Мақсатқа  жетудің қарапайым тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың көпшілігі алдарына нақты мақсат қойып, мынаған жетемін деп жоспарлы әрекет жасай қоймаса да, іштей әлдебір арман-тілектің жетегіне еріп, соған жетсем жақсы болар еді деп ойлап жатады. Ол арман-тілек  жалақысы көптеу жұмыс, бәлкім жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болу немесе көңілі қалаған жанмен отбасы құру болуы мүмкін. Дегенмен де, сондай ойына алған арман-тілектердің бәрі болмаса да, тіпті бірен-сараңының өзінің орындалуы қиын. Көбіне, ол жәй қиялдағы арман-тілек күйінде қалады.

Мақсатқа жетуге не кедергі?

Сіз өміріңізде қоршаған ортаға, табиғатқа ой жүгіртіп байыппен қарап көрдіңіз бе? Олай жасамасаңыз, бір рет солай жасап байқаңыз. Мәселен, қазір күндіз. Бірнеше сағаттан соң күн батып, түн болады. Сосын тағы  таң атып, күн шығады. Енді бірнеше айдан соң қыс  келеді. Осылай табиғат тұрақты бір заңдылыққа бағына  жұмыс жасайды. Яғни, барша табиғат өте үлкен дәлдікпен жұмыс істейтін заң шеңберінде өмір сүреді.

Табиғаттың кішкентай бөлшегі болып табылатын адам да ол заңның ықпалынан тыс қалмайды. Адамға әсер ететін және оның өмірін қатаң бақылайтын заң – карма заңы деп аталады. Оны  — «не ексең, соны орасың» деген нақылмен салыстыруға болады. Егер сіз біреуге жақсылық жасасаңыз, ол міндетті түрде өзіңізге қайтады. Жамандық та, белгілі уақыттан соң өзіңізге оралады.

Яғни, сіз өз болашағыңызды өзіңіз жасайсыз. Адам бір сәт те тыныш тұра алмайды. Ол ойы, сөзі немесе әрекеті арқылы үнемі әрекет жасайды. Ал әрекет жақсы немесе жаман болуына байланысты, сіздің болашағыңыз сол жасаған әрекеттеріңізге сай айқындалады. Бүгін сіз түрлі әрекеттер арқылы болашағыңызды жасап жатырсыз. Бұл – ақиқат.

Карма заңы компьютердің бағдарламасы сияқты өте үлкен дәлдікпен және мүлтіксіз жұмыс жасайды. Сіз күн сайын ой, сөз және әрекет арқылы ондаған, жүздеген жақсы-жаман әрекеттер жасайсыз. Болашағыңыз да соған орай айқындалып, жақсылыққа немесе жамандыққа ұшырап жатасыз.

Егер сіздің жолыңыз болмаса, қанша әрекет жасап, алдыңызға мақсат қойып, талпынғаныңызбен ісіңіз алға баспаса, онда бұның себебін карма заңына сай өміріңіздің осы кезеңінде жасаған жаман істеріңізді өтеумен байланысты болған құбылыс деп қабылдау қажет. Мәселен, түнгі сағат 12-де неге күн шығып, таң атпайды деген жөн бола ма? Таң ату үшін біраз уақыт өтуі шарт. Сол сияқты карма заңына сай сіздің өміріңіздің түні, яғни қиындық шағы келсе, оны аттап өте алмайсыз.

Жаныңыз сүйген іспен айналысыңыз

Егер сіз тағдырдың басыңызға салғанына көніп, карма заңына сай жақсылыққа кенелетін кезді сабырмен күтуге шамаңыз жетпесе, өз күшіңізбен ойыңызға алған мақсатыңызға жетем десеңіз, оның амалы – жаныңыз сүйген іспен айналысу. Егер сіз бір жұмысты үлкен құлшыныспен және рахаттанып жасайтын болсаңыз, ол өте сапалы орындалады. Соған орай, ол жұмыс сізге міндетті түрде мол табыс әкеледі.

Біздің табысқа жете аламуымыздың бір себебі, жоғарыда айтылған карма заңынан басқа, бір істі қолымызға алған кезде ойымызда «осы шаруаны атқару арқылы мынанша табыс табамын» деп алдын ала ойлауымызда. Осыған орай, біз сол жұмысты атқарғанда жұмыс жайында емес, содан келетін табыс туралы ғана ойлаймыз. Ойымыз жұмысқа емес, оның нәтижесіне шоғырланады.

Сондықтан, біз ол жұмысты сапасыз орындаймыз және жұмыстан еш қанағат таппаймыз. Біз үшін бұл жұмыс табыс табуға мүмкіндік беретін әрекет қана. Осыған орай, сапасыз атқарылған жұмыстың нәтижесі де біз күткеннен төмен болады. Бұл өз кезегінде бізді ренжітіп, көңілімізді қалдырады. Көп ұзамай нәтижеге жеткізбеген бұл жұмысты біз оп-оңай тастап кетеміз.

Ал егер жанымыз сүйетін іспен айналыссақ, кездескен қиындықтарға қарамастан, біз оны ешқашан тастамаймыз. Мейлі табыс әкелмесін, бірақ сол жұмысты көңіліміз қанағат табатындықтан, құлшыныспен жасаймыз. Ал бұл жағдайда түптің түбінде біздің нәтижеге жетеріміз анық.

Түйін: Егер сіз ойыңызға алған мақсатыңызға жеткіңіз келсе, ең алдымен ол мақсат сізге не береді, қандай игілік әкеледі, соны нақты айқындап алыңыз. Содан кейін мақсатқа жеткізетін тәсіл ретінде көңіліңіз қалайтын істі таңдаңыз. Ол жұмыстан жаныңыз рахат табатын болуы шарт. Нәтиже деген бірден келмейді. Ол бәлкім бір, екі немесе бес жылдан кейін келер. Ең бастысы, нәтижеге жетуден емес, жұмысты атқарудан рахат алуға талпыныңыз.

Алекс Яновскиидің айтынша, беру мен алу – бұл инь және янь деген қараңғы-жарық бастаулы қуат. Мақсатқа жете алмаудың сыры – адамдар тек алғысы келеді. Яғни, тек нәтижені ғана ойлайды. Ал табиғат заңы бойынша инь-янь алма-кезек келіп отырады. Яғни, сіз алу үшін беруіңіз қажет. Алудан, яғни нәтижеге жетуден ғана емес, беруден – жұмыс жасаудан да рахат алыңыз.

Дәл осы шартты ұстану арқылы нақты нәтижеге жетіп жатқандар аз емес. Мен өткен жылы Яновскийдің курсында оқыдым. Сонда дәл осы шартты пайдаланып, нақты нәтижеге жеткен көп адамдардың пікірлерін тыңдадым. Яғни, бұл жұмыс жасайтын шарт. 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика