Біз – қонақпыз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адам деп аталатын екі аяқты саналы пенделердің бәрі мына фәни дүниеде уақытша өмір сүріп жүрген бес күнгі қонақтар. Уақыты келгенде ажал атты періште келіп жаныңды алады да, өмір бойы бар күш-қуатың мен қабылет-қарымыңды, алтын уақытыңды сарып қылып жинаған мал-иүлкіңнен, отбасыңнан, дос-жараннан, мансабыңнан, атақ-мәртебеңнен түгел жұрдай етіп айырады. Адам бұл дүниеге жалғыз және жалаңаш келіп, жалғыз және жалаңаш кетеді.

Қожайын мен қызметшілер

Егер сіз мына ақиқатты білетін және ешқашан есіңізден шығармайтын болсаңыз, онда пендешілік тілмен айтқанда қателіктерге, діни тілмен айтқанда күналарға ешқашан бой алдырмайсыз. Ол ақиқат: Барша әлемнің Әміршісі, яғни Қожайыны – Алла және Ол Біреу ғана. Ал басқа қозғалатын, қозғалмайтын тіршілік иелерінің бәрі ҚЫЗМЕТШІЛЕР.

Аспан да, жер де, жұлдыздар мен тау-тас, өзен-көлдер, жан-жануарлар мен өсімдіктер, адамдар мен періштелер, жын-перілер – бәрі Алланың мәңгі қызметшілері. Екінші ақиқат мынау: мына фәни жалғандағы барлық игіліктердің  иесі  – Алла. Сондықтан қанша бай болмаңыз ешқашан «мынау менікі» деп айтпаңыз. Өйткені оның иесі сіз емессіз, иесі – Алла. Бір де бір тірі пенде, мейлі ол миллионер, миллиардер болсын, қаншама жылжитын,  жылжымайтын мүліктің иесі саналсын шындығында бар байлығының иесі – Алла.

Адамдар осы МӘҢГІЛІК АҚИҚАТТЫ ұмытқан кезде күнаға батып, қателіктерге бой алдырады және өле өлгенше адасып, теріс жолмен құрдымға құлайды. Ондай жандарға екі дүниеде де игілік болмайды. Мына ақиқатты ақыл таразысына салып көріңіз: сіз шылқыған бай немесе биік мансапқа жеткен ешқашан өлмейтін бір адамды білесіз бе? Жоқ. Адамдардың бәрі ӨЛЕДІ. Ал өлім оның жиған-терген байлығынан да, отбасынан да, ашыналары мен тоқалдарынан, жандайшап малайларынан да жұрдай етіп айырады. Ендеше кім «мен мына игіліктің иесімін» деп айта алады. Ешкім де олай айта алмайды. Өйткені барша игіліктің жалғыз иесі, шынайы қожайыны – Алла ғана. Тек Алла ғана «мынаның бәрі менікі» деп айта алады. Басқа пенделердің олай деуге ешқандай да моральдық  құқығы жоқ.

Адасқан адам абыройдан айрылады

Көрші елдің президенті Путин деген кісі біраз жыл бұрын ресей халқының арасында зор беделді еді. Әсіресе, Украинадан Қырым түбегін қайтарып алған кездегі оның абырой-беделі шарықтап өскен-ді. Ал соңғы айларда Путиннің беделі бес тиын болып қалды. Оның 1,5 миллиард долларға салтанатты сарай салдыруы онсыз да қалт-құлт етіп әзер күндерін көріп жүрген қарапайым халықтың әбден ашу-ызасына тиді. Ашынған халық көшеге шықты. «Путин ұры» деп ұрандатты.

Бұл жалғыз ресей президентінің басындағы жағдай емес. Өздерін мына әлемнің қожасымыз, түрлі игіліктердің иесіміз, мансап пен байлықтың егесіміз деп санайтын адамдардың БӘРІ ОСЫНДАЙ АБЫРОЙСЫЗДЫҚҚА ҰШЫРАЙДЫ. Бұл  2х2=4 деген сияқты ақиқат шындық.

Екі дүниенің игілігін татқыңыз келсе, абырой-беделіңізді сақтап, бақытты, тыныш тірлік кешкіңіз келсе мына ақиқатты ешқашан есіңізден шығармаңыз: БАРША ӘЛЕМНІҢ, ИГІЛІКТІҢ ИЕСІ – АЛЛА, БАРША АДАМЗАТ ОНЫҢ МӘҢГІ ҚЫЗМЕТШІСІ. Иә, президент те, миллионер, миллардер де, атақты жұлдыздар да – бәрі-бәрі Алланың мәңгі қызметшілері.

Ақыл-есіңіз дұрыс болса осы АҚИҚАТТЫ ешқашан есіңізден шығармаңыз. Сонда екі дүниенің де игілігіне кенелесіз. Әйтпесе, абыройдан да, игіліктен де жұрдай болып, құрдымға мәңгі құлайсыз. Бұған сенесіз бе, жоқ па, келісесіз бе, келіспейсіз бе, мойындайсыз ба, мойындамайсыз ба – бәрібір, ол АҚИҚАТ болып қала береді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика