
Басты рөлде Борат деп лақап ат қойып біздің еліміз туралы кино шығарған американдық сайқымазақ Саша Коэнді жерден алып, жерге салып, тіпті оны атып өлтіретін киллер іздеу керек деп жатқан адамдардың көзқарасы «бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деген қазақы нақылға келетін тәрізді. Ау, американдық сайқымазақ елімізді мазақ етіп, жалған айтып жала жауып жатқан жоқ қой, айтса шырылдаған шындықты айтты. Ол үшін ренжуге бола ма. Сайқымазақтың әрекеті жанымызға батып, намысымызға тисе, онда мазақ болмау қамын жасап, мінімізді түзеуіміз қажет.
Клоунстандағы қызық жайлар
Жақында Борат туралы түсірілген жаңа фильмнің үзіндісін көрдім интернеттен. Клоунстан деген ел бар, онда клоундар деген халық тұрады деген барлық қазақтың намысына тиетіні айтпаса да түсінікті. Десе де, онда айтылған біраз жайлардың шындық екенін мойындауымыз қажет.
(далее…)