Криптовалюта деген не және оның болашағы қандай?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Интернетті ХХІ ғасырдың ең ұлы жаңалығы десе артық айтқандық болмас. Қазіргі күні смартфон ұстайтын мектеп оқушысынан бастап, зейнеткерге дейін барлық адамдарға интернет қолжетімді. Бұның өзі ғаламторды тек ақпарат алу құралы болып қана қалмай, адамдар үшін аса қажетті басқа да сан түрлі қызметтерді атқаруына мүмкіндік беруде. Электронды әмияндар арқылы енді  интернет арқылы қалаған затынңды сатып алуыңа, сатуыңа, түрлі инвестициялық жобаларға қатысып, ақша табуыңа болады. Интернет әкелген ең үлкен жаңалықтың бірі – электронды ақша.

Криптовалюта жасау идеясы қалай шықты?

Интернетте жасалып, сонда әрекет ететін орталықсыздандырылған цифрлық валюта. Ол криптографиялық («құпия жазу»  деген сөзден шыққан, өзгертуге келмейтін таңбалар жиынтығы) технологиялармен қорғалған. Атауы да содан шыққан.  Бұл ақша бірліктерінің физикалық баламасы жоқ, олар тек виртуал кеңістікте ғана жүреді.
Қарапайым тілмен айтсақ, бұл онлайн-ойындағы тиын-теңгелерге ұқсайды, тек оны ойында ғана емес, ауқымдырақ мақсатта да қолдануға болады.

Криптовалюта немесе цифрлық ақша жасауға алғашқы қадамдар өткен ғасырдың 90-шы жылдары жасалған екен. Дегенмен де, алғашқы цифрлық ақша қолданыстағы мемлекеттік валюталармен бәсекелесе алмай, айналымнан тез шығып қалды. 1989 жылы Дэвид Шаум Digi Cash цифрлық валютасын шығарған болатын. Дегенмен, он жылдай уақыт аралығында бұл цифрлық валюта басқа да сол тұста дүниеге келген бірнеше  электронды ақшалармен бірге банкротқа ұшырап, тіпті оны шығарушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұның өзі цифрлық ақшаның болашағы жоқ деген тұжырымға келуге мәжбүрлегендей болған. Алғашқы цифрлық валюталар шығару идеясы неге сәтсіздікпен аяқталды? Оған түрлі обьективті себептер бар еді. Оның ішіндегі ең көкейге қонымдысы: ол кезде электронды сауда әлі кең таралмаған болатын, өйткені интернеттің өзі қазіргідей  жалпыға қолжетімді емес еді.

Енді криптовалюта өз тарихи жолын бастаған 2008 жылға келейік. Сол жылы жапондық Сатоши Накамото деген азамат «Биткоин: p2p-электронды ақша жүйесін» жасады. Накамото бұрынғы электронды ақшалардың сәтсіздігінің тарихын талдап, ондағы қателіктерді жасамауға тырысты. Ол жүйелер қатаң орталықтанған және азаматтардың сеніміне негізделген еді. Жаңа электронды ақшада Накамото екі фундаментальды проблемаға назар аударды: қолданыстағы қалыпты қаржы жүйесімен жұмыс істеу және мемлекеттік, мәселен АҚШ доллары бағамына баламалау.

Криптовалютаның ерекшеліктері

Криптовалютаның  өзіне тән мынадай үш ерекшеліктері бар: Ең алдымен, криптовалюта адамдардың сеніміне негізделмеген. Криптовалютаны басқару жүйесі жұртшылықтың сенімін қажет етпейді және оған үшінші жақ қатыстырылмайды. Мұнда сенімді тексеру ауыстырады. p2p- желісінің активтері оған қатысушылар тарапынан толықтай бақылауда болады және олардың арасында басқа делдалдардың араласуынсыз (банк құрылымдары сияқты) бірден аударым жасалады.

Криптовалюта ешқашан өзгермейді. Блокчейн технологиясы криптовалютаны іс жүзінде ешқашан өзгермейтін етеді. Ол ауыстырылмайды, кейінге қалдырылмайды, көшірімі жасалмайды, жасырып немесе өзгертілмейді. Бұндай жағдайда криптовалютаға қатысты ешкім, ешқандай жағдайда алаяқтық жасай алмайды, ол адам тарапынан жіберілетін қателіктерден де ада. Бұл криптовалютаның шексіз ашықтығын қамтамасыз етіп, банкте сақталған кәдімгі ақшадан ерекшелейді.

Криптовалюта орталықтандырылмаған. Криптовалютаның жаңа монеталары тұрақты түрде және ашық жағдайда жасалады. Мәселен, биткоинды алып қарайық, оның құрылымы 21 миллион данадан артық шығарылуға жол бермейді. Ал мемлекеттік  евро, доллар сияқты валюталарда бұндай шектеу жоқ, оны мемлекет басқарып, қанша шығарғысы келсе, сонша шығара алады. Бұның өзі айналымдағы кәдімгі валюталардың криптовалютадан өзгеше, қатаң орталықтанғанын көрсетеді.

Криптовалютаның жағымды жақтары

-Кодтың ашықтығы. Бұның өзі кез-келген адамның криптовалютаны жасауына мүмкіндік береді. Бұл процестің аса күрделілігіне қарамастан, біраз адамдар осы тәсілмен күнкөрістік ақша табуда.

-Құпиялылығы. Классикалық ақшадан ерекшелігі, ақша аударымы кезінде криптовалютаның қожайыны кім екенін анықтау, зерттеу мүмкін емес. Ақша аударымы кезінде тек әмиянның нөмірі мен ақша сомасы ғана көрінеді. Басқа ешқандай мәлімет берілмейді.

-Орталықтанбаған. Криптовалюта тәуелсіз ақша жүйесі болып табылады. Оның эмиссиясын ешкім реттеп, есепшоттағы ақша айналымын ешкім бақыламайды. Оның дәл осы ерекшелігі интернет желісіндегі көп адамдарды қызықтырып отыр.

-Шектеулілігі. Криптовалюта белгілі бір мөлшерде ғана шығарылады, бұның өзі кәдімгі ақшада болатын қаржы дағдарысы, инфляция қатерлеріне жол бермейді.

-Ақырсында, сенімділігі. Криптовалюта есепшотын бұзып, ұрлап алу қатері мүлдем жоқ, ол өте сенімді қорғалған.

Жағымсыз жақтары

-Ешқандай кепілдік берілмейді. Криптовалюта есепшоты бар әрбір адам өз есепшотындағы ақша үшін өзі жауап береді. Мұнда реттеуші тетік жоқ.

-Криповалютаның бағамы тұрақсыз, әрдайым қазіргі сұранысқа байланысты өзгеріп отырады.

-Тыйым салу қатері бар. Мемлекеттік құрылымдар криптовалютаға сенімсіздікпен қарайды. Бірқатар елдер криповалютаға шектеу қойып, онымен сауда жасауға заң арқылы тыйым салған.

-Жоғалтып алу қаупі бар. Электронды ақшаға кілтсөз арқылы қол жеткізіледі. Егер кілтсөзді жоғалтып алсаңыз, ақшаңызға қол жеткізе алмайсыз.

-Блоктарды жасау күрделі бола түскендіктен, оны жасау барған сайын қиын бола түсуде. Бұнымен тек арнайы құрылғылары бар қуатты компаниялар ғана айналыса алады.

Криптовалютаның келешегі қандай?

Криповалютаның жоғарыда айтылғанадй кемшіліктеріне қарамастан, қолджаныстағы қалыпты ақшаға қарағанда көптеген артықшылық жақтары, оны болашақта жалпыхалықтық қолданыстағы валютаға айналдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, еврол, доллар, ресейлік рубль сияқты ақша сол елдің алтын қорына байланған. Бірақ та, бұл соңғы жылдарда сақталмай, мемлекеттер экономикалық дағдарыстардан шығу үшін шектесуіз мөлшерде ақша басып шығаратын болды. 2008 жылғы барша әлемді қамтыған қаржы дағдарысының шығуына да тікелей осы жай әсер еткені белгілі. Бұның өзі әлсін-әлсін қаржы дағдарыстарына ұрындырып, құнсызданып кететін ақшаны халықаралық дәрежеде қолданылатын және бағамы біршама тұрақты ортақ валютамен ауыстыру қажеттілігін туғызады. Ал мұндай ортақ валютаның қызметін криптовалютаның атқаруына толық мүмкіндігі бар.

Қолданыстағы криптовалюталар

Биткоин. Бұл ең алғаш пайда болған және криптовалюталарға жол салған электронды ақша.  Он жылдан астам уақыт ішінде биткоин бағамы мыңдаған есе өсіп, қазіргі күні бір биткоин монетасы 8097 АҚШ долларына тең болып отыр. Өткен жылы оның бағамы 10 мың доллардан асып жығылғанын ескерсек, алдағы уақытта бұл көрсеткіштің өзгеретіні анық.

Екінші танымал криптовалюта Эфириум (ЕТН) деп аталады. Оның негізін салушы Виталий Бутерин. 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Ашық платформада жұмыс істейтін эфериумде  блокчейн технологиясы біршама жеңіл. Бұның өзі оның болашағына кең жол ашады. Қазіргі күні эфериумның бағамы 200 доллардың ауқымында. Дегенмен, сарапшылар 2020 жылы ЕТН бағамы долларға шаққанда 7-8 есеге дейін өседі дегенді айтып отыр. Бұның өзі ақшасын құнсызданудан сақтағысы келетін инвесторлар үшін мықты инвестициялық құрал болатын түрі бар. Өзіңіз ойлап қараңыз, қазір сіз биткойнды 8097 доллар бағамымен сатып алдыңыз делік. Бір жылдан кейін оның бағамы 10, тіпті 15 мың долларға жетеді. Ол кезде валюта бағамы айырмасына сай, сіз біраз ақша табасыз.

Бүгінгі күні криптовалютаға интернеттен кез-келген затыңызды сатып алуыңызға, есеп айырысуыңызға болады.

Криптовалюта есепшотын қалай ашуға болады?

Криптовалюта есепшотын кез-келген адам оңай ашып алуына мүмкіндігі бар. Сіз ақшаңызды биткоин сатып алып, криптовалюта түрінде сақтағыңыз келді ме, онда биткоин әмиянын ашуыңыз қажет. Биткоин әмиянының 4 түрі бар, соның ішінен өзіңізге қолайы келетінін таңдап, тіркелсеңіз болғаны. Тіркелу тегін және күрделі емес. Биткоин әмиянын ашқаннан кейін сіз түрлі таңбалардан тұратын идентификатор аласыз. Бұл – сіздің есепшотыңыз болып саналады. Ақшаны әмиянға салу үшін интернеттегі ауыстыру пункттерін пайдалануға болады. Ауыстыру пункттері көп, дегенмен олардың шарттары әртүрлі. Ең бастысы, қолайыңызға келетін, аз сомада ақша ауыстыратынын таңдап алу. Бірден қомақты ақша салмай, алғашында азын-аулақ ашқа салып, өсім бағамының бағдарын байқаңыз.

Криптовалютадағы алаяқтық

Криптовалютаның әлемдегі танымалдығы Қазақстанға да жетті. Жұрт оған қызығушылық таныта бастады. Көп адам істің мән-жайына бармастан, қолындағы ақшасын криптовалютаға айналдырып та жатыр. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, Астанадағы OneCoin псевдокриптовалюталық пирамидаға екі жылдың ішінде  салымшылардан 2,2 млрд теңге құйылған екен.  Тергеушілер анықтағандай, Қазақстанда бірнеше адам шетелдік OneCoin компаниясының атынан әрекет етіп, осы аттас криптовалюта сатамыз деп азаматтарды алдаған. 

МКД деректері бойынша, олар осы криптовалютаның айрықша екенін жарнамалап, оның бағамы шапшаң көтеріліп, келешекте мол табысқа кенелтеді және онымен тауарлар мен қызметтер ақысын төлеуге болады, жаңа салымшылар тартқаны үшін көп деңгейлі бонустар жүйесі көзделген және 2018 жылы криптовалюта әлемдік биржаларға шығады деп сендірген. Осылайша, жұртты 140 евродан 118 000 евроға дейін тұратын трейдер пакеттерін сатып алуға иландырған.

Қай жерде табыс болса, сол жерде алаяқтық қоса жүретіні белгілі. Сондықтан, криптовалюта төңірегінде де алаяқтықтар әредік көрініс беруде. Осыған орай, мұндай алаяқтықтарға алданып қалмайын десеңіз, криптовалюта жөнінде ақпараттар алып, оның не екені туралы біліп алғаныңыз жөн.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика