Цифрлы ақша: күнгейі мен көлеңкелі жақтары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Биылғы жылдың 1 тамызында «Цифрлы ақша туралы»  Ресей федерациясының заңы күшіне енді. Сөйтіп, ресей ақша нарығына цифрлы рубльді айналымға шығарды. Цифрлы ақша туралы осы орайда түрлі пікірлер айтылып жатыр. Оның жағымды, пайдалы жағы да, әсіресе қарапайым халық үшін үлкен залалды жақтары да бар дейді сарапшылар. Енді осы мәселеге жан-жақты тоқтала кетейік.

Цифрлы ақша туралы мәселенің көтерілгеніне біраз жылдар болған.  Багам аралдары бірнеше жылдан бері цифрлы ақшаны қолданып келеді. Ал Гренада, Сент-Китса және Невиса, Антигуа, Сент-Льюс, Сент-Винсент  мемлекеттері өткен жылы ақша нарығына цифрлы ақшаны айналымға қосты. Көріп отырғанымыздай, цифрлы ақшаны айналымға енгізіп жатқан елдердің бәрі ұсақ мемлекеттер. АҚШ және Батыс елдері сияқты дамыған мемлекеттер әзірге бұндай ақшаны айналымға енгізген жоқ.

Ресей цифрлы ақшаны енгізуге биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап кіріскен. Сол кезден бастап ресейлік 15 банк цифрлы ақшаны айналымға ақырындап енгізе бастады. Ал тамыз айында цифрлы ақша бұл елдің ақша нарығына төлем құралдарының  бірі ретінде толық енді. Ресейдің бұндай қадамға баруы әлемдік санкция әкелген ауыртпалықтардың зардабынан дейді сарапшылар. Елде қазір валюта мөлшері азайып, шетел валютасын, оның ішінде АҚШ долларын қолдануға шектеулер қойылды. Цифрлы ақша ресейдің барлық аймақтарында және барлық мекемелерінде қолма-қол және аударымды ақшамен бірдей қолданылмақ.

Ресейлік  қаржы саласының мамандарының пайымынша, цифрлы ақша қағаз ақшаға қарағанда әлдеқайда арзан, өйткені оны шығарудың, тасымалдаудың, сақтаудың қажеті жоқ, яғни оған шығын кетпейді. Цифрлы ақша криптовалюта сияқты кодтық номерлермен шығарылады және әр адамда бір ғана есепшот болады. Ақша жедел аударылады, аударым комиссиясы да өте төмен. Цифрлы ақшаның ең үлкен артықшылығы, ақша айналымы алақанға салғандай көрініп тұрады. Бұл әсіресе, жемқорлықпен күреске жақсы көмектеседі дейді сарапшылар.  Номерленген цифрлы ақша қай өңірде жүр және кімнің қолында, ол қандай тауар сатып алуға жұмсалды – бәрі көрініп тұрады.

Клиент өз есепшотындағы ақшаны қандай банкте сақталғанына қарамастан, кез-келген уақытта алып, пайдалана алады.  Цифрлы ақшаны пайдалану түгелдей интернетке тәуелді емес, оны сақтап, есеп айырысуға басқа құрылғыларды да пайдалануға болады.

Дегенмен де, цифрлы ақшаның көлеңкелі жақтары туралы да көп айтылуда. Ресейлік бизнесмен, сарапшы Игорь Потапенконың айтуынша, цифрлы ақша қарапайым халықты банк жүйесіне толықтай тәуелділікке түсіреді және ақша ақрылы бұрыннан үйреніп қалған көптеген игіліктерді пайдалану жолын жабады. Мәселен, цифрлы ақшаны енді сақтап, көбейтуге, депозитке салуға болмайды. Оны тек сатып алу, сату сияқты жедел қызметтерге ғана пайдалануға болады. Цифрлы ақша белгілі бір мерзімге ғана шығарылатындықтан,  үйде ұзақ уақыт сақтауға болмайды екен. Мәселен, екі-үш жыл мерзімге арнап шығарылған ақшаны мерзімі біткенше тезірек жарату керек, әйтпесе күйіп кетеді.

Цифрлы ақшаның ең үлкен залалды жағы туралы ресейлік танымал қаржыгер, экономика ғылымдарының докторы, профессор Валентин Катасонов  былай дейді.  «Цифрлы ақша бір ғана қолда – Орталдық банктің иелігінде ғана болады. Ақырындап басқа коммерциялық банктер жабылып, қажетсіз болып қалады. Барлық есеп айырысулар түгел цифрлы ақшамен жүретіндіктен, онсыз өмір сүру мүмкін болмай қалады. Ал елдегі бірден бір қожайынға айналған Орталық банк  өздеріне ұнамаған адамдардың есеп-шоттарын кез-келген сәтте бұғаттай алады. Шоты бұғатталған адам өмір сүру көзінен, барлық игіліктерден айрылады, оның ішінде азық-түлік сатып алып, тамақтану мүмкіндігінен де айрылады. Осылайша ол аштан өлуге мәжбүр болады».

Катасоновтың айтуынша, цифрлы ақшаға көшу – бұл барша әлемге билік жүргізуді армандап отырған алпауыт қаржыгерлердің жобасы. Олар қазірдің өзінде бірқатар елдерге цифрлы ақшаны енгізіп, сол арқылы барлық бақылау мен билікті қолдарына алмақ.

Бүгінгі қолданылып жүрген қағаз ақша адамдарды біршама билікке тәуелсіз тіршілік  етуіне мүмкіндік жасайды. Жасыратыны жоқ, қазір өз күштерімен дәулетке ие болған оппозициялық кәсіпкерлерге биліктің тісі бата қоймайды. Одан қалды өзгеше ойлайтын зейнеткерлер мен  жеке меншік иелерінің есеп-шоттарын себепсіз бұғаттау да биліктің қолынан келмейді. Ал цифрлы ақша адамдарды түгелдей қаржы ұйымына тәуелді етіп, басыбайлы құлға айналдырады дейді профессор Катасонов. Күнкөріс көзінен айрылмас үшін адамдар биліктің айтқанына түгел бағынып, мойынсұнуға мәжбүр болады.

Қазіргі күні Ресейде айналымға енген цифрлы ақшаның қоғамға тигізер ықпалы осындай дейді сарапшылар. «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» демекші, қаржы саласының білгір мамандарының айтып жатқан қауіп-қатерлері негізсіз еместігі анық.  Қазірдің өзінде, яғни адамдар әртүрлі банктерді қолданып, біршама бақылаудан тыс қағаз ақшаны пайдалын жүрген кездің өзінде, билік кейде тізеге басып, ұнамсыз  азаматтардың есеп-шоттарын бұғаттап жататыны бар. Ал егер, барлық айнылым алақанға салғандай көрініп тұратын және адамдарда бір ғана есеп-шот болатын, бір ғана банккке шоғырландырылған цифрлы ақша енгізілгенде, өзгеше ойлайтын жандардың тағдырлары не болатынын түйсіну қиын емес. Яғни, цифрлы ақша биліктің қара халықты бағынышты етіп ұстап отыруының аса қуатты құралы болатын қаупі бар.

Осы арада айта кетерлік жай, таяу болашақта цифрлы ақшаға көшуді жоспарлап отырған елдердің санатында Қазақстанның да бар екенін  еске салған артық болмас. Қазақстаннан басқа осындай елдердің қатарында Канада, Нидерланды, Норвегия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай да бар. «Құлақ естігенді, көз көреді» демекші, көп ұзамай цифрлы ақша бізге де енуі әбден мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика