Экстремизмнің алдын алмасақ, зардабы ауыр болады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мәскеудегі «Крокус сити» концерт залындағы терактіден қаза тапқандардың саны 143-ке жетіпті. Жарақат алғандар саны 200-ден асады. Мұндай концертке зейнеткер қариялар бармайтыны белгілі. Өрімдей жас қыз-жігіттердің қыршынынан қиылуы үлкен трагедия. Терактіні жасаған кім деген мәселе төңірегінде интернетте әртүрлі алыпқашты пікірлер айтылуда. Дегенмен, аталмыш терактіні біз жасадық деп ИГИЛ экстремистік ұйымының мойнына алуы  айтылып жатқан әртүрлі пікірлерге тосқауыл қойғандай.

2003 жылы Иракта пайда болып, кейін Сирияда, басқа да бірқатар елдерде соғыс әрекеттерін жүргізген өздерін ислам мемлекеті атаған ИГИЛ ұйымы қазір көп жерінен айрылып, қуаты әлсірегенімен, түрлі лаңкестік әрекеттер жасауға қауқары бар. Сондықтан, алғашында терактіні Украина ұйымдастырды деген бағытты ұстанған ресейлік ақпарат құралдары ИГИЛ ұйымының Телеграм каналында жариялаған ақпаратынан кейін біршама тыйылғандай болды. Осы терактіні жасады деген күдікпен қолға түскен 4 Тәжікстан азаматы қаншалықты кінәлі екендігін тергеу барысы анықтай жатар, ең бастысы бұл сойқанның сыртында ИГИЛ сияқты экстремистік ұйым тұрғаны қазір айдан анық болып отыр.

Жүзден астам адамның өмірін алып кеткен лаңкестік әрекеттен біздің еліміз де біраз сабақ алып, сақтық шараларын жасауы тиіс. Неге десеңіз, соңғы кезде асқынып кеткен ислам экстремизмі тарапынан қатер біздің елімізде де  күшейіп тұр. АҚШ барлау қызметінің ақпаратымен әрекет еткен ресейлік күштік құрылым қызметкерлері осының алдында лаңкестік әрекет ұйымдастырғалы жүр деген  күдікпен екі  Қазақстан азаматының көзін жойған еді. Қолға түсіру барысында қарсылық танытып, атыс кезінде қаза тапқан екі қазақстандықтан ататын суық қарулар табылған.

Қаза тапқан екі қазақстандық азаматтың сыртында кімдер тұр? Ол беймәлім. Дегенмен, бұл оқиға елімізде лаңкестікпен айналысатын, ақша үшін қандай қылмыстан болсын бас тартпайтын экстремистердің барылғын анық көрсетеді. Жалпы, қазір мына жай дау туғызбас шындық болып отыр: ислам экстремистері тарапынан адамзатқа үлкен қатер бар. Әлемнің әр жерінде солардың қолымен жасалған терактілерден жүздеген, мыңдаған адамдар мерт болды. Өкініштісі сол, бұндай қанды оқиғалар біздің елімізді де айналып өтпеді. Осыдан біраз жыл бұрын Ақтөбеде қару сататын дүкенге шабуыл жасап, аңшылық мылтықтарды олжалап, содан кейін қаладағы әскери бөлімге шабуылдаған экстремистердің қолынан бірнеше адам мерт болған еді. Ал Күлекбаев деген уахабис он адамды атып өлтіріп, елімізді біраз дүрліктірді.

Қазақстандық экстремистердің Ресейге барып, сол елде лаңкестік ұйымдастырмақ болуы елімізде бұндай қатерлі ұйымның барлығын және белсенді жұмыс істеп жатқанын анық аңғартады. Мешіттердің саны көбейіп, намазхандар қатары артып келеді деп қуанып жүргенімізде, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты оның теріс ықпалының да күн санап өсіп бара жатқанын сезбей қалған сияқтымыз. Қазір сақал қойған жігіттер мен хиджап киген, паранжыға оранған қыз-келіншектер қатары жыл санап көбейіп барады. Олар өздерінің теріс әрекеттерін әредік жасап, теріс мінездерін көрсетіп те қояды. Өткен жылы қыздарымызды мектепке хиджабсыз жібермейміз деп қиғылық салса, тағы бір сақалдылар қазақтың ұлттық домбырасын харам деп, барша қазаққа тіл тигізді.

Қазір мешіттерде сақалды сәләфиттердің қатары күн санап көбейіп барады дейді мешітке барып намаз оқитындар. Қолдарын кеуделеріне қойып, шәнтиіп тұратын сәләфиттер намаздарын ерте бітіріп, содан кейін намаз оқып жатқандардың үстеренін аттап өтіп сыртқа шығады деп реніш айтады адамдар. Сәләфиттер өте белсенді уағыз жүргізіп, тіпті мектептерде оқушы балалар арасында насихат жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде оқушы балалар арасында сабақтан қашып мешітке жұма намазына баратындар, Рамазан айында жаппай ораза ұстайтындар қатары көбейген. Ақылдары толмаған жас балаларддың саналарын улап жатқан теріс ағым өкілдеріне тоқтау салмаса, ертең зардабы ауыр болатыны анық.

Таяуда әлеуметтік желіде хиджап киген жас келіншек Пайғамбардың нәжісін жеп, зәрін ішемін дегенді айтқаны туралы видео таралды. Пайғамбардың нәжісін жеп, зәрін ішемін деген келіншектің  көсемдері айтса жазықсыз адамдарды жарып жіберуден тайынбайтын жанкешті болары айдан анық. Ондайлар ақылмен ойламайды, саналары фанатизм деген дертпен уланғандар көсемдері не айтса соны істеп, жанын қиюға да әзір. Діни экстремизм сонысымен де өте қауіпті.

Ресейде болған теракті ислам экстремизмінің адамзат үшін қаншалықты қатерлі екендігін анық көсретіп берді. «Жау жоқ деме, жар астында» дегендей, біздің елімізде де бұғып жүрген экстремистік пиғылдағы әсіредіндарлар аз емес. Күні ертең оларға шетелдегі көсемдері бұйрық берсе, өз қандастарын, отандастарын еш шімірікпестен өлтіре салатыны даусыз. Сондықтан, бұндай қатердің алдын алу үшін сәләфизмді қатерлі діни ағым ретінде тиым салатын заң қажет. Бір кезде «Хизб-ут Тахрир», «Таблиғи жамиғат» сияқты бірқатар ұйымдар экстремистік деп танылып, жұмысына тиым салыну туралы заң қабылданған болатын. Ислам экстремизмінің сүйеніші болып отырған сәләфизмге де заң арқылы тиым салынуы қажет.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика