0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақстан Республикасы  мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен биылғы жылдың 6-10 сәуірі аралығында республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Аталған кездесу жұмыстарының негізгі мақсаты халықтың дінтанушылық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау, діни экстремизмнің алдын алу. Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды.

Аталмыш іс-шараға: Ақмола облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог-маманы Жақанов Сәкен, «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық – түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы Арман Нұрахметұлы,  «Qamqor-Astana» ҚҚ «Оңалту және бейімдеу» бөлімінің теологы Сақан Дарханұлы,  «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасының орынбасары  Арулан Қуатов секілді дін мәселелері бойынша республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары», «Деструктивті діни ағымдардың адамдарды тарту  әдістері», «Интернет кеңістігі арқылы таратылатын деструктивті діни идеологиялардың қауіптілігі», «Әлеуметтік желідегі заңсыз діни насихат жүргізудің қауіптілігі», «Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың зияны», «Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет»және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметкерлер, мектеп оқушылары, жұмыскерлер, медициналық қызметкерлер, қандастар, басқа да түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері дін тақырыбына қатысты толымды пайдалы ақпараттар алды.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика