Ислам дініне қарсы неге ғайбат сөздер көп айтылуда?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Соңғы кезде интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде ислам дінін қаралаған ғайбаттаулар көбейіп кетті. Оны жәй адамдар айтса, оған көңіл бөлмеуге болар еді, дегенмен де, оқыған-тоқығаны мол аузы дуалы адамдар, жас білімді мамандар, өнер адамдары тарапынан сондай сөздердің айтылып қалуы, еріксіз назар аудартады. Ислам дініне шабуыл неге көбейіп барады? Оның астарында не бар? Осы мәселеге өзімізше назар аударып, талдап көрмекпіз.

Көтере алмайтын шоқпарды қарыңа ілме

Халықта осындай мақал бар.  Оның екінші бір баламасы: «әлін білмеген әлек». Әрбір пенде өзінің шама-шарқына қарап, әлі келетін, қабылет-қарымы жететін шаруамен айналысса ғана табысқа жете алатыны дау туғызбас шындық. Ал әлін білмей, қолынан келмейтін қиын шаруаны мойнына алған адам оны орындай алмағаны бір басқа, абырой-беделінен айрылып, ұятқа қалмақ. Яғни, ондай жандарды халық сыйламайды да, адам деп санамайды.

Өмірдің барлық қырына қатысты осы ақиқат – дінге де қатысты. Діни парыздарын орындау әрбір мұсылманның міндеті, десек те, егер сол парыздарды нақты ережеге, яғни шариғат талаптарына сай орындау қолдан келмейтін болса, ең дұрысы, мойныңа алып, әуре болмай, парыздан бас тартқан жөн. Бұндай жағдайда сіз санскрит тілінде «апарадха», қарапайым түсінікпен алғанда «қорлау» дегеннен аулақ боласыз.

Егер ислам дінінің тарихына байыппен ой жүгіртіп қарайтын бослаңыз, діни парыздар мен оны орындау шарттарының өте ауыр, сондай-ақ қатаң талап шеңберінде болғандығын аңғарасыз. Мұсылманның бір парызы – күніне бес уақыт намаз оқу. Ал намаз оқу үшін ең алдымен, сол белгіленген уақыттан кешікпей, дәл уақытында оқу керек. Егер кешікеңіз, онда намазыңыз қаза болады.

Екінші шарт: міндетті түрде намаздың алдында дәрет алуыңыз керек. Онсыз намазға тұруға рұқсат жоқ. Үшінші шарт: жүзіңізді құбылаға қаратасыз, таза жерде, болмаса жайнамаз төсеп, жайнамазда намаз оқисыз. Төртінші шарт: намаз уақытында ештеңеге көңіл аудармай, ақыл-ойыңыз түгел намазда болуы тиіс. Айналаңызда не болып жатса да, тіпті өміріңізге, денсаулығыңызға қатер төндіретін жайлар болса да, намазды бұзбау шарт.

Бесінші шарт: намазды белгіленген тәртіппен, жүйе бойынша, онда оқылатын сүрелерді араб тілінде бұзбай сол қалпында оқу керек. Бұл шарттардың бәрі – сыртқы негізгі шарттар десек, жанама шарттар да аз емес. Ең бастысы: намаз оқу үшін ҚАТАҢ ШАРИҒАТ ЗАҢДАРЫН сақтау керек. Ол не? Ол ең алдымен – салауаттылықты ұстану, яғни, темекі  тартпау, арақ-шарап ішпеу. Содан кейін арам тамақтан аулақ болу, яғни Алланың аты аталып бауыздалмаған мал етінен, доңыз, басқа да тиым салынған хайуандар мен аңдардың етінен, ұрланған, харам жолмен табылған ақшаға алынаған тағамдардан аулақ болу.

Сонымен бірге, нәпсіңізді қатаң тыю керек, яғни зинадан барынша алыс болған жөн. Оның ішінде өзгенің әйелдері мен қыздарына көз сүзіп қарау (бұл көз зина), қалжыңдап сөйлеу (сөз зина) немесе қол жүгіртіп, ойнау – бұның бәрі зина. Әр мұсылман тек заңды некелескен жарымен ғана жақындасуына рұқсат.

Оған қоса, өтірік-өсектен, ұрлықтан, парақорлықтан, ұрыс-керістен, алаяқтықтан аулақ болуыңыз керек. Міне, осындай шарттардың бәрін 100 пайыз сақтап, таза жүрген жан ғана НАМАЗ ОҚИ АЛАДЫ. Ал ол шарттардың бірі бұзылса, онда ОҚЫҒАН НАМАЗЫҢЫЗ ЕШ ПАЙДА БЕРМЕЙДІ.

Мұсылман деген атқа лайықты болу үшін  шариғат жолымен жүріп, күніне бес уақыт намаз оқып қою жеткіліксіз. Оған қоса, тапқан табыстарыңызға, жылжитын, жылжымайтын мүліктеріңізге орай беріліп тұратын ұшыр, зекет, пітір, т.б. садақаларды түгел беріп отыруыңыз шарт. Сонымен бірге, егер мүмкіндігіңіз болып жатса, қасиетті жерге – Меккеге қажылыққа баруыңыз қажет. Ал осындай шарттардың бәрін 100 пайыздық дәлдікпен, еш мүлтіксіз және тұрақты түрде үзбей орындау үшін ең алдымен жүректе ИМАНДЫЛЫҚ болуы шарт. Яғни, Алланың барлығына, бірлігіне КӘМІЛ СЕНУІҢІЗ ҚАЖЕТ.

Міне, осындай талап биігінен көріне алған адам ғана өзін МҰСЫЛМАНМЫН деп айта алады. Ал сол талаптардың біреуі немесе бірнешеуі бұзылса, онда сіздің  оқыған намазыңыз да, берген садақаңыз, атқарған қажылығыңыз да жоқ болып, еш пайда, яғни сауап әкелмейді.

Мұндай жағдайда сіздің оқыған намазыңыз бен басқа да тағат ибадаттарыңыз пайда емес, керісінше үлкен ЗИЯН ТИГІЗЕДІ. Ол қандай зиян? Ең алдымен, сіз шариғат заңдарын бұза жүріп, намаз оқып, өзіңізді мұсылманмын десеңіз, сіздің теріс әрекетіңізді көрген басқа адамдардың ислам дініне деген көзқарасы жаман болады. Оны көрген адамдар «Е, мұсылман деген осы ма? Зина жасап, өтірік айтады, ұрлық істейді, мақтаншақ, тәкаппар, мұсылман дегендер осындай болады екен ғой» дейді. Сөйтіп, ондай адамдар ислам дініне залалын тигізетінін сезбейді.

Оның екінші жаман жағы: шариғат заңдарын бұзғандықтан, ластанған пенденің жасаған тағат ибюадаттары да лас болады, ол еш сауап әкелмейді, керісінше осы ісімен әлгі пенде намазды қорлап, Алланың қарғысына ұшырайды. Былай қарағанда адам  бес уақыт намазын оқып, мұсылмандық парыздарын өтеп жүрген сияқты. Бірақ, жоғарыда айтылған шариғат заңдарының бәрін өте қатаң сақтай алмағандықтан, жүрегі ластанады да, оқыған намазы далаға кетеді. Жәй пайдасыз болып қалмай, намазды қорлаған пендеге қарғыс болып тиіп, залалын тигізеді.

Намаздың киепеті бар

Сіз мына дүниеде кез-келген шаруамен айналыссаңыз, соған орай белгілі бір нәтижеге жетесіз. Бірақ та, ол істі талапқа сай, маманның айтқан кеңесіне орай дұрыс жасамасаңыз, онда оның еш пайдасы болмайды, керісінше залалы тиюі мүмкін. Мысалы, денсаулығымды жақсартамын деп күнде таңертең жүгіруді әдетке айналдырдыңыз делік. Бірақ та, маманның кеңесіне құлақ салмай өз бетіңізше істегендіктен, көп ұзамай денсаулықты жақсартудың орнынан ауруыңызға ауру жамап алуыңыз мүмкін. Қатты салмақ түскендіктен, жүрегіңіз сыр беріп, инфаркт деген дертке тап болуыңыз ғажап емес.

Сол сияқты намаз оқимын деп жүріп, жүрегіңізге имандылық орнықтырудың орнына намаздың киепетіне ұшырап, жүрегіңіз тас болып қатып қалуы, ластанып, күнаға белшеден батуыңыз әбден мүмкін. Анау сақал қойып, әйелдерінің бет-ауыздар қара матамен бүркеп жүргендер «керемет мұсылмандар» емес. Сол сақалдылар Сирияда, Иракта, басқа да елдерде жазықсыз адамдарды өлтіруде, сол сақалдылар дін атын жамылып, неше түрлі ақылға сиымсыз істер жасап, барша әлемге ислам дінін жиіркенішті және жеккөрінішті көрсетуде.

Яғни, олардың оқыған намаздары көк тиын пайда әкелмегені өз алдына, керісінше залалын тигізіп, ондайлар намаздың киепетіне ұшырап, ҚАРҒЫС АРҚАЛАУДА.

Мынаны есіңізде мықтап ұстаңыз: Егер шариғат талаптарын 100 пайыз сақтап, таза жүре еламын деп өзіңізге нық сенсеңіз, сонда ғана бес уақыт намаз оқып, басқа да мұсылмандық парыздарды орындап, мұсылмандыққа бет бұруыңызға болады. Егер оған шамаңыздың жететініне күмәнді болсаңыз «аш пәледен қаш пәле» деп намаздан да, мұсылманшылық парыздан да аулақ жүргеніңіз жөн болады.

Қазір жалпақ тілмен айтқанда «иттің итақайы» мұсылман. Намаз оқиды, ораза ұстайды, қажыға барады. Ал солардың істеп жүрген істеріне қарасаңыз, жүрегіңіз айниды. Сондайлардың кесірінен ислам діні барша жұртқа жеккөрінішті болып барады. Жоғарыда айтқанымыздай, ислам дініне ғайбат сөздер айтушылар қатарының күн санап өсіп бара жатуы ОСЫНЫҢ АЙҒАҒЫ. Сондықтан, егер НАМАЗДЫҢ КИЕПЕТІНЕ ұшырамайық десеңіз, намаз оқуды қойыңыз. Тыныш, жайыңызға  жүріңіз. Жаман мұсылман болғаннан гөрі, жақсы адам болып қалған дұрыс.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика