Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Өзіміз өмір кешіп жатқан өмір-мектебінің басты мәні неде? Жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты — балаларға білім беру. Өмір-мектептің мақсаты да адамдардың рухани ілім-білім алып, дамуына жағдай жасау. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі өмір-мектептің мақсат-мәнін дұрыс ұғынбайды және соған орай өздерін рухани дамытуға мүлдем көңіл бөлмейді.
Нәтижеге жету үшін алдымен нақты мақсатты айқындап алып, соған жетуге қажетті әрекеттер жасау керек болады. Бұл жайды түсінбеген пенде ешқашан дұрыс нәтижеге жетпейді. Жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында 35 бала оқыдық. Ал арада он жыл өткенде солардың 23-і ғана мектепті бітіріп шықтық. Қалғандары үлгірімі төмен болып орнында қалып қойды немесе сегізінші сыныптан шығып кетті. Ал сол орта мектепті бітірген 23 баланың 7-уі жоғары білім алды. Бұны енді талдау жасап қарасақ, мынадай қортындыға келуге болады: мектеп табалдырығын аттаған 35 баланың 7-уі басты мақсат — ілім-білім алу міндетін толық орындады деуге болады, ал 16 бала өз міндеттерін орташа дәрежеде орындап онжылдықты бітіріп шықты, сегізінші сыныптан шығып кеткен 12 бала мектеп алдарына қойған орта білім алу міндетін орындай алмады.
Өмір мектептегі жағдай да осыған ұқсас. Өмір жолын бірге бастаған адамдардың қол жеткен нәтижелері әртүрлі болады. Біреулер екі дүниенің де игілігіне кенелдіретін жақсы істер жасап, биік нәтижелерге жетеді, ал енді біреулер орташа деңгейдегі нәтижені қанағат тұтады, басқалары өмірлерін босқа өткізіп, нәтижеден аулақ қалады.
“Өзекті жанға — бір өлім” демекші, әрбір пенде міндетті түре ажалдың дәмін татады. О дүниеге адам 4 түрлі нәрсені әкете алады екен: 1-сі — иманы, яғни Жаратқанға деген сенімі, 2-сі — сауаптары, яғни тірлігінде жасаған жақсы істері, берген садақалары мен орындаған діни парыздары, 3-ші өмірден көрген-түйгендері негізінде алған білімі мен сол білімді нақты тірлікте қолдану арқылы тапқан 4- тәжірибесі. Міне, осы 4 игілік сізде мол болса, онда өмірім босқа өтпеді деп санауыңызға әбден болады. Ал егер пендешілік жетістіктерге жетсеңіз де, аталмыш 4 игіліктен аулақ қалсаңыз, онда өміріңізді босқа өткізіп, игіліктен құр қалдым деуіңізге болады.
Адамдардың өмірін ақыл таразысына салып, талдау жасап қарайтын болсақ, пенделердің басым көпшілігінің бақи әлемге алып кететін 4 игіліктен мүлдем алыс қалатынын бағамдауға болады. Адамдардың көбі еш ойсыз айналасындағылардың ықпалымен тірлік кешеді. Олар негізінен 4 шаруамен айналысады: 1- тамақ ішу, 2- ұйықтау, 3-жыныс жақындығына барып, ұрпақ өсіру, 4- қорғану, яғни жеке басының қауіпсіздігін сақтау.
Бұндай 4 әрекет жан-жануарлар мен аң-құстарға да тән. Сондықтан, осындай 4 әрекет шеңберінде тірлік кешетіндерді жануарлар әлемінің ықпалындағы пенделер деуге болады. Сонымен, өмірдің басты мәні — екі дүниенің игілігін әкелетін жоғарыда айтылған 4 игіліктің қорын жасау десек, шындықтан алыс кетпейміз. Ол неден байқалады?
Ең алдымен, адамның бойында имани жақсы қасиеттер орнығады. Олар: сабырлылық, қайрымдылық, кішіпейілдік, жомарттық, төзімділік, кешірімшілдік, нәпсіге бой алдырмаушылық, қанағатшылдық сияқты игі қасиеттер. Иман, яғни Құдайға деген сенім адамның бойында осындай имани қасиеттерді орнықтырады, ал сауап, яғни Құдай жолында берілген садақалар мен мұқтаж жандарға көмектесу, басқа да адамдарға жасаған жақсылықтар — бұл пенденің жүрегін жұмсартады. Өмірден көрген-түйгендерін көкірегіне тоқу арқылы жиналатын білім мен тәжірибе даналық түрінде көрінеді. Дана адамның бойында жоғарыда айтылған имани қасиеттердің бәрі де болады. Осыдан байқайтынымыздай: бақи дүниеге әкететін пенденің 4 игілігі бір-бірімен астасып байланысқан және бірін-бірі толықтырып, бекітіп отырады.
