
Адам уақыттан, уақыт пирамидадан қорқады деген сөз бар. Шөл даланың аптап ыстығында күндіз-түні суырған құмды желдің өтінде мыңдаған жылдардан бері қасқайып тұрған жасанды таулар – пирамидалар талайларды тамсандырған әлемнің кереметтерінің ғана емес, тылсым құпияларының да бірі. Пирамидалар, оның салыну мерзімі мен оны салушылар туралы бүгінде ғалымдар арасында бір біріне қарама-қайшы сан түрлі пікірлер айтылып жүр. Бірақ, біздің мақсатымыз пирамидаларды кім, қашан тұрғызды деген сауалдарға жауап іздеу емес, сол пирамидалардың астарындағы ақырет жайындағы ежелгі түсініктерге зер салу.
Египеттің ежелгі тұрғылықты халқы – копттардың о дүние туралы түсінігі сол кезден бері сақталған «Өлілер кітабында» жан-жақты баяндалады. Гректер сияқты көп құдайға сенушілік үстемдік құрған Египетте пірғауындар құдайлардың жердегі көлеңкелері ретінде қабылданады. Оларға құдайларға құрмет көрсеткендей сый-құрмет көрсетіліп, тіпті табынатын болған.
(далее…)