Интернеттен ақша табу құралдары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Биылғы жылдың наурыз айында басталған карантин шаралары жыл соңына дейін жалғасып келеді және алдағы жылы қанша уақытқа дейін созылары да белгісіз. Осының салдарынан көптеген мекемелер, тіпті мектептердің өзі қашықтан жұмыс істеуге көшті. Қашықтан жұмыс істеу деген не? Ол негізінен интернет арқылы жұмыс істеу деген сөз. Бұның өзі интернет арқылы жұмыс істеп, ақша табуға болатынын анық көрсетуде.

Жоғары сұранысқа ие мамандықтар

Президенттің биылғы жылдың қыркүйегіндегі халыққа арнаған жолдауында жыл соңына дейін бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің қызметкерлерінің саны 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартылатындығы айтылды. Сөйтіп, осының салдарынан көп адамдар жұмыссыз қалатын түрі бар. Ол аз десеңіз, бұрын базарларда ұсақ-түйек сатып сауда жасап жан бағып жүрген мыңдаған адамдар карантиннің кесірінен жұмыссыз қалып, күнкөрістік нәпақаларынан айрылуда.

Орыста «свято месте пусто не бывает», қазақшаға тікелей аударғанда: «қасиетті жер бос тұрмайды» деген сөз бар. Күнкөрістік жұмыстарынан айрылған адамдар аштан өлмеу үшін еңбек етуі тиіс болады. Ондай жұмысты олар қайдан табуы мүмкін? Әрине, ең алдымен интернеттен. Интернет қазір уақыт өткізу үшін қажетті ойындар мен музыка тыңдап, кино көретін құрал ғана  емес, миллиондаған адамдарды асырап отырған жұмыс орыны болып та отыр.

Қазіргі күні шет елдерде халық тұтынатын тауарлардың 70 пайызы интернет арқылы сатылады екен. Интернет арқылы сауда жасайтын Амазон компаниясының қожайыны қазір әлемдегі ең бай адамға айналды. Интернет арқылы сауда жасайтын шетелдік үлкен компаниялар біздің елімізге де жыл санап кең еніп келеді. Сол компанияларға әріптес түрінде тіркеліп, олардың өнімін сату арқылы жақсы табыс тауып жүргендер аз емес.

Оған қоса, өздерінің интернет дүкендерін ашып алып сауда жасап жатқандар да баршылық. Ал карантинге көшкен соң, базарлар жабылған кезде ұсақ саудагерлердің біразы тауарларын интернет арқылы сатуға көше бастады. Сонымен бірге, қолдарынан келетін түрлі қызметтерін интернет арқылы ұсынып, содан ақша табатындар да бар. Бір сөзбен айтқанда, интернет арқылы ақша табу біздің елімізде де ақырындап дамып келеді.

Бұл құралдарсыз интернеттен табыс таба алмайсыз

Мәселен, көше сыпырушы үшін сыпырғыш пен күрек, тырма қандай қажетті құрал болса, интернет арқылы табыс табатындар үшін саит воронка, сайт визит немесе лендинг деп аталатын сайттар және соңғы кезде кең қолданылып жүрген чат боттар сондай қажет құралдар болып саналады.

Мәселен, сіздің интернет дүкеніңіз бар делік. Тауарларды жарнамалап, клиент тарту үшін сізге ең алдымен сайт визит деп аталатын бір беттік сайт қажет болады. Онда сіздің аты-жөніңіз, сататын тауарлардың түрлері және телефоныңыз бен электронды поштаңыз жазылады. Сайттың сілтемесін әлеуметтік желілер арқылы, болмаса гугл адсенс немесе яндекс директ сияқты жарнамалық компаниялар арқылы таратасыз. Сілтемені басып сайтқа кірген адам сіздің интернет дүкеніңіз туралы толымды ақпарат алып, содан кейін сізбен хабарласа бастайды.

Ал сайт воронка болса, бұл сіздің тауарларыңызды бағасымен жұрттың назарына ұсынып, тікелей сатуға көмегін тигізеді. Сайт ворнокалардың көмегімен миллиондар тауып жүрген ресейлік кәсіпкерлерді білемін. Бұл өте қуатты құрал.

Соңғы кезде жұртшылық аса көп қолдана бастаған чат боттар негізінен телефонға орнатылған автоответчиктерге ұқсайды. Сіз үйіңізде болмаған уақытта автоответчик телефон соққан адамның дауыстап айтқан сөздерін жазып алып, сізге ұсынады. Сол сияқты чат боттар да клиенттердің телефондары мен электронды пошталарын алып қалып, сізге ұсынып отырады. Бұл сіздің саудаңызды жандандырып, табысыңызды еселейді.   

Қазіргі күні жоғарыда аталған құралдарсыз сіз интернеттен ақша табуды кәсіп қылып, ешқандай да нәтижеге жете алмайсыз. Бұл құралдар міндетті түрде қажет болады. Ол құралдарды орнымен, дұрыс пайдалана алсаңыз, интернеттен жақсы табыс табатыныңыз даусыз.

Егер сіздің интернет дүкеніңіз болса немесе түрлі қызметтер ұсынып, интернеттен ақша табуды мақсат етіп жүрсеңіз, саит визитка, сайт воронка және чат бот құралдарын жасатып алуыңызға толық мүмкіндігіңіз бар. Бағасы қолжетімді. Мына телефон арқылы хабарласуыңызға болады: 87013001474 (вадсап бар).

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика