95 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Иаджна деген тек дәстүрлі діндерде діни парыз түрінде белгіленген рәсімдер емес, сонымен бірге дінге еш қатысы жоқ қарапайым пенделердің белгілі бір мақсатқа жету үшін жасаған әрекеттері де йаджна болып табылады. Осы арада йаджнаның екі түрі бар екенін бағамдауға болады: біріншісі және негізгісі – Жаратқан пенделеріне діни шарт ретінде белгілеген йаджна, яғни құрбандық та, екіншісі адамдардың арман-мақсаттарына жету үшін өз ақыл-ойымен жасаған іс-әрекеттері.

Бһагавад Гита кітабындағы йаджна туралы айтылған өлеңге назар аударайық: «Барша тірі жанды Жаратушы Ие жаратылыс таңында құрбан шалумен бірге адамдар мен періштелерді жаратып, оларға «Осы йаджнаны (құрбанды) шала отырып бақытқа кенеліңдер, өйткені ол сендердің мұқтажсыз күн көріп, ақыр соңында азат болуларың үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етеді» деп бата берген».

Жаратқан адамдарға йаджна – құрбандықты бақытқа кенеліп, мұқтажсыз молшылықта күн көруі және фәни дүниенің кір-қоқысынан арылып, толық бостандық алуға қажетті нәрселермен қамтылуы үшін жаратқан екен. Фәни дүниеге келген әрбір пенденің, тіпті кішкентай сәбидің де арман-тілектері болады. Сол таусылмайтын арман-тілектерінің біріне немесе бірнешеуіне қол жеткізген пенде өзін бақыттымын деп санайды. Ал орындалмаған әрбір тілек адамға соққы болып тиіп, жүйкесін жұқартып, өзіне деген сенімінен айыра түседі. Бір сәтсіздіктен кейін екіншісіне ұрынып, сәтсіздіктен көз ашпайтын пенденің болашаққа деген сенімі мұқалып, ақырсында бәрінен түңіліп, тірі өлікке айналатынын қай-қайссымыз да көріп жүреміз. БОМЖ деп аталатын үйсіз-күйсіз, жұмыссыз, отбасынан, туыстарынан қол үзген, маскүнемдікке салынған пенделердің жайы сәтсіздіктердің салдарынан құлдыраудың нақты көрінісі болса керек.

Міне, осы орайда, діни парыз ретінде белгіленген құрбандық, яғни йаджна – адамның ойына алған арман-мақсаттарына жеткізетін баспалдақ десек, шындықтан алыс кетпейміз. Адам өмірін 4 кезеңнен тұратын дәуірлер айналымымен белгілеген веда ілімі бойынша діни шарттар жақсы орындалатын, адамдардың бойында имани қасиеттер анағұрлым мол болатын алғашқы үш дәуір, яғни, сатья юга, трета юга және двапара югада құрбандық шалуға пенделер қатты көңіл бөлген. Бұндай құрбандықтар дін қызметкерлерінің қатысуымен барлық діни шарттарды қатаң сақтау арқылы орындалған және алдын ала ол қандай мақсатта ұйымдастырылғандығы да жария түрде белгілі болған. Мәселен, сатья юга, яғни алтын ғасырында өмір сүрген Набхи деген патша тақ мұрагері болатын ақылды да, батыр, данышпан ұл сұрап Құдайға құрбандық шалады. Ол құрбандықты білікті дін мамандары саналатын брахмандар өткізеді. Құрбандық барысында көктен Тәңір Вишнудің Өзі  түсіп, патшаның тілегінің орындалатынын айтып, қуантады.

Ал енді кейбір құрбандықтарды жоғарғы жұмақ планеталарына бару үшін жасайтын болған. Мұсалмандардың арасында Алладан жаңбыр тілеп өткізетін Тасаттық атты йаджна әлі күнге дейін бар. Таңғаларлығы сол, адамдар тасаттық жасаған соң-ақ дәл сол өңірге жаңбыр жауып, егін мен шөп шығымы жақсы болады. Дәстүрлі діндердің бәрінде дерлік өлген адамдардың әруағына арнап 7, 9, 40 күн өткен соң және басқа да сондай белгілі мерзімдерде берілетін арнайы діни құрбандық рәсімдері бар. Бұл құрбандықтардың мәні – өлген адамның рухын тозақ азабынан құтқарып, жұмақ планеталарына жетуге көмектесу. Ал ислам дінінде қасиетті мереке саналатын Құрбан айты кезінде малды құрбандыққа шалып, етін кедей-кепшікке таратып беру рәсімі күні бүгінге дейін жасалуда. Ол йаджнаны жасаған адамдар іштей Жаратқаннан бұл дүниенің де, о дүниенің де игіліктерін тілейді.

Индустарда ежелден келе жатқан мынадай діни рәсім бар, ол гарбдхана самскара деп аталады. Ерлі-зайыптылар үйленіп, отау құрған соң біраз уақыт ораза ұстап, белгілі діни шарттарды орындайды. Содан кейін жұлдыздық күнтізбе бойынша сәтті күні саналатын күні Құдайдан ұл немесе қыз тілеп, құлшылық етіп, содан соң төсекте жақындасады. Самскара рәсімін өткізген ерлі-зайыпты Жаратқаннан қалағанын алады екен. Осындай рәсімді орындаған соң дүниеге келген бала ақылды, сабырлы, иманды және ата-анасына өте қайрымды болады дейді.

Ежелгі заманда самскара йаджнасын орындау арқылы патшалар Жаратқаннан қалағанынша бала тілеп алатын болған. Махабхарата жырында тұрмысқа шықпаған жас қыз болашақ жарынан жүз ұл тусам деп армандағандығы және йаджна арқылы сол арманына қалай жеткендігі туралы айтылады. Мұндай мысалдарды өте көптеп келтіруге болады. Яғни, діни парыз ретінде берілген йаджнаны орындау арқылы пенде Жаратқаннан қалаған арман-тілегін орындауға мүмкіндік алатын болған.

Өмірдің барлық салалары туралы пайдалы ақпараттарды түгел бір жерден - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика