95 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Молда-имамдардың сөзіне илансақ, Алла кешірмейтін күнә жоқ, Жаратқан шексіз мейрімді және Ол адамдардың жасаған барлық күнәсін оп-оңай кешіре бермек. Дегенмен де, осы арада ой қисынына салсақ, молдалардың бұл айтқандарынан шындығында адамдардың көңілін табу үшін ақиқатқа аздап жалғандықты араластырған әңгіме екенін ұғынуға болады. Өйткені, Құранда қиямет қайымда адамдардың қиямет сотына тартылатыны және онда бұл дүниеде жасаған барлық жақсы-жаман әрекеттері түгел алдынан шығатыны, сол әрекеттері үшін жауапқа тартылатыны аққа қара жаққандай анық айтылған. Ендеше, Алла адамның сұраған барлық күнәсін түгел оңай кешіре салады деу ешқандай да қисынға келмейді. Шындығында, Алла ешқашан кешпейтін аса ауыр күнәлар да бар.

Қиянат жасау – кешірілмес күнә

Алла адамдардың бәрін бірдей саналы етіп жаратты және бәріне бірдей мүмкіндік берді. Жаратқан барша адамдарға қасиетті кітаптар беріп, пайғамбарларын жіберді, оларға ненің жақсы, ненің жаман екенін, ауыр күналар туралы айтып, түсіндірді. Қасиетті Құранда Алла барлық періштелерге адамға бас иіп, құрмет көсретуді бұйырады. Сонда тек ібіліс қана тәкаппарлықпен бас имейтінін айтады. Осы себепті, ол Алланың қарғысына ұшырап, қиямет қайымға дейін жұмақтан қуылады.

Міне, сол барша періштеге бас игізген адам атты саналы екі аяқты тіршілік иесіне  жанына тиер ауыз сөз айтып, тіл тигізу, болмаса басқа да залал келтіру, әділетсіздік көрсету – бұның бәрі қиянат болып саналады және адамға жасалған қиянатты Алла ешқашан кешпейді. Бұл – тозаққа түсіретін аса ауыр күналардың бірі болып табылады.

Ажалдан ешкім құтыла алмайды

Күні кеше ғаламторда қазақстандық белгілі бір кәсіпкердің автокөлік апатынан қайтыс болғандығы туралы жазылды. Ол кісіні мен білуші едім. Аса бай адам және байлығын сонау 90-шы жылдары лас жолмен жасаған. Шынын айтқанда, қылмыстық топтармен байланысы бар екен деген ол туралы әңгіме айтылатын.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Журналистік тәжірибемде ол кісі туралы бірер материал жазуыма тура келді. Мақтап емес, одан қиянат көрген адамның басынан кешкендері жайында баспасөзге жазып, жұртшылықты құлағдар еткенмін. Ол қиянат жасаған жалғыз басты әйел болған оқиғаны жылап тұрып айтып берген. Дегенмен, менің мақалам бәрін ақшаға сатып алатын оған шыбын шаққандай да әсер етпеді. Әлгі әйелдің құқық органдарына жазғаны түгел далаға кетті.

Сол кісінің кесірінен жазықсыз сотты болған біреу түрмеде асылып өлді, ал тағы бір жас жігіт он жылдай абақтыда отырып шықты. Талай адамға қиянат жасаған, заң атаулыны үнемі аяқ асты ететін әлгі кәсіпкер болса, алшаң басып, ойына келгенді жасауды жалғастыра берді. Ол адам ешқашан өлмейтіндей, ешқашан Жаратқанның сотына тартылмайтындай, мәңгі бақи осылай шалқып жүре берердей көрінген.

Бірақ та, қанша бай, қалталы болса да ажалдан қашып құтылушы жоқ екен. Қалталы бизнесмен өз автокөлігімен келе жатып аударылып, содан қаза тапты. Артында қап-қап ақшасы, ашыналары, зәулім сарайлары қалды. Ол дүниеге әлгі кәсіпкер ештеңе де әкетпеді. Адам тыр жалаңаш келіп, тыр жалаңаш кетеді, жалғыз келіп, жалғыз кетеді дегеннің ақиқаттығын көзбен көрдік. Ол дүниеге ол өмірінде жасаған күнәсі мен сауабын ғана алып кетті. Сауабының қанша екенін кім білсін, күнәсі аз емес еді. Оны танитын адамдардың бәрі бұл шындықты жақсы біледі.

Енді жоғарыдағы әңгімеге қайта оралайық. Егер имам-молдалардың айтқанындай, Алла адамның жасаған барлық күнәсін бірдей кеңпейілдікпен кеше салатын болса, онда әділдік қайда қалады? Одан қиянат көрген әйелдің құқық органдарына еш сенімі қалмағаны анық, ал сенім болмаған жерде сыйластық та болмайтыны белгілі. Егер дәл осылайша, кісінің кісіге жасаған қиянатын Алла да оп-оңай кешіре салса, әділдік жоқтығын көрген пенденің Аллаға деген сенімі мен құрметі қала ма? Алла да бүгінгі ақшаға сатылатын шенеуніктің бірі сияқты болып қалмай ма?

Алла молда айтқандай кеңпейілді, кешірімді ғана емес, сонымен бірге әділ де. Ал әділдік бар жерде жөнсіз кешірім немесе ақшаға сатылу деген болмайтыны анық. Ендеше әлгі бизнесмен адамдарға жасаған қиянаты үшін  адамның соты мен құқық қорғаушыларын сатып алып, кешірім алғаны сияқты, Алланың сотын да сатып ала алмайды. Яғни, ол жасаған барлық қиянаттары үшін 100 пайыз жауап беруіне тура келеді. ӘДІЛДІК деген — осы.  

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика