Байлық басты мақсат болмауы керек

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

мақсатОйлаған арманына жетіп, үнемі табыс биіктерінен көрініп жүретіндер бар да, өмір өзенмен жел айдаған қаңбақтай ойсыз ағып, мақсатсыз өмір кешетіндер бар. Тарихты жасайтындар да, адамзатты дамудың биіктеріне бастайтындар да алғашқы топтағылар. Ал екінші топтағылар қиындықтан көз ашпай, үнемі өздерін жолы болмайтын бақытсыз жан ретінде сезініп жүреді.

Шындығында алғашқы топтағылар табысқа жетудің құпиясын біліп, соны іс жүзіне асырудың арқасында үнемі биіктерден көрінеді де, соңғы топтағылар мақсатты әрекетсіз бақыт құсы басыма қонса бәрі де тамаша болады дейтін ешқашан орындалмайтын қиял ғажайыпқа сенумен өмірін текке өткізеді.

Бастысы – адамдарға пайдаңды тигізу, байлық өздігінен келеді.

Атақты «Секрет» фильмнің авторы қайыршыдан миллионер болған Джо Витале өзінің «Ждите чудес» кітабында табысқа жетудің кілті ниетте екендігін жазады. Ең алдымен, сізде табысқа жетемін деген ниет болуы шарт.
Бірақ адамдардың бәрінде дерлік табысқа жетсем деген ниет болады емес пе? Иә, болады, дегенмен табысқа жеткізетін тылсым кілт – сол ниеттің өзімшілдіктен емес, өзгелерге игілік әкелсем дейтін ізгі ниеттен туындауына байланысты болады екен. Джо Витале ниетті екіге бөледі: эгойстік немесе өзімшілдік ниет және тәңіри ниет.

Өзімшілдік ниет адамды қарақан басы үшін әрекет жасауға итермелейді. Ол тойымсыз нәпсінің құлына айналып, қайтсем баиймын, атақ-мансапқа қол жеткіземін деп жанталасады. Оның бұл ниеті айналасындағыларға да, тіпті өзіне де оншалықты игілік әкелмейтіндіктен Әлем бұл тілекті орындамайды.

Керісінше тәңіри ниетке берілген адамның ойы өзгелерге игілік әкелу болмақ. Әлем оның бұл ниетінің жүзеге асыруына жәрдемдесіп, жолын ашады. Егер сіздің мақсатыңыз неғұрлым биік болса, Әлем оған жетуге деген жолды барынша жылдам және кең ашпақ.

Эбони Мартиннің басынан кешкені.

Джо Витале аталмыш кітабында Тартылыс Заңының тылсым құдыретінің нәтижесі ретінде өз бизнесін ашып, байлыққа қол жеткізген Эбони Мартиннің басынан кешкен оқиғасын мысал ретінде келтіреді.
Эбони Мартин бала кезінен атақ-даңқын шығарып, мол байлыққа қол жеткізуді армандайтын. Осы мақсатпен ол жазушы мамандығын қалайды. Бірақ та, қанша тырысқанмен оның жолы бола қоймады. Мол байлық түгілі, күнкөрісіне әзер жетер табыспен қалт-құлт тірлік кешкен ол бірде дүкеннен сол кезде шыққан «Секрет» фильмінің дискісін сатып алды. Фильм оған қатты әсер етеді және табысқа жетудің тылсым құдыретін сынап көргісі келеді.

Қызыл жұмыртқа мейрамының қарсаңы бюолатын, -деп есіне алады ол.- Мен жазушылықпен айналысып, қалт-құлт тірлікті жалғастыру керек пе, әлде бизнеспен айналысып, армандаған мақсатқа жету керек пе, сол туралы ойладым. Содан кейін күнделігіме өзімнің армандарымды жаздым.

Онда: «Балалар мерекесінде олардың қуаныштан бал-бұл жанған жүздерін көргім, түрлі конкурстар мен ойындар өткізіп, асыр салған балақайлардың арасында жүргім келеді « деп жаздым. Осы ой маған қанат бітіргендей, көз алдыма балалардың қуанышты жүзі елестеді.

Мейрамды өткізу үшін мен ата-анам тұратын Десото қаласына жол тарттым. Электр пойызының үстінде келе жатып, болашақ бизнес-жоспарымды қағазға түсірдім. Арада үш ай өткенде мен өз бизнесімді аштым. Ал бір жылдан кейін штатта кәсіпкерлер арасында өткізілген конкурста жеңімпаз атандым. Қазір менде сәулетті үй де, қымбат бағалы автоөклік те, есеп-шотымда қомақты ақша да бар.

Ниет түзу болса, байлық өзі келеді.

Байлықты ең басты мұрат деп санамау қажет дейді Джо Витале. Байлық, ақша шын мәнінде адамға шынайы бақыт бере алмайды. Ол бақытқа жетудің құралдарының бірі ғана. Бақыт дегеніміз, ең алдымен жаның қалған және жұртшылыққа игілік әкелетін пайдалы іспен айналысу.

Міне, сонда табыс та, байлық та, атақ та өздігінен сізге келетін болады. Джо Витале тілге тиек еткен Тартымдылық Заңы шындығында жұмыс жасайды. Оны тәжірибе жүзінде нақты істе көріп, табысқа жеткен Эбони Мартин сияқтылар бүгінде әлемнің барлық аймақтарында көптеп кездеседі.

Егер сіз күнделікті өміріңізге, тұрмыс-тіршілігіңізге көңіліңіз толмайтын болса, алдыңызға айқын мақсат қойыңыз және ол мақсат қарақан басыңызға ғана емес, айналаңыздағыларға түгел игілік әкелетін жақсы мақсат болсын, Сонда Жаратқан сіздің ниетіңіздің жүзеге асуына жол ашатын болады.
Сенбейсіз бе? Онда «Секрет» фильмін көріп, ондағы табысқа, байлық пен бақытқа жетудің тәсілін іс жүзіне қолданып байқап көріңіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика