Ең маңызды мәселе: қарым-қатынас

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдармен арадағы қарым-қатынасыңыздың сіздің бұл дүниедегі және өлгеннен кейінгі ақыреттегі жағдайыңызды анықтайтын ең басты фактор болып табылатынын білесіз бе? Өкінішке орай, адамдардың 99 пайызы бұл жайдан бейхабар. Осы білімсіздік олардың айналасындағы жандармен қарым-қатынасқа жете көңіл бөлмеуіне, сол арқылы екі дүниедегі жағдайын ауырлатуларына үлкен әсерін тигізіп жатады.

Бір күн ұрыс шыққан үйден, 40 күн несібе кетеді

Қазақта осындай мақал бар, бірақ та бүгінгі адамдардың көбі бұндай мақалдың барылғын да біле қоймайды. Көп адамдар үшін ұрыс-керіс үйреншікті әдетке айналып кеткені қашан. Мен Атбасар қаласында бес қабатты үйдің бесінші қабатында тұрдым. Менің астымдағы төртінші қабатта тұратын орта жастағы орыс ұлтының отбасы арасында күнде ұрыс-керіс шығып жататын. Олардың айқайы маған анық естіліп тұрады. Кейінірек бірқатар мекемелерде қызметтер атқардым, сол мекемелердің басшылары тарапынан да үнемі айқай-шу, ұрыс-керіс болып тұратын.

Неге ұрыс-керіс адамның несібесін кемітеді? Сіз біреумен ұрысқанда міндетті түрде арына тиетін қатты сөздер айтуға тырысасыз. Ал бұл әлгі адамның жанын жаралап, сізге деген ашу-ызасын туғызады. Ашу-ыза дегеніміз қуат, яғни энергия. Ол жәй энергия емес, лас энергия. Сіз ренжіткен адамның сізге деген ашу-ызасы энергия түрінде сіздің өмір жолыңызға тосқауыл болып, ертеңгі күні алдыңыздан шығады. Лас энергия болғандықтан, ол түрлі ауру болып келе ме немесе сәтсіздіктер, әйтпесе өзіңіздің әлгі адамға жасағаныңыздай басқа жанның сізді ренжітуі түрінде келе ме, әйтеуір міндетті түрде алдыңыздан шығатыны анық.

Ұрыс дегеніміздің өзі сөз түріндегі адамға қарсы бағытталған, оның психикасына теріс әсерін тигізетін лас қуат болғандықтан, ұрыс шығарған адам да, ұрыс естіген адам да бұдан зардап шегеді. Мәселен, ұрысқан адам лас энергиясын басқа жанға бағыттау арқылы оның өзіне деген реніш түріндегі лас энергиясын қабылдаса, ұрыс естіген адам ұрысқан адамға деген реніш-өкпесін, тіпті қарғысын бағыттап, өзінен лас қуат шығарады. Ал сіздің бойыңыздан шыққан лас энергияның орнын қайтадан лас энергия толтыратындықтан, санаңыз ластанып, жүйкеңіз одан әрі жұқара береді. Яғни, ұрыс естіген адам да, ұрысқан адам да оның теріс зардабынан құтыла алмайды.

Діндегі басты парыз- жақсы қарым-қатынас

Кез-келген дәстүрлі дінді алып қарасаңыз да, адамдармен қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Мәселен, ислам дінін ұстанушылардың бес парызы бар екен. 1-Аллаға иман келтіру, 2-күніне бес уақыт намаз оқу, 3-ораза ұстау, 4-қайыр-садақа беру, 5-хажға бару. Дегенмен, егер сіз осы бес парызды түгел жақсы орындап жүрсеңіз де, айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсы болмаса, онда жасаған тағат-ибадаттарыңыздың бәрі желге ұшып жоқ болады. Одан еш пайда болмайды.

Пайғамбар Мұхаммед ғалейкиссаламнан бір кісі өзінің көршісі бар екенін, оның өте тақуа екенін, діни парыздарын жақсы орындайтындығын, бірақ көршілерімен үнемі ұрыссып жүретінін айтып, әлгінің қияметтегі ахуалы қандай болатынын сұрайды. Сонда пайғамбар ойланбастан «әлбетте, ол адамның орны тозақ болады» деп жауап береді. Яғни, адам қанша діни парыздарын жақсы орындағанымен, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынаста болмаса, онда бұл дүниеде де, ол дүниеде де тауқыметке ұшырамақ.

Осыған орай діни парыздардың ең бастысы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу десек, артық айтқандық болмайды. Сіз қандай дінді ұстанбаңыз, ең басты парызыңыз – АДАМДАРМЕН ЖАҚСЫ МӘМІЛЕДЕ БОЛУ. Екінші парызыңыз – және адамдармен жақсы қатынаста болу, үшінші парызыңыз – тағы да адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу. Міне, содан кейін ғана төртінші, бесінші парыздарыңыз дін белгілеген тағат ибадаттарды орындау болмақ.

Неге адамдарды ренжіту қауіпті?

Қасиетті Құранда Алла адамды жаратқанда барлық періштелерді жинап алып, адамға сәжде етуге, яғни бастарын иіп құрмет көрсетуге бұйырады деген аят бар. Неге Алла адамға періштелерді сәжде еткізді дегенге келсек, бұның жауабын веда ілімінің қайнары саналатын Шримад Бһагаватамнан табамыз. Алла періштелерді оттан, ауадан, эфирден, басқа да нәзік элементтерден жаратқандықтан, олар Құдайға құлшылық еткендерімен, құрбандық шала алмайтын еді. Ал тіршілік иесі барлық арман-тілегіне тек құрбандық шалу арқылы ғана жете алады. Осыған орай, Алла топырақтан адамды жаратып, оған құрбандық шалуды нәсіп етті. Осыған орай, адамның дәрежесі періштелерден біршама жоғары болды.

Адамның тәнін Інжілде Иса пайғамбар храм, яғни мінажатхана деп атайды. Шындығында адамның тәні мінажатхана сияқты. Өйткені, Алла әрбір пенденің жүрегінде болғандықтан, адам тәні Алланың тұрағы болып табылады. Ал Алланың тұрағы болып саналатын мінажатхананы лас энергиямен ластау – бұл мешіт немесе шіркеуді нәжіспен былғау сияқты ауыр күна арқалататын іс. Сондықтан да, адамды ренжіту – ӨТЕ АУЫР КҮНӘ. Мейлі ол кім болсын, тіпті көшеде қаңғыбастыққа салынған БОМЖ болсын, тірі адамды ренжітуге болмайды, оның салдары өте ауыр болады.

Мынаған назар аударыңыз: Мешіт немесе шіркеуді, храмды кез-келген ақшасы бар адам салдыра алады, ал тірі адамды жарату тек Алланың ғана қолынан келеді. Сондықтан, адам – бұл Алланың жаратқан қасиетті тіршілік иесі. Оны ренжіту – Алланы ренжіткенмен тең. Сондықтан, ақылыңыз болса, ешқашан, ешкімді ренжітпеңіз. Сонда екі дүниеде де игілікке кенелесіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика