Мәңгілік баспана бар ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың барлығы дерлік өмірден өзіне қорғаныш, алданыш және қуаныш пен бақыт әкелетін баспана іздеп жатады. Адам өмірінің басты мәнін де көп пенделер сондай баспана табу деп түсінетіні жасырын емес. Біреу баспананы отбасынан тапса, екінші біреулер мансап немесе атақ пен байлықтан тауып жатады. Өнерден, ғылымнан, шығармашылықтан, спорттан баспана табатындар да бар. Бар өмірін бизнеске арнайтындар, болмаса көңілі қалайтын жұмыстан басқаға мойын бұрмайтындар да кездеседі. Арақ-шарап ішуді өмірдің ең басты қуанышы көретіндер, нәпсі қызығына алданып, одан басқа бақыт жоқ деп санайтындар да жоқ емес. Осылайша, әр пенденің өмірден тапқан алданышы, яғни баспанасы әртүрлі болады және адам сол өз таңдауын ең дұрыс таңдау деп санап жатады.

Осы арада мына ақиқатқа назарларыңызды аударғым келеді: мына фәниде, яғни өзіміз ғұмыр кешіп жатқан материалистік ғаламда қандай нысаннан баспана тауып, соны өзімізше мәңгілік және соған қолымыз жетсе еш қауіпсіз, әрі бақытты болар едік деп санап жатсақ та, оның бәрі уақытша және өткінші. Өйткені, фәни дүниедегі нысандардың бәрінің табиғаты өткінші.

Мен бір кісіні білемін. Оның бір қыз, бір ұлы болды. Ұлы әскерге барар алдында бақытсыз жағдайға ұрынып, қайтыс болды. Өмірдегі бар алданышы, бақыты сол ұлы болған ерлі-зайыптылар одан айрылған соң-ақ өмірден түңіліп, қатты қайғыға бой алдырды. Бұрын рахат пен қуаныш көзі болып келген ұлдары енді қайғы-қасырет көзіне айналды.

Бар бақыты мен қуанышын мансаптан тапқан тағы бір танысым жасы жетпіске келсе де қызметтен айрылғысы келмей, нешетүрлі қулық-сұмдыққа барып, тіпті ар-намысын аяқ асты етіп креслодан айрылмау үшін жанталасып жүр. Қолынан ұйымдастырушылық келмейтін, басшыға тән іскерлік қабылет-қарымы жоқ оны жоғары тұрған басшылары жетпіс жасқа толғанша ұстап, мерейтойын өткізген соң қызметтен кетіруді жоспарлап қойыпты. Бұны әлгі танысымның өзі де біледі. Қазір ол жанын қоярға жер таппай, қызметте қалай қаламын дегенді ойлап, күндіз күлкі, түнде ұйқыны ұмытқан. Оның осы жайына қарап, ертең қызметтен айрылса ахуалы не болады деген үрейлі ойға берілесің.

Бар күш-қуаты мен қарым-қабылетін спортқа арнағандар да жасы келген соң амалсыз спорттан қол үзуге мәжбүр болып жатады және бұны олар өте ауыр қабылдайды. Ал өнер, шығармашылықпен айналысатындар да кейін келе тоқырауға ұшырап, өз таңдауларының дұрыс болмағандығын іштей түйсінетін жайлары кездеседі. Жалпы алғанда, мына фәни жалғанның игіліктері мен қызықтарын бақытымның көзі, ең басты алданышым мен қуанышым деп санайтындар түптің түбінде өкініште қалып, өз қателіктерін іштей мойындауға мәжбүр болады.

Мәңгілік баспана, яғни алданыш пен бақыттың көзі бар ма? Бар. Егер адам рухани игілікті ең басты мақсаты және баспанасы етіп алса, ондай жан ешқашан өзі таңдаған бақыт нысанын жоғалтпайды және одан айрылмайды, жалықпайды. Рухани игіліктің табиғаты сондай – ол мәңгілік, ол адамға шексіз қуаныш пен бақыт сыйлайды және ешқашан жалықтырмайды. Сондықтан, табиғаты өткінші, күндердің күнінде үлкен қайғы-қасыретке ұрындыратын фәни дүниенің игіліктеріне алданбай, бар уақытыңыз бен күш-қуатыңызды рухани дамуға сарып қылсаңыз, екі дүниенің де игілігін табатын боласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика