруды да осы саланың білгір маманы жасаған дұрыс болады.

4 Таныс арқылы жеке қызметті ұсыну. Мүмкіндігінше, танысыңызға сенбей, жұмыс берушімен бетпе-бет өзіңіздің сөйлескеніңіз дұрыс болады. Егер сіз бәсекелестік болатын қызметке орай қызмет аламын десеңіз, онда ұсақталмай, осы тәсілді қолданғаныңыз жөн.

5 Жекеше сөйлесу. Кейбір жағдайларда хат арқылы өтінішіңізді жолдап жатқанша жұмыс берушіге тікелей барып, сөйлескен дұрыс болады. Хатпен өтініш жіберілген жағдайда жұмыс беруші басқа да үміткерлердің өтініштерімен салыстыра отырып және кеңесшілерінің ұсыныстарын ескеріп шешім қабылдайды. Ал тікелей сөйлесу арқылы сіздің мүмкіндігіңіз арта түспек.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика