Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Ғылыми тілмен салыстыра айтар болсақ, әйел мен еркек теріс және оң зарядтар сияқты. Яғни, минус және плюс зарядтар. Қарама-қарсы бұл зарядтар бірін-бірі тартады, ал екі бірдей заряд тоғысса, бірін-бірі кері тебеді. Физиканың заңы осындай. Дегенмен де, табиғат заңдарын мансұқ етпейтін екі аяқты адам атты пенделердің арасында бір зарядтылардың бірін-бірі тартатын жайлары да кездеседі. Ондайларды гомосексуалист немесе гей және лесбиан деп атайды.
Жаратылыс тану ғылымы әйел мен еркектің табиғаты жайында тек физиологиялық сипатын ғана қамтып, зерделейді. Шындығында, әйел мен еркектің табиғаты тәни, яғни физиологиялық сипатпен ғана шектелмейді. Бһагавад Гитада Құдай екі бөліктен: еркек және әйел бастауынан тұратыны айтылады. Еркек бастауының еншісіне барлық қуаттың 75 пайызы тисе, әйел бастауы 25 пайызын иеленеді. Екеуі қосылып, толымды бүтінді құрайды. Құдайдың мәңгі ажырамас бөлшегі болып саналатын саналы адамдар да екі бөліктен: әйел және ер бастауынан тұрады.
Қасиетті Құранда Құдайдың еркектің дәрежесін әйелден артық етіп жаратқаны туралы аят бар. Бұның астарында Бһагавад Гитада айтылған әйел және ер бастауының өлшемдері жатқаны анық. Осы арада мына жайған назар аударып қараңыз: 75 пен 25 ешқашанда тең бола алмайды, яғни әйел мен еркек ешуақытта тең болмайды. Бүгінгі әлемде жүргізіліп жатқан әйел мен еркекті теңестіруге арналған гендерлік саясат деген түбірімен қате ұғым.
Мысалы, егер сіз бес саусағыңызды теңестіремін деп басбармақтың деңгейінде барлық саусақтарыңызды кесіп тастасаңыз, онда шолақ болып, мүгедекке айналасыз. Сол сияқты Құдай дәрежелерін екі түрлі етіп жаратқан әйел мен еркекті заң арқылы теңестіру де саусақты кесіп, оны теңестірмек болған ақымақтың есуас әрекеті болып шығады.
Веда ілімінің түсінігіне сай, табиғатынан нәзік, әлжуаз әйел ер адамның әрдайым қорғауында болып, тұрмысқа шыққан соң күйеуіне қызмет етуі тиіс. Тумысынан әлжуаз әйел заты жас күнінде әкесінің қамқорлығында болса, бойжеткен соң тұрмысқа шығып, күйеуінің қамқорлығына өтеді, ал қартайған шағында, егер қосағы қайтыс болса, оның ұл балаларының бірінің қамқорлығында болады. Осылайша, әйел заты туған кезінен, өлгенге дейін ер адамның қамқорлығында болуы тиіс. Ал ер адамның қамқорлығынан тыс қалған әйел көрінгеннің құрбанына айналып, қорлық-зорлыққа ұшырамақ.
Қасиетті Құранда әйелді ер адамның қабырғасынан жаратты деген аят бар. Веда ілімінде әйел ер адамның тәнінің ең көрікті бөліктерінен жаратылғаны айтылады. Осыған орай, әйелдің тәні нәзік, тартымды болады. Орта ғасырларда өмір кешкен сәулетшілер мен суретшілер әйелді сұлулықтың рәмізі деп қабылдап, өз шығармаларына осы идеяны арқау еткен. Әйел заты ер адам үшін нәпсісін қоздырып, тән рахатына кенелдіретін ең тартымды рахат нысаны болып саналады. Осыған орай, Құранда нәпсінің күштілігі сонша, ер адам туған анасымен, әпке-қарындастарымен де оңаша қалуына болмайтыны айтылған.
Дәстүрлі діндердің бәрінде әйел мен ер адамның некеден тыс байланысын айыптап, оған тиым салады. Нәпсі адамның ақыл-есін алып, оны құлақкесті құлға айналдыратын ең қатерлі жау болса, әйел мен еркектің бір-біріне деген құштарлығы нәпсінің ең күшті қуаты болып табылады. Осыған орай дәстүрлі діндердің бәрі әйел мен ер адамдардың еркін араласуына тиым салып, әйелдерді ер адамның нәпсісін қоздыратын ұятты жерлерін жасырып жүруге міндеттейді. Қасиетті Құранда әйелдердің зейнетті жерлерін жауып жүруі қажеттігі айтылған аяттар бар.
Веда ілімі бойынша әйелдердің ең басты міндеті — ер адамның көмекшісі, отбасының ұйытқысы болу. Әйел адам ешқашан қоғамдық жұмыстарға араласпаған, оның міндеті үйде отырып, отбасының ошағын өшірмеу. Отбасын асырау ер адамның міндеті. Туған күннен, дүниеден өткенге дейінгі аралықта әрдайым ер азаматтың қамқорлығында болатын әйел веда өркениеті салтында жұбайы дүниеден өткен кезде онымен бірге отқа түсіп, ерікті түрде өмірден бас тартқан. Ер адам бақи дүниеде қайда болса, әйел де онымен бірге сонда болады деген түсінік бар. Бұндай дәстүр Индияда өткен ғасырға дейін жалғасып келген, тек ағылшындардың заң арқылы тиым салуының негізінде бұл дәстүр жойылды.
Жан — бөлінбейтін толымды бір бүтін, ал тіршілік иесінің әйел және еркек болып бөлінуі материалдық әлемге тән құбылыс. Рухани әлемде әрбір тіршілік иесі толымды бүтін болып өмір сүреді. Рас онда да ер мен әйел бар және отбасы болып өмір сүру де кездеседі. Дегенмен, рухани әлемде фәни дүниедегідей жыныс жақындығы жоқ.
Осы орайда, бхакти иога мен сопылық ілім түсінігінде адам өзін өткінші тән емес, мәңгілік жан екендігін сезінуі үшін әйел және еркек бастауын қосып, бүтінге айналуы шарт. Өзін тән санайтын адам ешқашан толымды бүтін түсінігін санасына сіңіре алмайды. Еркексіз әйел, әйелсіз еркек өзін жартыкеш күйде сезінеді. Екеуі қосылғанда ғана бүтінге айналады деп ойлайды. Бірақ бұл тек материалдық тәнге қатысты ұғым. Шындығында, жан толық бүтін болғандықтан, онда әйел және еркек бастауы бір мезгілде қатар өмір сүреді. Рухани практикамен ұзақ жылдар айналысып, биік нәтижеге жеткен тақуа жан өзінің әйел және ер бастауын қосып, бүтінге айналады.
Сопылық мектептің көрнекті өкілдері болған Шығыстың атақты ақын-шайырлары Жәми, Низами және Науаи мазмұны бір-біріне ұқсас Ләйлі-Мәжнүн жырын жазған. Бұл жыр сыртқы мазмұны бойынша жас жігіт пен қыздың арасындағы ғашықтыққа негізделгенмен, ішкі мазмұнына сай ол діни-пәлсапалық трактат болып табылады. Парсы, әзірбайжан және көне шағатай тілдерінде жазылған аталмыш жырларда рухани практикамен айналыса жүріп әйел және ер бастауын қосып, толымды жанға айналу жайы суреттеледі. Егер рухани практика дұрыс жасалмаса, онда әйел мен ер бастауын қосу әрекеті сәтсіз аяқталады. Ләйлі-Мәжнүн жырында сондай сәтсіз аяқталған рухани практика жайы баяндалған. Ләйлі мен Мәжнүн қосыла алмай, Мәжнүн ақыл-есінен айрылады. Шындығында, бұл жыр ғашықтардың баяны емес, сопылық мектептің рухани практикасының әдіс-тәсілдерін баяндаған ғылыми трактат. Оның астарындағы шындықты тек сопылық білімді меңгерген әулие жандар ғана ұғынып, түсіне алады.
Қасиетті Құранда “Күйеуін сүйгіш құрдас болады” деген аят бар. Оның астарында адамның ер және әйел бастауын фәни дүние шеңберінде қосу жайы баяндалған. Фәни дүние шеңберіндегі ең жоғарғы планета саналатын Сатьялокада (мұсылмандар оны пейіш деп атайды) адамның ер және әйел бастауы ажырап, екі тәнде өмір кешеді. Яғни, бір адам екіге жарылып, бір мезгілде әйел және еркек тәндерін алады. Бір жан болғандықтан, олар мәңгі құрдас болады және бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Күйеуін сүйгіш құрдас деп әлгі адамның әйел бастауын атайды. Өйткені, ол өзінің ер бастауынан басқаға көз қырын салмайды және екеуі бір бүтін болғандықтан, бірінсіз бірі өмір сүрмейді.
Ал жұмақ аталатын төменгі планеталарда адамдар өздерінің ер бастауымен өмір кешеді және оларға көптеген хор қызы аталатын куртизанкалар қызмет көрсетеді. Адам рухани әлемге жеткен кезде өзінің Құдаймен байланыс сатысына орай не әйел, не ер тәнін алады және ол толымды бүтінге айналады. Оған әйелдің қажеті болмайды. Енді ол Құдаймен белгілі байланыс сатысы бойынша мәңгі байланысқа түсіп, қызмет етеді.
