51 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Қазіргі материалистік ғылымның мәліметтеріне сенер болсақ, саналы адам осыдан жүз мың жылдай бұрын ғана пайда болған және ол еңбектің арқасында ақырындап  тағы маймылдың деңгейінен саналы адам дәрежесіне көтерілген. Ең алғашқы өркениет осыдан 7 мың жылдай бұрын Евфрат және Тигр атты екі өзеннің бойында орналасқан Вавилон мемлекетінен бастау алады. Оған дейін адамдар қауым болып аң аулап тағылық дәрежеде өмір кешкен. Шындығында солай ма?

Құпия археология

Қазіргі материалистік ғылым Дарвиннің эволюциялық теориясын басшылыққа алады және сол бағытқа негізделген ғылыми жүйе қалыптасқан. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, осы ғылыми жүйеге сай саналы адам 100 мың жылдай бұрын пайда болса, жер бетіндегі жалпы тіршілік 1,5-2 миллиард жыл бұрын жаратылған.

Материалистік ғылымға сенсек, тіршілік кездейсоқ пайда болып, эволюциялық дамудың нәтижесінде қарапайымнан күрделіге қарай дамыған. Жәрайды, тіршілік солай жаратылып, дамыған болсын делік, бірақ та, тарих ғылымының бір саласы болып табылатын археология ғылымы  осы материалистік жүйеге мүлдем сәйкес келмейтін заттық айғақтарды әредік тауып жатыр. Рас, алғашқы кезде бұндай қолайсыз айғақ заттар жойылып, ол туралы жарияланбайтын. Дегенмен, инені қапқа салып жасыра алмайтының сияқты, бұл құпияны үнемі жасырып, ұстап отыру мүмкін болмай барады.

Археолог ғалымдар материалистік ғылыми түсінікке сай келмейтін түсініксіз айғақ  заттарды көптеп табуда. Басқаны былай қойып, барша әлемге танымал Египет пирамидаларын алып қаралық. Ғылыми түсінік бойынша пирамидаларды Египет пірғауындары өздерін өлген соң жерлейтін қорым ретінде бес мың жыл бұрын тұрғызған. Қазіргі ең үлкен  Хеопс пирамидасының биіктігі 148 метр деңгейінде. Пирамида салмағы 1-5 тонналық  тас блоктардан арасына ине кірмейтіндей етіп өңделіп, өрілген. Бұл пирамидағы сондай 1,5 миллион тас блок кеткен екен.

Осындай ақылға сыйымсыз алып құрылысты мыс ғасырында өмір кешкен египеттіктер құлдардың көмегімен  30 жылда салыпты-мыс. Тағы бір айта кетерлік жай: пирамида салуға қажетті  тас 300 шақырым жердегі таудан тасылыпты. Қазіргідей техникасы жоқ құл иеленуші қоғамда осындай қыруар жұмысты құлдардың күшімен қол еңбегімен атқарды дегенге бүгінде жас бала да сенбейді.

Мынаны айта кеткен жөн: жапон ғалымдары Хеопс пирамидасын қазіргі техника күшімен қанша уақытта салуға болатынын компьютерлік бағдарламамен есептеп көріпті. Сонда мына жай белгілі болған: қазіргі ең жетілген техниканың күшімен Хеопс пирамидасын адамдар  күндіз-түні жұмыс істесе, 120 жылда салып бітіреді екен. Сонда бес мың жыл бұрын қол күшімен құлдар осындай құрылысты қалай салған? Бұл ақылға сыйымсыз нәрсе.

Археолог ғалымдар ашқан бұндай ғылым түсіндіріп бере алмайтын жайлар жыл санап көбейген үстінде көбейіп барады. Мәселен, әлемнің әр түкпірінен ұзындығы 4-5, тіпті 20 метрге дейін жететін алып адамдардың мүрделері табылуда.  Және олардың өмір жасы миллиондаған жылдар бұрын болғандығын көрсетеді. Бұл адам 100 мың жыл бұрын жаратылды деген Дарвиннің теориясын түгел теріске шығарады.

Қасиетті Құран не дейді

Құранда Аллаға сенбей, дінді бұрмалап, күнакарлыққа салынған көптеген үмбеттер Жаратқанның қаһарына ұшырап, жер бетінен жойылып кеткендігі туралы аяттар бар. Нұх пайғамбардың үмбеті, Лұт пайғамбардың үмбеті, Селих пайғамбардың үмбеті деп жалғасатын сондай адамзат нәсілдері  бүтін дінді бөлшектеп, бұрмалағаны үшін жазаланып отырған. Нұх пайғамбардың  замандастары күнәға батқандықтары үшін топан суға қарық болса, Лұт пайғамбардың ауылдастары аспаннан жауған  отты тастан  түгел мерт болған.

Құранда «Сендер жер бетін аралап көріңдер, сендерден бұрын көптеген нәсілдер болған, олар Аллаға серік қосқандықтары үшін құрып кетті, сендер солардың жұртында отырсыңдар» делінеді. Құран сөзіне назар аударар болсақ, жер бетінде өмір сүріп жатқан нәсіл біз ғана емес екенбіз. Бізден бұрын да көптеген саналы адам нәсілдері өмір кешкен. Дегенмен, олар Құдайға серік қосып, күнәға батқандықтан жазаланып, жойылып кетіп отырған.

Бүгінде археолог ғалымдар тауып жатқан алып адамдар мен Дарвин теориясын теріске шығаратын түрлі артефакттер соның нақты айғағы болып табылады. Пирамидалардың салыну уақытын жапон ғылымдары 5 мың жыл емес, 350 мың жыл бұрын екендігін есептеп шығарды. Яғни, пирамидаларды 350 мың жыл бұрын өмір кешкен басқа адамзат нәсілі жасаған. Бәлкім олар Құранда айтылған Нұх пайғамбардың, болмаса Селих пайғамбардың нәсілі ме, кім білсін.

Осы айталған жайлардан ой түйетін болсақ:  адам деп аталатын саналы тіршілік иесі қазіргі ғылым айтқандай 100 мың жыл бұрын маймылдан пайда болмаған, саналы адамдар миллиондаған, тіпті миллиардтаған жылдар бұрын да болған. Оған айғақ болатын қазіргі ғылым түсіндіріп бере алмайтын артефакттер аз емес.

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика