Архив рубрики «Пайдалы кеңес»

Қиярды қалай өсіруге болады?

Fresh cucumbers with flowers and leaves in basket, on stump

Қияр ең алғаш Үндістанда өсіріле бастаған. Бұл дақыл  шамамен 3000 жылдан бері өсіріліп келеді. Ертеде қиярды индустар шаян шағып алғанда емдейтін дәрі ретінде пайдаланған екен. Кейін қияр барша әлемге таралды.  Бүгінде ол ас мәзірін,де кең қолданылатын жеңіл тағамға айналды және косметика саласында да табыстық қолданылады.

Күн сәулесіне қатысты кеңес

Қияр ерте жеміс беруі үшін оны наурыз айының соңында отырғызу туралы ойлану керек. Біз бақша дүкендерінен тұқым сатып алып, оларды жақсы топырақ салынған қорапта отырғызамыз және оны пленкамен немесе әйнекпен жабамыз. Қияр отырғызылған қорапты үйде, терезенің алдында сұтауға да болады. Содан кейін біз жүйелі суаруды ұмытпауымыз керек.

Қияр егу

Қияр тұқымын тікелей жерге себуге болады, бірақ аяз енді болмайтынына сенімді болу керек (бұл тек мамыр айының соңында болады). Дегенмен, бұндай жағдайда алғашқы егінді күту уақыты ұзағырақ болады.

Топырақты қораптарға немесе құмыраларға салыңыз (бұл йогурт немесе ірімшік контейнерлері болуы мүмкін) және оған қияр тұқымын саусағыңызбен топыраққа сіңіресіз. Бұл жағдайда арақашықтықты сақатуды естен шығармаңыз.  Сосын су құюды ұмытпаңыз.  Біз әйнекпен, плексигласспен немесе фольгамен жауып, жылы және жарық түсетін жерге, мысалы, терезе алдына қоямыз.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика