JEUNESSE GLOBAL – шындық пен жалғандық

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Әлемдегі адам денсаулығын нығайтып, өмір жасын ұзарту, ең бастысы – жасарту мәселесімен айналысатын жалғыз компания туралы ғаламторда бір-біріне қарама-қайшы түрлі пікірлер көп айтылуда. Біреулер оның өнімдері адам ағзаларын жасартып, денсаулығын жақсартады деп санаса, біреулер бұл алаяқтық қаржы пирамидасы деген пікірде. Осы екі пікірдің қайсысы дұрыс, қайсысы теріс – осы жайына тоқталсақ.

Артық қыламын деп тыртық қылушылар

JEUNESSE GLOBAL компаниясына арнайы тоқталып отырғанымыз, қазір компания өнімдері әлемнің 115 еліне сатылады, оның ішінде Қазақстан да бар. Қазақстанда компания өнімдерін жарнамалап, жеңілдіктермен сатамыз деп жатқандар аз емес. Осыған орай, американдық бұл компанияның өнімдерінің жарнамада айтылған талаптарға сай ма, жоқ па – осы жайында жұртшылықтың білуінің маңызы зор екені анық.

Желілі маркетинг жүйесімен жұмыс жасайтын бұл компанияның өнімдерін сатумен айналысатын дестрибютерлер шынын айтқанда өз қызметтері үшін өте жақсы табыс табады. Комппанияның маркетинг жоспары бойынша 10 деңгейлі жүйе бар. Бірінші деңгейде 15 пайыздан басталып, соңғы деңгейде 2 пайызға дейін төленеді. Яғни, сіз өз командаңызды құрып алсаңыз, бірнеше жылдың ішінде долларлы миллионер болуыңызға мүмкіндік бар.

Содан болар, дестрибютерлер компания өнімдерін жарнамалауда шектен тыс әсірелеуге бейім тұрады. Мәселен, қазақстандық жарнамалаушылар компанияның патенттелген өнімдерін өндіргендер қатарында Нобелдік сыйлықтың иегерлері бар деп жазады. Компания тарихы туралы нақты деректерден қарап көрсек, бұл пікірдің жаңсақ екендігін аңғарамыз. Рас, компанияның зертханасында еңбек ететін ғалымдардың арасында нобелдік сыйлыққа ұсынылған адам бар, бірақ жарнамада айтылғандай нобел сыйлығының иегері жоқ.

Дестрибютерлердің артық қыламыз деп тыртық қылып, компанияны шектен тыс дәріптеулерінен болар, оған деген сенімсіз көзқарас қалыптасқан. Оны тіпті, қаржы пирамидасы, алаяқтық компания деп айыптап жататындар да интернетте аз кездеспейді.

Компания өнімдері туралы сарапшылар не дейді?

Өлім мен кәрілікті адам баласы қаламаса да, ол кім-кімге де келмей қоймайтын құбылыс. Қартайғысы келетін пенде бар ма? Жоқ. Бірақ кәрілік қаламасақ та уақыты келгенде шақыруысыз қонақтай есіктен кіріп, төрімізді жайлап алады. Сондықтан, әлемдегі кәрілікті тежеп, жастықты ұзақ сақтауға әсерін тигізетін өнім шығаратын жалғыз компанияның өнімдерінің маңызы зор екені анық.

Компанияда нобел сыйлығының иегері қызмет етпесе де, ол өндіретін бағаналы клеткаларды ұзартатын, сол арқылы клеткаларды қайта жаңғыртып, кәрілікті тежейтін Finiti өнімінің қызметі 2009 жылы нобел сыйлығы берілген теломерлерді ұзарту жөніндегі еңбекке негізделген.

Сондай-ақ, компанияда еңбек ететін Винсент Джампапа 2014 жылы зерттеулері үшін нобелдік сыйлыққа ұсынылған, бірақ сыйлыққа ие бола алмады. Десе де, бұндай мәртебелі халықаралық сыйлыққа екінің бірі ұсынылмайтыны анық, яғни компания өнімдерін жасаушылар арасында талантты, әлем таныған ғалымдар еңбек етеді.

Ал әлемдік деңгейдегі пластикалық ота жасаудың шебері Натан Ньюман бір кезде голливуд жұлдыздарына қызмет көрсеткен екен. Ол бүгінде аталмыш компанияның өнімдерін жасаумен айналысады. Компания зертханасында дайындалған беттің әжімдерін қас қағымда кетіретін және клеткалық деңгейде бет терісін жасартатын люминес кремдерін жасауға осындай ғылым әлемінде атағы бар адамдар қатысқан.

Jeinesse өнімдері қаншалықты пайдалы

МЛМ компанияларға кіру және оның өнімдерін пайдалану үшін өз басым алдымен ол жайында жазылған жұртшылықтың пікірлеріне қарап аламын. Жарнамадан ақшаны аямайтын кезінде талайларды тақырға отырғызған МММ сияқты алаяқ компаниялар қазір де аз емес. Jeinesse туралы қарама-қайшы пікірлер көп екен. Содан нақты шешімге келе алмай, біраз қобалжығанымды жасыра алмаймын.

Десе де, мен тәуекел етіп, компанияның дестрибютері болдым және міне, екі айға жуық уақыт бойы оның өнімдерін пайдаланып келемін. Нақты нәтиже қандай? PM таблеткасын ұйықтар алдында нұсқаулықтағыдай екеуін емес, біреуін ғана қабылдап жүрсем де, шынын айтқанда өте жақсы ұйықтайтын болдым. Кейде түнде оянып кетіп, біраз уақыт ұйықтай алмайтын жайларым болатын. Ал таблетканы қабылдаған соң қатып ұйықтап, таңертең ұйқымнан жеңіл оянамын.

Finiti ұнтағын қабылдаған соң керемет бір сергектік пайда болды. Бұрын жұмыс уақытында қалжырап, шаршап жүретінмін. Қазір өзімді өте сергек сезінемін. Кәдімгідей бойыңа белгісіз бір күш құйылғандай әсері бар. Ал, адам ағзаларын жасартады, кәрілікті тежейді дегеннің қаншалықты шындық екендігін, алдағы уақыт көрсетеді деген ойдамын.

Тағы бір айта кетерлік жай: жаңа жылдан бастап ТМД елдерінің қоймаларына компанияның жаңа өнімі — басқа шаш шығаратын сусабын түсе бастамақ. Қолданушылардың айтуынша, осы сусабынды үнемі пайдаланған кезде үш-төрт айдан соң қасқаланған жалтыр төбеге кәдімгідей шаш шығады екен. Бұл рас болса, шампунды пайдаланғысы келетіндердің аз болмасы анық.

Компания өнімдері туралы толығырақ ақпаратты kalkoz25@mail.ru поштасы немесе 87013001474 телефоны арқылы хабарласып, алуыңызға болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика