Діни рәсімдерді орындауды жоққа шығаратын қатер

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ислам дінінде біліммен жасалған тағат ибадат білімсіз жасалған ибадаттан мың есе артық деген түсінік бар. Өкініштісі сол, бұл дінді ұстайтындардың басым көпшлілігі осы ақиқатты түйсінбейді, содан барып олардың жасаған діни рәсімдерінің бәрі босқа далаға кетіп жатады.

Ведалық ілім бойынша адамның жасаған құлшылықтарының нәтижесін, яғни алған сауаптарын түгел жойып, оны күнәкарлықтың құрдымына құлататын ең үлкен қатер – апарадха, яғни қорлау деп аталады. Оның он түрі бар. Ең бастылары Брахма апарадха, вайшнав апарадха, сева апарадха, нама апарадха  болып жалғасады. Брахма апарадха – бұл Құдайды қорлау. Құдайға тіл тигізу немесе құдайсыз адамға Жаратқан туралы әңгіме айтып, ол тараптан күнакар жаман сөз есту, т.б. Сева апарадха деген Құдайға құлшылық еткен кезде басқа нәрселерді ойлау, немқұрайлы болу, немесе біреумен сөйлесу сияқты әрекеттер.

Апарадха, яғни қорлау қалай әсер етеді? Бұны түсіну үшін мына мысалға назар аударсақ жеткілікті. Егер сіз күн сайын дене жаттығуын жасасаңыз, белгілі бір нәтижеге жететініңіз анық. Бұл – ақиқат шындық. Дегенмен, егер де сіз жаттығуды дұрыс жасамасаңыз, онда оның игі ықпалы емес, керісінше залалы болуы мүмкін. Ауыр атлетикамен айналысқан бір жігіт жаттығуды дұрыс жасамағандықтан сіңірі созылып кетеді. Осыдан келіп, ол

спорттан мүлдем қол үзуге мәжбүр болды, ауыр зат көтере алмайтын болып қалды. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әрбір әрекеттің де екі жағы болады. Егер ол әрекетті дұрыс, яғни талапқа сай жасасаңыз, оң нәтиже береді, ал қате жасасаңыз, керісінше зиянын тигізеді.

Бұл заңдылық дінге де қатысты. Діни шарттарды дұрыс орындасаңыз, одан сауап алып, иманыңыз толыға түспек. Ал қате жасасаңыз, яғни апарадхаға – қорлауға орын алдырсаңыз, онда зиян табасыз. Мен Құранды, Інжіл мен Тәуратты, Бһагавад Гита мен Шримад Бһагаватамды әлденеше реттен қайталап, астын сыза оқыдым. Сонда түсінгенім: дәстүрлі діндердің бәрінде ең басты рухани практика – Құдайға құлшылық ету болып табылады. Ал Жаратқанға құлшылық ету белгілі бір шарттарды қатаң сақтау арқылы жүзеге асады. Мына ақиқатты ешқашан естен шығаруға болмайды: Құдай біздің құлшылық етуімізге еш мұқтаж емес. Оған адамдардың сенуі, құлшылық етуі немесе құдайсыз күнәкар тірлік кешуі – бірібір. Оның ештеңеге, әсіресе біздер тарапынан жасалатын әрекеттерге еш мұқтаждығы жоқ. Құдайға құлшылық ету — ең алдымен, адамдардың өздері үшін қажет. Құлшылық ете жүріп олар Жаратқанға деген сенімі мен үмітін, махаббатын арттырады және сауап алып, екі дүниенің де игілігіне кенеледі. Ал құдайсыз, дінсіз өмір сүру, күнаға итермелейді, күнәкар тірлік екі дүниеде де қасырет пен тауқыметке ұшыратады.

Осы орайда, мынадай ақиқатты ешқашан есімізден шығармай, үнемі жадымызда ұстауымыз шарт: Құдайға құлшылық ету, ең алдымен өзіміз үшін керек; құлшылық етуді ешқашан міндетсінбеуіміз қажет, егер мен Құдайға құлшылық етпесем, Жаратқан әлденеден ұтылып, кемшін болып қалады деп ойлау – надандық; біз барлық жағдайда Құдайға 100 пайыз тәуелді болып қаламыз, сондықтан қажетімізді тек Жаратқаннан ғана тілеп, жалбарына дұға жасауымыз шарт; құлшылық еткенде басқа нәрселерді ойламай, ақыл-ойымызды түгел Құдайға бағдарлауымыз керек; Құдайдың бергенін әрдайым қанағат тұтып, тәубеге келіп жүруіміз қажет; барша тіршілік иелерін Құдай жаратқанын, сондықтан Өзінің жаратқан тіршілік иелерін ренжіткенді Алланың ұнатпайтынын есімізден шығармай, айналамыздағы барлық адамдармен жақсы қатынаста болуымыз керек; өзіміз ұстанған дәстүрлі дінде күнә деп табылатын әрекеттерден, сөздерден, тағамдардан тыйылып, рұқсат етілгенді ғана жасауымыз қажет.

Міне, осы аталған жайларды есімізден шығармай, әрдайым сол талаптардың деңгейінен көріне алсақ, онда апарадха, яғни қорлау деп аталатын қатерлі құбылыстан аулақ болып, қауіпсіз тірлік кешеміз. Әйтпеген жағдайда, өзімізді діндар, тақуа санай жүріп, діни рәсімдер мен парыздарымызды толық орындай жүріп, сауап алудың орнына, керісінше күнәға белшемізден  бататын боламыз. Ондай пенделердің жасаған тағат ибадаттары бос әурешілік қана емес, өздеріне қатерлі, діни тілмен айтқанда күнәлі істер жасаумен бірдей. Мәселен, бес уақыт намазын оқып, қасиетті Рамазан айында жыл сайын ораза ұстайтын, өзін таза мұсылманмын деп ойлайтын адам апарадхаға жол беретін болса, оның жасағандары түгел зая кетіп қана қоймай, керісінше күнә арқалатады. Оның оқыған әрбір намазы сауап емес, күнә әкеледі. Сондықтан, дін жолын ұстадыңыз екен, ең алдымен, діни білім үйреніңіз, білімсіз жасаған ибадаттарыңыз сізге зиян әкелуі мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика