Биткоин шарықтап барады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Осыдан бір жылдай бұрын, өткен жылдың наурыз айында 1 биткоин 8000 долларға дейін құлдыраған еді. Ал содан кейін қайтадан шарықтап өсе бастады. Қазір 1 битконның  долларға шаққандағы бағамы 36,6 мың доллар екен. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде биткони осылайша 4,5 есе, егер пайызға шаққанда 450 пайызға қымбаттапты.

Биткоин әмиянды қалай ашуға болады?

Биткоин әмиянды ашу оншалықты қиын емес, кез-келген адамның оны ашып, биткоинды сатып алуына, сатуына, биткоинмен есеп айырысуына болады. Оны кәдімгі электронды әмиян ретінде пайдалануға болады. Әмиянды ашу үшін мына сілтемені басып, ашылған бетке кіресіз:  https://blockchain.info

Сілтемені басқан соң мынадай бет ашылады. Бұл басты бет. Енді сіз жоғарыда сол жақ бұрынша тұрған үлкен жазуды – Blochain.com дегенді басыңыз. Сонда төмендегідей бет ашылады. Егер сізде ағылшын тілінде жазылған болса, мышканың оң жағын басып, орыс тіліне аударып алуыңызға болады. Ол үшін сіз Гугл хром браузерін пайдаланғаныңыз жөн.

Беттің жоғары жағында көк түспен жазылған Регистрация деген жазуды бассаңыз да немесе төмендегі ақ түсті терезенің астындағы «создать кошелек» деген кнопканы басып, әмиянды ашсаңыз да болады. Мына суретте көріп тұрғанадрыңыздай, терезенің жоғары жағында электронды поштаңызды жазып көсретуіңіз қажет. Төмендегі кнопкаға өзіңіз ұмытпайтын кілтсөз, яғни парольді жазасыз. Кілтсөз ағылшын әріпімен бас әріп, кішкене әріп және цифрлар қосындысы түріндегі күрделі болуы қажет.

Төмендегі үшінші кнопкаға әлгі өзіңіз ойлап тапқан кілтсөзді қайталап жазып, астындағы кнопканы басыңыз. Міне, сіз осымен биткоин әмиянды жасадым деуіңізге болады. Енді қалғаны поштаңызға кіріп, келген хаттағы авторизация деген книпканы басу ғана. Осыдан кейін өзіңіз ойлап тапқан кілтсөзіңізбен және логин ретінде электронды поштаңызды жазып, кабинетке кіресіз.

Биткоинды қайдан, қалай сатып алуға болады?

Биткоинды сатып алу тәсілдері әртүрлі, дегенмен ең сенімдісі және көп таралғаны – обменниктер, яғни алмастыру пункттері арқылы сатып алу. Алмастыру қызметін көрсететін сервистер интернетте жетіп артылады. Оны пайдаланғаныңыз үшін белгілі деңгейде комиссия төлейсіз.

Мына сілтеме арқылы обменниктерді таңдап алуыңызға болады: https://www.bestchange.ru/  Сілтемені басқан соң мынадай бет ашылады. Оң жақтағы жасыл түсті – биткоин алуға болатын обменниктер. Сол жақта сол алмастыру сервистеріндегі бағам туралы ақпарат берілген. Қалаған обменнигіңізді басып, кірген соң мүмкіндігіңізге қарап биткоин сатып алуыңызға болады. Ол үшін вебмани немесе кивикшоелек сияқты интернет сервистерін пайдалану қажет. Есепшотыңызда рубльмен, евромен, доллармен ақша болғаны жөн.

Биткоинды сатып алған кезіңізде алдынад тіркелген әмияндағы цифрлар мен әріптерден тұратын есепшот нөмірін ұсынасыз. Сатып алған биткоин сол есепшотыңызға түседі. Биткоин әмияныңызда сондай-ақ, қазіргі күні кең таралған эфериум немесе оны ETH деп атайтын электронды ақша болады. Биткоинды қалауыңызша эфериумге немесе эфериумды биткоинге алмастырып алу оңай.

Мынаны еске сала кетейін: осыдан екі жылдай бұрын мен 15 долларға эфериум сатып алған едім. Содан кейін оны, тіпті есімнен шығарып алыппын. Таяуда кабинетіме кіріп қарағанымда әлгі 15 долларға алған эфериум 87 доллар болғанын көрдім. Яғни, екі жылдың ішінде ол 5,5 есе өскен екен. Осыған қарап, электронды ақша арқылы жиған-тергеніңізді сақтап қана қоймай, көбейтуге де мүмкіндіктің барлығын бағамдауға болады.

Мақаладан пайдалы ақпарат алсаңыз, астына пікір қалдыруды ұмытпаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика