Короновирустан қалай сақтануға болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Биылғы жылдың басында, сонау ақпан айында Қытайдан бастау алған короновирус дерті қазір барша әлемді жайлап, мыңдаған аданың өмірін жалмады. Жұқпалы дерттің беті қайтар емес. Әлі күнге дейін оған қарсы вакцина жасалған жоқ. Рас, Ресей және бірнеше елдің ғалымдары вакцина жасаған болды, дегенмен, ол дәрінің қаншалықты тиімді екендігі күмәнді. Осыған байланысты жұқпалы дертпен ауырған әрбір адам өз денсаулығының жайын өзі ойлауы қажет болған жағдайы бар.

Жұқпа қалай жұғады

Интернет арқылы жұқпадан сақтанудың түрлі тәсілдері жйындағы ақпаратты көптеп табуға болады. Олардың біреулері сенім туғызса, енді біреулері блогерлердің оқырман тарту үшін жасаған айласы сияқты. Дегенмен де, сондай тәсілдердің арасынан қолжетімді және біршама сенім туғызатын тәсілдерді өз басым пайдаланып жүрмін және оның нәтижесі де жаман емес.

Короновирус дерті түрлі заттар арқылы таралады екен деген пікірді соңғы кезде германиялық ғалымдар жоққа шығарды. Вирус ақшада, есік тұтқасында, автобус орындықтарының арқалықтарында, т.б. заттарда сақталып, оны қолмен ұстаған адам қолын жумаса вирус ішке енеді деген пікір кең өріс алған еді. Осыған байланысты мекемелерде қол жуатын антисепиктер қойылып, қолды үнемі сабындап жуу керектігі туралы кеңес берілді.

Дегенмен де, жоғарыда айтқанымыздай германиялық медицина сарапшылары вирус түрлі заттар арқылы емес, тек ауадан таралатындығы туралы өз зерттеу қортындыларын жариялады. Бірақ та, бұл пікірді толық мақұлдап іліп әкеткен жұрт болмады. Әлі күнге едйін мекемелердің кіре берісінде антисептиктер қойылып, қолды жуу қажеттігі үнемі ескертіліп жатады. Сондай-ақ, қатаң маска тағу режимі енгізіліп, маскасы жоқтарды әкімшілік жауапқа тартып жатқан жайлары да ұшырасады. Масканың қаншалықты пайдасының барлығы туралы да вирусолог ғалымдардың пікірлері әртүрлі.

Жұқпадан сақтанудың қарапайым тәсілі

Интернет арқылы алған жұқпадан сақтанудың қарапайым тәсілін өз басым біраздан бері пайдаланып келемін және нәтижесі жаман емес. Ол тәсіл мынау: лимонды кесіп стақанның түбіне құйылған суға салып еземін. Стақанға қайнаған ыстық су құямын, оның мөлшері он шәй қасықтай болады. Лимонды жақсылап езіп, араластырған соң суды аузыма алып, тамағымды бірнеше рет шаямын. Содан кейін суға саусағымды малып, саусағыммен мұрнымды тазалаймын. Мұрынға суланған саусақты тереңірек енгізіп, бірнеше мәрте тазартыңыз. Содан соң алақанға су алып, мұрнымды шаямын. Лимонды су ащы болғандықтан, кеңсірігің ашиды. Оған мән бермеңіз.

Міне, осы әрекетті аптасына екі рет жасап отырамын. Негізінен дүйсенбі немесе сейсенбі күндері кешкілік жұмыстан келгесін және бейсенбі, не жұма күндері жасаймын. Кеңсірік пен тамақты лимонды сумен тазарту арқылы күнұзақ ауа арқылы мұрныңызға, не тамағыңызға енген вимрустарды жойып, оның көбеюіне және ішкі ағзаға өтуіне жол берілмейді.

Сонымен бірге, дәріханадан имбир фитошәйін алып, үнемі соны ішіп тұрамын. Имбир (оны қазақша зімбір деп жүр) вирусты өлтіреді. Ішке еніп кеткен вирус болса, имбир шәйін ішу арқылы оны жоюға болады. Имбир фитошәйін сіз дәріханалардан тапсаңыз, лимонды кез-келген көкөніс дүкенінен сатып алуға болады және бұлардың бағасы да онша қымбат емес. Яғни, жалпы халыққа қолжетімді.

Короновирус дерті көп жағдайда өкпені алып, тыныс алуды қиындататындығы туралы айтылып, жазылып жүр. Өкпенің қабынуы (пневмания) ауруы соңғы кезде көбейіп кетті. Бұл да жұқпа әкелген құбылыс дегенді айтады жұрт. Осы орайда, өкпені қабынудан сақтаудың да қарапайым қолжетімді тәсілін айта кеткім келеді.

Қазіргі кезде адамдардың көбі қалада тұрады және дене жұмысын атқармайды. Соған байланысты өкпенің жұмысы баяулап, тыныс алу нашарлайды. Осы орайда, өкпенің белсенді жұмысын қалыптастырып, тыныс алуды жақсартатын қарапайым жаттығуды назарларыңызға ұсынамын.

Бұл жаттығуды таза ауада жаяу серуендегенде немесе тіпті, үйдің ішінде де жасауға болады. Төрт қадам басқанда ауаны мұрныңыз арқылы үзіп-үзіп ішіңізге тартыңыз. Яғни, әр қадам басқан кезде ауаны мұрныңызбен ішіңізге үзіп тартыңыз. Содан кейін төрт қадам ауаны аузыңыз арқылы үзіп-үзіп шығарыңыз. Ішіңізге тартқанда, ауаны шығарғанда барынша қатты демалуға, дем шығаруға тырысыңыз. Бұл жаттығуды көп ұзамай әбден меңгеріп аласыз және оны күнұзақ жұмыс арасында үнемі жасап отыруға болады. Ол тыныс алуды жақсартып, өкпенің белсенді жұмысын қалыптастырады.

Деніңізге саулық тілеймін, ешқашан да ауырмаңыз! Жұқпадан аман болайық!

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика