Ең тиімді инвестиция

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Инвестиция деген сөз нарыққа көшкеннен кейінгі кезде жиі қолданылатын болды. Көбіміз инвестиция десе, өндірісті дамыту үшін қалталы кәсіпкерлер салатын ақша деп түсініп жатамыз. Шындығында, инвестиция тек өндіріс пен экономиканы дамыту емес, инвестиция тұлға ретінде адамның өзін жан-жақты дамытуды да қамтиды.

Өзіңді дамыт

Мәскеу қаласына келген шет елдік бір танымал инвесторға залда отырғандардың бірі мынадай сұрақ қояды: «менің 10 мың доллар ақшам бар, соны қайда салсам тиімді болады?» Бұған инвестор еш ойланбастан «ол ақшаны түгел өзіңізді дамытуға жұмсаңыз» деп жауап береді.

Өзін өзі дамыту дегеніміз – бұл қажетті шет тілдерін үйрену, түрлі салалар бойынша кәсіби білім алу және интелектуалдық жағынан өзін дамыту. Ол үшін тегін немесе ақылы тренингтер мен курстардан өту, кітаптар оқу, видео-аудиосабақтар тыңдау қажет болады. Бұған адам ақшасын, уақытын және күш-қуаты мен қарым-қабылетін жұмсауы тиіс.

Осындай жолмен өзін дамытқан адам кәсіби білікті маманға, жан-жақты білімді адамға айналады. Қазақ «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деп текке айтпаған ғой. Білімді адам бәсеке аса жоғары қазіргі нарық заманында өзгелерден бір бас жоғары тұрады. Ал ондай білікті де білімді маманға қай жерде де сұраныс көп.

Өзіңді дамытуды неден бастаған жөн

Егер сіз осы уақытқа дейін өзіңізді дамыту мәселесіне көңіл бөлмеген болсаңыз, ол туралы шындап ойлап, олқылықтың орнын толтыруға қадам жасауыңыз қажет. Егер бәсекелестік белең алған қазіргі уақытта замана көшінен кейін қалып, ешкімге қажетсіз болып қалғыңыз келмесе, өзіңізді қамшылап, болашағыңыз үшін аса маңызды осы істі қолға алуңыз шарт.

Өзіңізді дамыту деген – бұл тек кәсіби біліктілігіңізді жетілдіру емес, ол денсаулығыңызды нығайту, эмоцияңызды бақылап, басқаруды үйрену, интелектуалдық жағынан даму, яғни дүниетанымыңызды кеңейту, ақырсында рухани даму. Осылардың бәрін қамтығанда ғана сіз жан-жақты дамый аласыз. Әйтпесе, біржақты даму сізге көп игілік әкеле қоймайды.

Осы орайда, өзіңізді дамыту үшін барлық салаларды қамтитын кішкенеден бастап, күрделене түсетін жоспарыңызды, соған байланысты күн тәртібіңізді белгілеп алғаныңыз жөн. Мәселен, денсаулығыңызды нығайту үшін күнде бір уақытта ұйқыға жатып, бір уақытта ояну, таңертең дене жаттығуын жасау, таза ауада серуендеу, салауаттылықты ұстану сияқты пайдалы әдеттерді қамту қажет.

Кәсіби біліктілігіңізді көтеру үшін тренингтер мен курстардан өту, қажетті кітаптар оқу, аудио-видеосабақтарды тыңдау керек. Интелектуалдық жағынан даму үшін шет ел тілдерін үйрену, әдеби кітаптар оқу, т.б. осындай қажетті істерді қамтыған жөн болады. Осылардың бәрін жасау арқылы сіз өзіңізді эмоциялық жағынан бақылап, басқара алатын дағдыны қалыптастырасыз. Яғни, бойыңызда ерік-жігер, жауапкершілік сияқты қасиеттер күшейеді.

Рухани даму – бұл имандылыққа бой ұру, діни парыздарды орындау, сауап әкелетін қайрымдылық істерге ниет ету, нәпсіні тыю, жаман әрекеттерден бас тарту түрінде көрініс береді. Әрине, адам бұл бағыттардың бәрін бірден меңгеріп кетуі қиын, дегенмен, ең бастысы ниет етіп, өзіңізді дамытуға алғашқы қадамдар жасасаңыз, ақырындап алға баса бастайсыз. Ал бұл бағытта жасалған әрбір қадам сіздің өміріңізді жақсылыққа қарай міндетті түрде өзгертеді.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика